"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

30 ЖЫЛ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮЗЕТІНДЕ

15.11.2022
30 ЖЫЛ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮЗЕТІНДЕ
30 ЖЫЛ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮЗЕТІНДЕ
30 ЖЫЛ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮЗЕТІНДЕ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қоғамның үдемелі дамуы, мемлекетті басқару жүйесінде болып жатқан өзгерістер мемлекеттік экономикалық және қаржылық саясатты жүргізу барысында бюджеттік қатынастар саласындағы жағымсыз көріністерге, ақша қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану кезіндегі, төлемдер мен қарыздар кезінде, сондай-ақ көптеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру барысындағы жайсыздықтарға ден қою қажеттілігін туындатты.

Осыған байланысты мемлекетті басқарудағы ықпал ету күші бар пәрменді құралдардың бірі — мақсатқа қол жеткізуді, қабылданатын шешімдердің бекітілген мемлекеттік бағдарламалардың құқықтық нормалары мен аспектілеріне сәйкестігін, бюджеттік қатынастар мен қаржы-кредит қатынастарына қатысушылардың мүдделеріне сәйкестігін айқындау мақсатында объектіні және субъектілерді қамтитын қаржылық бақылау қажет болды.

Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы №18656 шешімі негізінде Семей облысы бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқармасы (Семей облысы бойынша басқарма) құрылды. 1992 жылы 5 қарашада басқарма басшысы лауазымына Усин Иманкелді Жұмаханұлы (қазіргі уақытта — Ұса И.Ж.) тағайындалды.

Жаңа мемлекеттік органда 8 бөлім ашылып, 53 қызметкер еңбек етті. 4 тексеру бөлімінде (бюджеттік мекемелерді тексеру бөлімі, кәсіпорындар мен өнеркәсіп және құрылыс ұйымдарын тексеру бөлімі, кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы ұйымдарын тексеру бөлімі, кәсіпорындар мен қызмет көрсету ұйымдарын тексеру бөлімі) 34 маман және 4 көмекші бөлімде (ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімі, кадрлар бөлімі, бухгалтерия бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі), 16 маман қызмет етті, сондай-ақ басшы және оның екі орынбасары болды.

Кейіннен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 15 шілдедегі «Мемлекеттік билік және басқару органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің базасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті құрылды. Осыған байланысты Семей облысы бойынша басқарма Семей облысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқармасы болып өзгертілді.

Иманкелді Жұмаханұлы басшылық қызметін жалғастырды, қызметкерлер саны мен мемлекеттік органның құрылымы өзгеріссіз қалды.

Кейін, ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің 1995 жылғы 27 қазандағы № 203-к бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті таратылып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанынан мемлекеттік қаржы-валюталық бақылау комитеті құрылды. Ал басқарманың атауы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржы-валюталық бақылау комитетінің Семей облысы бойынша басқармасы болып өзгертілді.

Қаржы-валюталық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі барлық деңгейдегі бюджеттердің атқарылуын, мемлекеттік меншік пен қаржы ресурстарының нысаналы және тиімді пайдаланылуын, мемлекеттің кепілдігімен тартылған мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды, мемлекеттік және бюджеттен тыс қорлардың қаражатын бақылау қызмтетін жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 03 сәуірдегі №3842 «ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру жөніндегі одан әрі шаралар туралы» Жарлығы шыққаннан кейін, Семей облысы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізілді. Осыған байланысты Мемлекеттік қаржы-валюталық бақылау комитетінің Семей облысы бойынша басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржы-валюталық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы қарамағына берілді.  Біріктірілген басқарманы Усин Иманкелді Жұмаханұлы басқарды.

Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы бойынша басқармасының құрамында 1997 жылғы 15 қазандағы №1 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің бөлімшесі құрылды. Бұл басқарманың құрамында әр ауданда тексерулер жүргізу арқылы қаржылық бақылауды жүзеге асыратын бөлімшелер болды.

Ал келер жылы, ҚР Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік басқару органдарын оңтайландыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы» Жарлығымен, қызметі мен өкілеттілігі ҚР Қаржы Қазынашылық департаментіне беріле отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті таратылды.

Жалпы алғанда, Семей өңірінде, дәлірек айтсақ Семей қаласында, 2016 жылға дейін, құрылымдық өзгерістер бола отырып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау және Мемлекеттік сатып алу басқармасының 8-10 маман қызмет ететін бөлімшесі жұмыс істеді. Бөлім жұмысына Н.О.Тілеубеков, Н.А.Имашев басшылық жасап, сауатты ұйымдастырып отырды. 2016 жылдың басында Семей қаласы бойынша бөлімше Өскемен қаласына көшірілді.

Тұтастай алғанда, әр түрлі өзгерістерді бастан кешіре отырып, қаржылық бақылау органының қызметкерлері бұл саладағы қызметтің қалыптасуына елеулі үлес қосты. Қызмет барысында бірқатар ірі қаржылық бұзушылықтар анықталып, жолы кесілді. Бюджеттен бөлінген қаражаттың едәуір сомасын өтеу және қалпына келтіру қамтамасыз етілді. Жиналған материалдар негізінде бірнеше рет қылмыстық істер де қозғалды. Бұл ретте Т.Ф.Ахметбаев, А.Ж.Жұматов, О.Т.Хасенова, А.А.Кузнецова, Н.О.Тілеубеков, Н.А.Имашев, А.Т.Акишева, А.К.Қонысбек, К.Н.Акимеев, И.П.Резник (Рогачева), Г.Ш.Иманғалиева  сияқты тәжірибелі қызметкерлердің еңбегі өлшеусіз.

Биыл 4 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысы құрылып, оның орталығы Семей қаласы болып бекітілді.

2022 жылғы 19 шілдеде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Басшысы болып Б.Т.Әшенов тағайындалды. Жаңа мемлекеттік органның құрылуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және ішкі аудит жүйесінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осы мереке қарсаңында Департамент қызметкерлері бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.  Атап айтқанда, қаржылық бақылау жүйесі ардагерлерінің қатысуымен Семей қаласына кіреберістегі арнайы бөлінген орында ағаш отырғызылды, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен футболдан жолдастық кездесу өтті. Салтанатты жиын өтіп, қала өнерпаздарының қатысуымен  концерт ұйымдастырылды, қаржы қызметінің ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Абай облысы бойынша ішкі

мемлекеттік аудит департаменті

Мақалада: 30 ЖЫЛ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮЗЕТІНДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

3 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 неделя бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 неделя бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС