"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Денеге тату салуға бола ма – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы татуировканың рұқсат етілген нұсқаларын атады

05.11.2022
Денеге тату салуға бола ма – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы татуировканың рұқсат етілген нұсқаларын атады
197
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) денеге сурет салудың рұқсат етілген нұсқаларын тізіп, татуировкаға тыйым салғанын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша мына жағдайларда ғана денеге жазу немесе сурет салуға рұқсат етіледі. Олар:
1. Бедер немесе суреттің денеге сіңіп тұрақты қалмауы, уақыт өте өшірілуі тиіс;
2. Жазба судың теріге тиюіне кедергі болмауы шарт;
3. Ар-ұятсыз жазулар мен суреттер болмауы керек;
4. Суретте теріс ұрандар, жалған идеологияның немесе адасқан ағымның белгілері жазылмауы тиіс;
5. Сызбада тірі жанның суреті болмауы керек;
6. Денеге Алла Тағаланың есімдері немесе Құран аяттары жазылмауы тиіс;
7. Жазбаның әурет (ұят) жерлерге қолданылмауы шарт (Фәтауа шарғия, шейх Ахмад Шариф ан-Нәсәған)», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Сонымен қатар мүфтият Ежелгі Греция мен Римде құлдар мен қылмыскерлердің денедегі белгілі бір белгілер – татуировкасы арқылы танылатынын атап өтті.

«Ежелгі Грекия мен Римде құлдарды, қылмыскерлерді белгілі татумен анықтаған. Азия, Африка және Америкада жабайы күй кешкен халықтар және тайпалар мүшелерінің денесіне түрлі ою-суреттер салатын болған. Қазіргі кезде жастар арасында денесіне инемен тесіп жазу немесе сурет (тату) салу сәні кең етек алып келеді. Ислам дінінде денесіне тату салуға тыйым салынады. Себебі Абдолла ибн Омардан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне және өзгеге шаш жалғаған, өзінің және өзгенің денесіне тату салған адамдарды лағынеттеді», – делінген (Бұхари, Мүслим)», –  деп қосты діни басқарма.

Сонымен бірге жауапты мекеме ғылыми зерттеулердің нәтижелері бүгінгі күні татуировканың зиянды екенін дәлелдеген баса айтқан.

«Сонымен қатар бүгінде татудың бұлтартпас аса зиян екенін ғылыми зерттеулер нәтижесі айқындап отыр. Мысалы, тәнге сурет салу құралы болып саналатын иненің таза болмауы және сурет салу студияларының жалпы санитарлық талаптарға сай еместігі түрлі жұқпалы аурулар туғызады.

Екіншіден, бояулардың құрамына қорғасын, мышьяк және басқа да улы заттар кіреді. Олар адамды өте қауіпті түрлі обыр ауруларына душар етеді. Зиянды бояулар, тіпті адамның ген жүйесін бірте-бірте зақымдауы мүмкін. Адамдар татудың салдарынан тері обыры, экзема және аллергия ауруларына жиі шалдығады екен.

Демек денеге тату салу ұлтымыздың болмыс-бітіміне, түсінік-ұстанымына, дүниетанымына қайшы келумен қатар, әркімнің денсаулығына да қауіпті екенін жіті түсінуіміз қажет. Шариғатымызда әрбір саналы азамат өз басын және денсаулығын сақтауға аса жауапкершілікпен қарауға міндетті», – деп түйіндеді ҚМДБ.

Мақалада: Денеге тату салуға бола ма – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы татуировканың рұқсат етілген нұсқаларын атады

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

18 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

18 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

18 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

19 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

20 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС