"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«БАЙ-ҚУАТТЫ БОЛАЙЫҚ!»

11.11.2022
«БАЙ-ҚУАТТЫ БОЛАЙЫҚ!»
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

9 қараша, сәрсенбі күні Абай музейінде қазақ телевизиясында 47 жыл қызмет атқарған белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» көрмесінің ашылуы өтті. Аталған шараға Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Садырбаев, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарамасы басшысының орынбасары Н.Идрисова, ғалым, профессор, филология ғылымдарының докторы А.Еспенбетов, «Семей» телеарнасының басшысы Х.Советханұлы, Н.Иманғалиұлының жұбайы Қ.Советбекқызы, облыстың зиялы қауым өкілдері мен жас журналистер қатысты.

Бірнеше буын журналистерді тәрбиелеп, отандық тележурналистиканың дамуына зор үлес қосқан талант иесіне арналған көрмеге белгілі тележүргізушінің эфирде киген киімдері, жеке қолжазбалары мен жұмыс үстеліндегі бұйымдар, мерекелік және мемлекеттік наградалары, телефондары мен домбырасы сынды 200-ге тарта заттары қойылған. Телевизия тарланы көзі тірісінде «70-ке шықсам, ел аралап, «Бай-қуатты болайық!» деп көрме қоямын» деген екен. Әр хабарында айтатын «Бай-қуатты болайық!» деген бір ауыз сөзі алаш баласының жадында жатталып қалғаны анық. Сол себептен де журналистің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрменің басқалай аталуы мүмкін емес еді. Бұл туралы оның жүзеге аспай қалған арманын орындаған өмірлік жары Қарлығаш Табулдинова айтып өтті.

— Көшпелі көрме көктемде Астана қаласындағы Ұлттық музейде басталды. Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау сынды мегаполистерде болып, міне, Семей қаласына да келіп тұрмыз. Көрмені қасиетті қара шаңырақ Абай музейінде қою себебіміз Нұртілеу ағаларыңыз, өздеріңіз білетіндей, барлық хабарларында Абайды көп насихаттады, Абайға жүгінді, Абаймен тұжырымдады. Семейдің зиялы қауым өкілдерімен осы музей қабырғасында «Бай-қуатты болайық» хабарларын да жазған болатын. Сондай-ақ Нұртілеу бұл көрмені жоспарлаған кезде өзінің шығармашылық байланысы болған қалаларды қамтуға тырысты. Біз журналистің арманын орындап, еліміздің патша көңіл көрерменіне, барша қызығушылық танытушылар мен болашақ журналистерге қолданған заттары тәлім-тәрбие болсын деген мақсатпен көрме ұйымдастырудамыз, — дейді Қарлығаш Советбекқызы.

Жарты ғасырға жуық өмірін қазақ телевизиясының дамуына арнаған журналистің ақындық қасиетін біреу білсе, біреуге беймәлім. Халық ақынының баласы болса да, өз ақындығын насихаттамаған Нұртілеу Иманғалиұлының 100-ден артық өлеңі бар. Келешекте кітап болып шығуы да мүмкін қолжазбалар – көрменің ең құнды жәдігерлері.

«БАЙ-ҚУАТТЫ БОЛАЙЫҚ!»

Іс-шара барысында Нұртілеу Иманғалиұлының көзін көрген зиялы қауым мен шәкірттері ыстық лебіздерін білдіріп, музей директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева көрме ұйымдастыруға мұрындық болған жұбайына алғысын жеткізіп, сый-сияпаттар табыстады. Сондай-ақ Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Гүлмира Ноғайбаева әсем әнімен кештің сәнін келтірді.

Қазақстан Республикасының мәдениет саласына еңбек сіңген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының қоғамдағы рөлі мен сіңірген еңбегін жұртшылыққа насихаттап, журналистика қайраткері жайлы естеліктерді бөлісу, жас ұрпақ бойында патриоттық рух қалыптастыру мақсатын көздеген «Бай–қуатты болайық!» көрмесі қарашаның соңына дейін көрермен назарына ұсынылатын болады. Бұдан кейін қазақ журналистикасы мэтрінің мерейтойына арналған бұл көрме Нұртілеу Иманғалиұлының туған өлкесі Жетісу облысындағы Талдықорған қаласында тарихи-өлкетану музейіне қойылмақ.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

 

Мақалада: «БАЙ-ҚУАТТЫ БОЛАЙЫҚ!»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

12 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

12 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

16 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС