"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Әкемнің шоқынып кеткеніне мен кінәлі емеспін»: Ілияс Есенберлиннің немересімен сұқбат

Ол әкесімен байланысы, ұлы жазушының ұрпақтары жайында айтты

08.11.2022
«Әкемнің шоқынып кеткеніне мен кінәлі емеспін»: Ілияс Есенберлиннің немересімен сұқбат

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy 

37.5k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz ақпараттық порталы Azattyq Rýhy — ның Ілияс Есенберлиннің немересімен сұқбатын ұсынады.

Ілияс Есенберлин – қазақ дала тарихының ұлы суреткері. Жазушы қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи оқиғалар арқылы сол заманғы тұрмыс-тіршілікті көркем суреттеумен кейінгі ұрпаққа тұтас бір тарихи кезеңді жеткізді. Ұлт рухын көтерді. Оның «Көшпенділер» трилогиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылған.

Azattyq Rýhy былтыр жазушының ұлы Қозыкөрпеш Есенберлинмен сұқбаттасқан болатын. Оның әкесіне деген құрметі, шығармашылық өмірі туралы ойлары айтылды. Жазушының баласы тұрмысы, діни көзқарасы туралы да ашық мәлімдеген. Ол – «Иегова куәгерлері» деп аталатын әлемде 8,6 миллион мүшесі бар діни ағымның табынушысы.

«Көшпенділер» трилогиясының авторы Ілияс Есенберлиннен тараған үш қыз, бір ұл бар. Ілиястың жалғыз ұлы Қозыкөрпеш Есенберлинді өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары халық табысты кәсіпкер, қазіргі қазақ бизнесмендері Нұрлан Смағұлов, Болат Әбілов, Райымбек Баталов және Нұржан Субханбердиндермен қатар қоятын. «Алем систем» компаниясының, «Әлем Банк» сынды ірі қаржы инситутының иесі ретінде таныды.

Ал, сол Қозыкөрпештің үлкен ұлы, даңқты қаламгердің немересі Мағжан Есенберлин туралы не білеміз? Жасы қырыққа таяған азамат құрылыс саласында жеке кәсіпкер. Нұр-Сұлтанда тұрады. Ол бес уақыт намазын қаза қылмайды. Екі жасынан Шымкентте өскенін, туған әкесімен қарым-қатынасы туралы әңгімелеп берді.

«ФРАНЦУЗДАР ЕСЕНБЕРЛИННІҢ НЕМЕРЕСІ ДЕП ТАНЫҒАНДА КӨЗІМЕ ЖАС КЕЛДІ»

Мағжан, осындай ұлы жазушының ұрпағы болу қандай жауапкершілік жүктейді? Осы адамның атын алып жүру қиын емес пе?

Ілияс Есенберлин тек Қазақстан емес әлемге әйгілі есім. Кез келген жерде менің тегімді естіп қалса, ой мынау Есенберлиннің немересі екен деп айналып-толғанып жатады. Текті адамның ұрпағысың деп қарайды. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік. Айналаңа текті екеніңді көрсетуің керек.

Мен нағашы атамның қолында өстім, кішкентайымнан мұсыламандық тәрбие алдым. Ол кісі үнемі «сен үлкен адамның немересісің» деп құлағыма құйып келді. Мақтаныш сезімі болатын.

Оқу бітірген соң Араб әмірлігіне қосымша тіл үйренуге бардым. Сонда жүргенде бір француз ғалым менің фамилиямды тізімнен көріп қалыпты. Содан мені тауып алып, маған «Номад» деген шығарманы жазған жазушыға қатысың жоқ па деп сұрады. Мен немересімін деп едім, сонда құшақтап, суретке түсіп, қуанды. Ол шығарманың қатты ұнағанын айтқан. Сол кезде қатты толқып, көзіме жас келді.

Атамыздың ұрпағынан қазір кімдер ба? Ұлдан, қыздан қанша немере тараған? Олармен араласып тұрасыздар ма?

Ілияс Есенбарлиннің үш қызы, бір ұлы бар. Үлкені – Раушан апамыз. Ол Алматыда тұрады, оның 4 баласы бар. Оның екі ұлы Америкада тұрады. Біреуі Алматыда, біреуі осы Нұр-Сұлтан қаласында. Екіншісі – Қарлығаш тәтеміз. Ол 1995 жылы Белгияға көшіп кеткен. Содан бері шетелде, оның екі қызы бар, екеуі де сол елдің азаматтарына күйеуге тиген. Кіші қыз – Дилфруза. Оның екі баласы болған, біреуі қайтыс болып кетті. Ал қызы – Әсел Алматыда тұрады, отбасы бар. Ал Есенберлиннің жалғыз ұлы – Қозыкөрпеш. Ол менің әкем. Мен оның тұңғыш баласымын, менен соң қарындасым Дәмелі мен інім Мәди бар. Олардың екеуі де үйленіп, тұрмыс құрған.

Негізінен көбіне Әселмен араласамын, өзімнің қарындасым мен ініммен араласамын. Ал шетелдегілермен көп араласпаймыз. Мерекелерде құттықтап тұрамыз, болды. Ал Раушан тәтеміздің балары үлкен кісілер, оларды көріп тұрамын.

«МЕН ҚАЗАҚША ОЙЛАП, СОСЫН ОРЫСШАҒА АУДАРЫП СӨЙЛЕЙТІН АДАММЫН»

Ал өзіңіздің қанша балаңыз бар? Айтпақшы олар қай тілде білім алып жатыр?

Өзімнің екі ұлым бар. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрамыз. Олардың есімі – Мансұр және Әлімжан. Екеуін де қазақ мектебінде оқытып жатырмын. Қаладағы №35 мектепте білім алады. Өзім мектепті де, университетті де қазақ тобында оқып бітірдім. Сондықтан ойым қазақша жетілді, осы тілде ойлаймын да, сосын орысшаға аударып сөйлейтін адаммын.

Өзіңіз Ілияс Есенберлиннің қанша кітабын оқыдыңыз? Қай шығармасын қайта-қайта оқи бергіңіз келеді?

Маған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы ұнайды, соның ішінде Кенесары туралы «Қаһарды» қайта-қайта оқыдым. Шығармаларының бәрін оқыдым. Тек «Мұхиттан өткен қайық» деген туындысын оқығанда түсіну ауыр болды. Бірінші курста оқыған едім, содан кейін қайта оқуға қолым тимей жүр. Ал «Ғашықтар» романын бірнеше қайтара оқыдым. Осы шағармасы маған ерекше әсер етті.

Сізді жазушы атаңыздың 100 жылдық мерейтойына байланысты шаралардың басы-қасынан көрдік. Қателеспесем, бес жыл бұрын. Жалпы тұлғаның мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өтуі көңіліңізден шықты ма?

Атамыздың 2015 жылы 100 жылдық мерейтойы атап өтілді. Көңілден шықты. Атбасар қаласында негізгі шаралар өтті, ескерткіш ашылды. Сол жерге атаммен бірге істеген академик, жазушылар келді, естеліктер айтты. Шығармашылық музейді қайта жаңғыртты. Нұр-Сұлтан мен Алматыда, «Бір кітап – бір тұлға» деген іс-шара өтті. «Көшпенділер» әлі де ең көп оқылатын туындылардың көшін бастап тұр екен. Қазіргі жастар да көп оқиды, енді оның электрондық нұсқасын шығарамыз деген еді. Содан соң хабар болмады.

Есенберлин шығармалары ең көп басылатын жазушы, қайтадан баспадан шығатындары да көп. Солардан ұрпағы ретінде қаламақы аласыз ба?

Мен Ілияс Есенберлиннің шығармаларынан гонорар алып көрген емеспін. Иә, жиі басылатын шығармалар. Бірақ білуімше одан түсетін қаржыны әкем Қозыкөрпеш Есенберлин алады.

«ӘКЕ-ШЕШЕМ ЕКІ ЖАСЫМДА АЖЫРАСЫП КЕТКЕН»

Атаңыз өмірден өткенде қанша жаста едіңіз? Есіңізде бер ма ол кісі, ес білуші ме едіңіз?

Мен 1982 жылы 3 ақпанда дүниеге келгенмін, ал атам 1983 жылы 6 қыркүйекте өмірден өтіпті. Мен ол кезде 1,5 жастар сәби екенмін. Анам, аталарым айтатын, нағашы атам мен Ілияс атам жақсы араласыпты. Бір-бірін жақсы көретінін кейін естеліктерден білдім. Білуімше, мені қолына алып, ұлдан немерем деп қатты қуанған екен. Ілияс атам есімімді өзі қойыпты. «Мағжан» деп Мағжан Жұмабаевқа ұқсасын деп қойған. Бірақ оның тағдырын емес, ақылын берсін деп құрметін ерекше білдірген екен.

«Әкемнің шоқынып кеткеніне мен кінәлі емеспін»: Ілияс Есенберлиннің немересімен сұқбат

Өзіңіз қандай кәсіппен айналысасыз?

Мен өзім құрылыс саласында жұмыс істеймін. Қиыршық тас, цемент шығаратын зауыттың өнімдерін сататын фирмам бар. Саудамен айналысамын. Сосын қойма, ангарларды жалға беріп, содан ақша табамын. Өзімнің кәсібім сол, директорымын.

«Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» дейді. Әкеңіз тоқсанынышы жылдары ірі кәсіпкер болды. Кімдермен араласушы еді. Үйден кімдерді жиі көруші едіңіз?

Өкінішке қарай, менің әке-шешем 2 жасымда ажырасып кеткен. Олар 1984 жылы екі жаққа кетіпті. Мен сол кезден бастап нағашы ата-әжемнің қолында өстім. Әкем «Әлемсистем» деген компания құрыпты, сосын ірі кәсіпкер болыпты дегенді кейін білдім. Мектепте оқып жүргенде қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге оқыған дегенді сыртынан естігенім бар. Сосын дүркіреп тұрған «Бутя» (Болат Әбілов – ред.) әкемнің досы екен дегенді де еститінмін. Мен Шымкент қаласында мектепте оқып, бітірдім. Нағашыларым Нұр-Сұлтандағы «Еуразия» ұлттық университетіне оқуға, экономика саласында білім алуыма жөн сілтеді. Одан кейін БАӘ-де ағылшын тілін бір жарым жыл оқып келдім. Ал, анам Қозыкөрпештің бірінші әйелі, қазір Шымкентте тұрады.

«ӘКЕМНІҢ ӨЗГЕ ДІНДЕ ЕКЕНІН БЕТІМЕ БАСҚАНДАР БОЛДЫ»

Былтыр мен Қозыкөрпеш ағадан сұқбат алған болатынмын. Ол кісі өте жақсы, мінезі жайдарлы. Ашулануды білмейтін адам екен. Сондықтан болар, «әкем мұсылман, менің жаратушым Иса Мәсіх» деп қымсынбай айтты. Сіздің осыған көзқарасыңыз қалай? Әкеңіз өзге дінде жүр дегенді қайдан естідіңіз?

Әкемді мен алғаш 20 жасымда көрдім, сол кезде алғаш кездестік. Оған дейін айттым ғой, Шымкентте болдым, сол жақта тәрбие алдым. Сол анамның айтуымен сол кезде ғана жақын таныстым. Одан бұрын шешем айтқан, ол басқа дінде деген еді. Ол отбасымен бәрі басқа дінде жүр деген-ді. Түсіністікпен қарауға тырыстым. Себебі ол өзінің таңдауы. Бала әкені тәрбиелемейді ғой. Әдетте керісінше. Құдай бір, бірақ оның діні басқа екені рас.

Сіз мұслымансыз ба?

Әлхамдуллилах мұслыманмын. Алла Тағалаға сыйынамын, пайғамбарым – Мұхаммед с.ғ.с. Өзім бес уақыт намаз оқимын, оразамды да ұстаймын. Әрине, әкемнің осындай жолда жүргенін бетіме салық қылып айтатындар бар. Бір шарада үлкен бір жазушылар «Әкең неге ана жақта жүр» дегенде, өз таңдауы ғой деп жауап беруден басқа аузыма сөз түскен жоқ. Бір жағынан біреулер сынап айтады, біреулер келеке етіп айтады, ал біреулер ұрысып айтады.

Әкеңіздің өзімен осы тақырыпта ашық сөйлесіп көрдіңіз бе?

Мен ол кісімен бұл тақырыпқа ашық сөйлескен кезім де болған. Өз ойымды айттым. Сөйтсем Таурат, Інжіл деген кітаптарын көрсетеді. Өз идеясынан бәрібір танбайтын сияқты. Отырып әңгімелескенбіз. Мен оған ислам дінінің жақсы жақтары туралы айттым. Ол 1995 жылдары осы жолға түсті ғой, ол заманда дінді ажырата алмай жатты ел-жұрт, соның әсерінен осы жолға түсіп кеткен шығар деп ойлаймын.

Отбасыңызбен, балалармен түскен фотосуреттерді әлеуметтік желіге көп саласыз. Отбасы құндылығы дегенді қалай түсінесіз?

Менің екі ұлым болған соң, әрқашан бәрі әкенің тәрбиесіне байланысты екені белгілі ғой. Әке деген асқар тау. Өз басымнан өтті. Өз әкем болмаса да, атамды әкедей көрдім. Нағашы атам маған әке орнына тәрбие берді, имандылыққа, мұсылмандыққа үйретті. Оны әкедей көрдім. Бұзықтық жасасам, бір бөлмеге шақырып алып, ұрыспастан, уақытын бөліп оның дұрыс емес екенін айтатын. Тура солай атам сияқты тәсілді балаларыма істеймін. Мен үшін отбасылық құндылық маңызды, жанұяма көп көңіл бөлемін. Біреулердің қателігін қайталағым келмейді. Бала-шағымның, жұбайымның қасында болсам деймін.

Кеше Алматыда «феминистер шеруі» өтті. Оның арасынан ЛГБТ-ның идеясын насихаттаушыларды көрдік. Олар туралы сіздің ойыңыз қандай?

Мен осы бастамаға қарсымын. Біржыныстық некені заңдастыру деген не сұмдық? Ондайды өз басым жек көремін, ЛГБТ деп жүргендердікі барып тұрған азғындық, соның осы қазаққа ашықтан-ашық келіп, көшеде насихатталып жатқанына жүрегім ауырады. Кезінде мені медресеге оқытқан, сонда біржынысты адамдар туралы, оның өте қауіпті құбылыс екені туралы бір сабақтар өткені есіме түсіп отыр. Бұл ислам дініне жат, ендеше мен оған қарсымын. Одан да індеттен өтіп, аман болайықшы.

Сұқбаттасқан Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

8 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

8 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

8 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

1 день бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

1 день бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС