"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР

08.08.2014
ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала жолдарын қалыпқа келтіру жыл сайын қарқын алып, семейліктердің тақтайдай тегіс жолмен жүруіне жағдай жасалуда. Бұл тұрғыда, әсіресе, жергілікті билік өкілдеріне темір тұлпар тізгіндегендердің айтар алғысы шексіз. Семейде қаланың шет аймақтарымен байланыстыратын жолдардың жылдар бойы жөндеу көрмегені көпшілікке мәлім. Міне, соңғы жылдары қаланың шет аймақтарындағы елеусіз жолдар ескеріліп,  жөнге келе бастады. Біраз жылдан бері қараусыз қалған осындай көшелердің қатарында Морозов және Дальняя көшелері де бар. Қала әкімі     Айбек Кәрімов өткен сенбі күні аталған екі көшеде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Морозов көшесіндегі орташа жөндеу жұмысын жасап жатқан мердігер «Гордорстрой» мекемесі. Бүгінгі таңда бұл жердегі жоспарланған шаруалардың басым бөлігі атқарылған. Асфальт — бетон жабынын ауыстыру жұмыстары аяқталып қалған. Сондай-ақ, айдың соңына дейін жаяу жүргіншілер жолын жасап, жиектастар мен аялдама павильондарын және алаңқайларын орнату жоспарланып отырған көрінеді. Жалпы, көшенің 3 шақырымдай жолы     тегістеліп, асфальтталады.  

— Морозов көшесіндегі жолдың транзиттік маңызы артып келеді. Бұл жол арқылы Ресейге шығатын көліктер қатынайды. Сондықтан, бұл жерде жөндеу жұмыстарын жүргізу үлкен мәнге ие деп ойлаймын. Көшедегі көлік қатынасының қарқыны жоғары, — дейді    Морозов көшесіндегі жолды жөндеудің маңызы жайлы «Гордорстрой» мекемесінің       басшысы Бауыржан Қайрамбаев.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, «Гордорстрой» мекемесі Дальняя көшесінде күрделі жөндеу жұмыс-тарын жүргізіп жатыр. Жоспарға сәйкес асфальт қабаты толық ауыстырылып, жауын — шашынға қарсы арнайы кәріз жүйесі салынбақ. Яғни, жолдың беті тегістеліп қана қоймай, көлік қатынасына қиындық туғызатын жаңбыр суының жиналып, көлшікке айналуы сияқты мәселе шешімін табады деген сөз. Бұл мақсатта, сондай-ақ, 220 метрдей жерде батпақты топырақ қазылып алынып, орнына құм мен қиыршық тас қоспасы салынған. Қазіргі таңда Дальняя көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының 20 пайыздайы атқарылған, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

 

Қала әкімі Айбек Кәрімов қос көшедегі жөндеу жұмыстарымен танысып, бұл    бағыттағы шаруалардың сапасына байланысты бірқатар жайттарға тоқталып өтті. Дәлірек айтқанда, бір рет жөнделген жерге келесі жылы қайта айналып келмейтіндей етіп жасау керектігін ескертті. Бұл орайда, мердігер компания өкілдері Морозов көшесі бойынша жолдың сапасына 3 жылға дейін кепілдік берсе, Дальняя көшесіндегі жолдың 5 жылға дейін жақсы қалыпта сақталатынын айтты. Ол үшін төселетін асфальтті тексеруден өткізетін арнайы зертхана мен мамандар құрамы жұмыс істеп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, Айбек Мүталапханұлы абаттандыру мен жарықтандыру мәселелеріне назар аударып, шаһар келбетін бұзатын дүңгіршектерді алып тастау қажеттігін тілге тиек етті.

Шаһар басшысы алдағы уақытта да жолдарды жөндеу бойынша бірқатар шаруалардың жоспарланып отырғанын айтты. Жалпы алғанда қала әкімі жұмыстың қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, барлық шаруалардың уақытында атқарылуы тиіс екендігін атап өтті.

 

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

6 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС