"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жезқазған мен Семейден 500 бала робототехника негіздерін үйренеді

03.11.2022
Жезқазған мен Семейден 500 бала робототехника негіздерін үйренеді
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жезқазған мен Семей қаласында 500 бала робототехника және бағдарламалау негіздерін оқып үйренеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қазақстандық жетекші «Роботек» робототехника мектебімен бірлесіп Ozyq Urpaq атты жаңа жобаны іске қосады. Бұл — мектеп оқушыларын робот жасауға, бағдарламалауға қызығушылығын арттыратын, дарынды балаларды анықтайтын, озық білім беріп, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарлама.

Жоба Жезқазған мен Семей қаласынан басталды. №21, 49 орта мектептерде мұғалімдер мен жергілікті білім бөлімдерінің қызметкерлері үшін бағдарламаның тұсаукесері болды.

Шара барысында ұйымдастырушылар Ozyq Urpaq бағдарламасының бағыты туралы айтты.

«Біздің мектеп 2014 жылы ашылған. Жыл сайын 700 оқушыны оқытады. Осы уақыт ішінде еліміздің жетекші мектебінің біріне айналды, робототехника бойынша түрлі турнирлердің 54 жүлдегері мен қатысушысын дайындап шығарды. Бірнеше рет робототехника бойынша республикалық жарыстың жүлдегері атандық, World Robot Olympiad, FLL Challenge үш әлемдік финалына қатыстық. Ozyq Urpaq жобасын іске асыру арқылы оқытушылардың біліктілігін арттыру, балаларға жаңа білім беру, оқушылардың IT салаға деген қызығушылығын ояту сынды бірнеше міндетке қол жеткізуге тырысамыз», — дейді Жезқазған қаласы №21 орта мектептегі тұсаукесер кезінде «Роботек» мектебінің оқытушысы Сұлтанбек Қазиев.

Оның айтуынша, «Роботек» мектебінің тәжірибелі қызметкерлері мектеп мұғалімдерін оқытады, содан кейін педагогтар 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың сәуіріне дейін оқушыларға факультативтік сабақтар өткізеді. Бұл үшін педагогтар Нұрсұлтан Назарбаев қорынан жалақы алады.

«Біз бұл жобаны қолдадық, өйткені ол мұғалімдер мен балаларға әртүрлі білім алуға мүмкіндік береді. Технология тез дамып келеді, жаңа білімді уақытында игеру маңызды», — дейді Жезқазған қаласындағы №21 орта мектептің директоры Шынар Тасмұрзаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ozyq Urpaq жобасының ауқымы кеңейіп, Қазақстанның өзге де елді мекендерін қамтиды.

Мақалада: Жезқазған мен Семейден 500 бала робототехника негіздерін үйренеді

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

11 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

19 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

19 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

19 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС