"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХОСПИС ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЖЕТТІЛІК

29.08.2014
ХОСПИС ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЖЕТТІЛІК
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дүйсенбі күні шаһар басшысы Айбек Кәрімов Облыстық аурухананың аумағында салынып жатқан хоспис ғимаратының құрылысымен танысты. Сонымен қатар, Айбек Мүталапханұлы биылғы жылы ағымдағы және күрделі жөндеуден өтіп жатқан көшелердің де жай –күйін, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жалпы, қала көшелерін қалыпқа келтіру шаһар басшысының үнемі назарында десек те болады.

Хоспис ғимаратын салу – уақыт талабы. Себебі,  бұған дейін қызмет еткен «Қызыл крест» ұйымына қарасты аурухананың тозығы жеткен. Ондағы арнайы күтімді қажет ететін науқастар үшін жасалған материалдық мүмкіндіктің заман талабына сай келмейді.

— Қаламыздағы «Қызыл крест» ұйымына қарасты аурухана 30 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Өкінішке орай, ол ауруханадағы жандар үшін ешқандай әлеуметтік- материалдық жағдай жасалмай отыр. Сондықтан, аурудан айығуларына үміт болмаса да, өмір сүруге талпынған  науқастар үшін оңтайлы жағдай жасалуы керек. Қаламызға ирландиялық «Чернобыльдан да маңызды іс» қайырымдылық қорының төрайымы  Фиона Коркоран іссапармен келгенде ойымызды ортаға салдық. Біздің бастамамызды қолдаған ирландиялықтар қаржылай қолдау танытты,- дейді қала әкімдігінің жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрайымы Жанна Жибраева.

Хоспис ғимаратын салу мәселесі қала әкімдігінің жанынан құрылған қоғамдық кеңесте бірнеше мәрте талқыланып, уақытында қолдау тапқан соң, ғимарат құрылысы  ирландиялық «Чернобыльдан да маңызды іс» қайырымдылық қорының көмегімен қолға алынған. 30 орынға арналған хоспис ғимараты 2011 жылы басталған. Мердігер мекеме  «Семей-Отдел Строй» ЖШС.  Бүгінгі таңда төрт кезеңнен тұратын жұмыстың үш кезеңі аяқталған. Қаржының тапшылығына байланысты кешіктірілген құрылыстың төртінші кезеңіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстан қаржылай демеу болып, қала әкімі Айбек Кәрімов әкімдік тарапынан қолдау танытып отыр. Ғимарат құрылысының қарқыны қала басшысының назарында. Мердігерлердің айтуынша, биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қолдануға берілмек.

 

{jcomments on}- Хоспис ғимараты Ирландияның қайырымдылық қорының көмегімен  салынып жатыр. Жобалық-сметалық құжат бойынша нысан құрылысы 45 млн. теңгеге жоспарланған.  Қазіргі таңда 30 млн. теңгенің қаржысына құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қаржы кезең-кезеңмен бөлініп отырғандықтан жұмыс созылып кетті. Құрылысты аяқтау үшін 15 млн. теңге қажет еді. Ирландиялық ұйымының төрайымы Фиона Коркоран облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуі кезінде бұл мәселе талқыланып, өңір басшысы қалған қажетті қаражатты облыстық бюджеттен бөлінуіне ықпал етті. Енді жұмыстың қарқынын арттырып, жылдың соңына дейін нысанды қолдануға береміз,- деді мердігер мекеменің өкілі Нұрлан Жүнісов.

 

Нысанды аралап, құрылыс қарқынын байқаған қала басшысы мердігер мекемеден шешілмеген қандай мәселе бар екендігін сұрады. Мердігерлердің айтуынша, айтарлықтай күрделі мәселе жоқ. Тек су мен кәріз мәселелерін жолға қою керек. Айбек Кәрімов нысанның болашақта халық игілігі үшін қызмет атқаратынын айта келе, әкімдік тарапынан коммуникация мәселелерін шешу жолында қолдау болатынын атап өтті.

Әлбетте, жаңа хоспис қолданылуға берілсе, халық игілігіне жасалған тағы бір игі шара болар еді. Жанна Жағыпарқызының айтуынша, жаңа ғимарат қолданылуға берілсе, «Қызыл крест» ұйымына қарасты аурухананы да жөндеуден өткізу ойда бар екен. Бірақ, бұл уақыттың еншісінде.

Қала басшысы келесі ретте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Мичурин, Дальняя, Шымкент көшелеріне барды.  Мичурин көшесінің күрделі жөндеу биыл басталған. Ол үшін қала бюджетінен 900 млн. теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланған. Көшенің жалпы ұзындығы 5 шақырым болса, оның екі шақырымын  кеңейтіп, төрт жолақты жол жасау жоспарда бар. Бұл бөлік қараша айының соңында дайын болмақ. Көшенің қалған бөлігі келер жылы қолға алынады.  Сонымен қатар, көшелерді жөндеумен қатар, оны жарықтандыру, маңын көгалдандыру, аялдамалары мен тұрақтарын реттеу де көзделіп отыр. Жөндеу жұмыстарын «Семей жолдары» ЖШС жүргізуде. Дальняя көшесінде аталмыш мердігер компанияның екі бригадасы мен 10 бірлік техникасы асфальт төсеу жұмыстарымен айналысуда.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС