"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ASAR JOLY» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ СЕМЕЙДЕ

01.11.2022
«ASAR JOLY» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ СЕМЕЙДЕ
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаламызда «Asar Joly» атты қайырымдылық марафонына байланысты баспасөз-конференциясы өтті. Жиынға еріктілер, блогерлер, БАҚ және қоғам өкілдері қатысты. «Asar Ume» қор негізінде бастау алған бұл марафон ұйымдастырушылары еліміздің 20 өңірін аралауды мақсат еткен. Қайырымдылық тур бастамашылары мұқтаж жандарға баспана беріп, қиыншылықта жүрген отбасыларға қол ұшын созып қана қоймай, жұмыспен, біліммен, сондай-ақ кәсіппен айналысуға да жәрдемдесуде.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

«Asar Ume» – тұрмыстық жағдайы төмен және қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға тұрғын үй алуға, жастарды жұмысқа орналастырып, оқуға, бизнеспен айналысуға көмектесетін қоғамдық қор. Жоба негізінде көп балалы отбасыларға, оның ішінде дамуында ерекшелігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріледі. Бүгінде қор еріктілер, кәсіпкерлер, жұмысшылар мен белсенді азаматтарды жақсылық жасаудың айналасында біріктіруде. Қор құрылған 3 жыл ішінде Қазақстан бойынша үш миллионнан астам адамды біріктіріп, еліміздегі аз қамтылған 500-ге жуық отбасының, оның ішінде 2600 балалардың баспаналы болуына ат салысқан. Жиында қайырымдылық марафонының бүгінгі күнге дейін атқарған игі істері жайлы «Asar Ume» қорының сыртқы байланыс және коммуникациялар бойынша менеджері Серік Қамбарбаев бөлісті.

— Асар – ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміз. Осы жобамыз арқылы біз еліміздің түкпір-түкпіріндегі жаңашырларды біріктіреміз. Қор негізінде бастау алған «Asar Joly» қайырымдылық марафоны республикалық деңгейде осы жылдың шілде айынан бастау алды. Сол уақыттан бері еліміздің әр қаласын аралап шығу жоспарда бар, Семей марафон аясындағы он бірінші қала болып отыр. Біздің қатарда мыңдаған ерікті адамдар бар, біз оларды «батырлар» деп атаймыз. Олардың арасында қарапайым адам да, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер де бар. Осы уақыт аралығында халықпен бірге үлкен жетістіктерге жеттік. Жоба аясында 30-ға жуық көп балалы отбасыларды үймен қамтамасыз етсек, 30-35 көп балалы отбасы балаларын оқуға, сондай-ақ кәсіппен айналасуға мүмкіндік жасадық. Біз көмек көрсеткен әр адам өз аяғына нық тұрғанын қалаймыз, сондықтан тек баспанамен қамтамасыз етпей, ары қарай да дамуына септігімізді тигіземіз, — дейді Серік Қанатұлы.

«Asar Joly» марафон аясындағы форум қаламызда 3 қараша өткізіледі. Оның барысында ұйымдастырушылар әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен балаларға басқа қалалардан арнайы әкелген сыйлықтар табыстамақ.

— Бұл форумның мақсаты – ашық жүректі, ниеті таза, жақсылық жасағысы келетін барлық жандардың басын біріктіру. Қуанышымызға орай, бұл қайырымдылық марафонның арқасында біздің қорымыз жаңа еріктілермен толығып, еліміздегі үлкен қозғалысқа айналуда, — дейді қайырымдылық қорының бөлім директоры Бауыржан Амангелдіұлы.

Қайырымдылық қор ұйымдастырушылары «Asar Joly» қайырымдылық марафоны өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға, нығайтуға, ел халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған жастардың қоғамдық пайдалы бастамаларын қолдау мақсатында өтіп жатқандығын алға тартады.

Мақалада: «ASAR JOLY» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ СЕМЕЙДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

26 минут бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

45 минут бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

23 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

23 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

24 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

24 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС