"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

“Ұялы телефонның ішіндегі барлық жазбаларды өшіріп тастаған”: 16 жастағы бойжеткеннің құпия өлімі туралы анасы айтты

11.10.2022
“Ұялы телефонның ішіндегі барлық жазбаларды өшіріп тастаған”: 16 жастағы бойжеткеннің құпия өлімі туралы анасы айтты
6.4k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы жұмбақ жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” тележобасына сілтеме жасап.

Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы 4 мамырда өз ауласында асылып тұрған күйінде табылды. 16 жастағы бойжеткеннің ата-анасы қызының өз-өзіне қол жұмсауына күмәнмен қарайды.

“Мен де, жолдасым да – кәсіби дәрігерміз. Жолдасымның тәжірбиесі көп. Жұмыс барысында өз-өзіне қол жұмсаған талай адамдарды көрдік. Өз-өзіне қол жұмсау кезінде денеде белгілі айғақтар болады. Аделяның бойында мүлдем ондай белгілер жоқ. Ағашқа жіпті байлап, асылу үшін аяғын тірейтін орындық тым құрығанда тіреуіш болуы керек. Мұндай да заттар табылмады”, – дейді марқұмның анасы Айнагүл Беисова.

Ауладан өлі денесін алғаш болып тапқан әке мен ана жедел жәрдем келгенше қыздарына алғашқы медициналық қызмет көрсеткен. Алайда аман алып қалу мүмкін болмапты.

“Бетінің оң жағында көптеген жарақат болды. Бас сүйегі сынған. Сүйрегеннен денесі сырылған”, — дейді анасы.

Ізінше оқиға орнына жедел жәрдем мен тергеу тобы жеткен. Құзырлы мекеме қызметкерлері ашық айғақтар мен марқұмның денесіндегі жарақаттарды көре тұра қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша өз-өзін өлімге жеткізді деген дерекпен іс қозғапты. Алайда бұған марқұмның жақындары көнгісі жоқ.

“Әу бастан тергеу істері дұрыс басталмаған. Заңдылықтар сақталмаған. Қылмыс орны қоршалмаған. Арнайы жуу, шаю жұмыстары болмады. Саусақ іздері де алынбады. Яғни, қылмыскерді із суытпай құрықтауға арналған жұмыстардың ешбірі атқарылмаған.

“Ұялы телефонның ішіндегі барлық жазбаларды өшіріп тастаған”: 16 жастағы бойжеткеннің құпия өлімі туралы анасы айтты
Cюжеттен кадр

Бір қызығы, ұялы телефонның ішіндегі барлық жазбаларды өшіріп тастаған” дейді қорғаушы. Орын алған қайғылы оқиғаға дейін Аделяның көңілі бірқалыпты болған. Анасы, марқұм және сіңілісі бір бөлмеге ұйықтауға бел буады. Түнгі 23:00 –лерде жұмыстан келген әкесімен Адель шәй ішіп, әңгіме-дүкен құрып та үлгерген. Ал, таңғы төрттердің шамасында ұйқыдан оянған анасы қызының жоқ екенін көреді. Бұған дейін қыздарының мұндай әдеттерін ата-анасы ешқашан байқамаған.

“Сен он алты жастасың. Енді қыздар сияқты опа-далап жағып жүр” деген сыныптастарының әңгімесін өз құлағыммен естідім дейді марқұмның нағашы әжесі.

Жаңа мектепке ауысқаннан соң бойжеткеннің бойынан біраз өзгерістер де байқалған.

“Олардың мектептерінде буллинг бар. Бірақ, бірнеше рет видеоларын көрсетіп, осы тақырыпта әңгіме айтқаны да есімде. Ал, қызыма тікелей қысым көрсетті деп естімедім. Бірақ, оның сынып жетекшісі осы оқиғадан кейін бірден Астанаға көшіп кетті. Бұл жай сәйкестік деп ойламаймын”, – деп Адельдің анасы Айнагүл өз күмәнін жасырмады.

Бағдарлама тілшілері сынып жетекшісіне хабарласқанда “Мен наурыз айында Астанаға көшетінімді директорға ескерткен едім. Себебі, Астана қаласынан пәтер алдым. Сондықтан, осы қалаға ауысып келдім” деп мән-жайды түсіндірді.

Тергеушілер іздемеген куәгерді марқұмның анасы өзі тауыпты. Куәгер күдікті деп айтқан қос азамат түрмеде бір емес, бірнеше рет отырып шыққан дейді. Ал, тергеушілер күдіктілерді іздеді ме, жоқ па белгісіз деп ана жүрегі қан жылайды.

Марқұмның отбасына сабырлық тілеген бағдарлама жүргізушісі Руслан Өтепбай істі соңына дейін жеткізіп, ақ-қарасын анықтап, толық ақпараттық қолдау көрсетуге уәде етті.

Мақалада: “Ұялы телефонның ішіндегі барлық жазбаларды өшіріп тастаған”: 16 жастағы бойжеткеннің құпия өлімі туралы анасы айтты

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС