"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ФОРУМЫ: БІЛІКТІ КАДР – ЕЛ ТІРЕГІ

18.11.2022
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ФОРУМЫ: БІЛІКТІ КАДР – ЕЛ ТІРЕГІ
78
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

15 қарашада еліміз бойынша 700-ден астам колледж алғаш рет Жұмыс берушілер күнін атап өтті. Іс-шараға ірі компаниялардың, шағын және орта бизнестің 4 мыңнан астам өкілі қатысты. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс берушілермен 600-ден астам меморандум мен 500-ден астам ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Ал Семей қаласында бұл күні Бизнес және сервис колледжінде Абай облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдігі мен облыстық білім басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен жұмыс берушілер форумы өтті. Іс-шараға облыстың мемлекеттік органдарының, бизнес және оқу орындарының өкілдері қатысты. Серіктестер диалогі шеңберінде өткен форум Абай облысының инновациялық дамуында сұранысқа ие кадрларды даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында өткізілді.

Іс-шара колледж фойесінен басталды, онда қонақтар назарына бизнес және сервис колледжі студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Форум аясында «Жас маман» бағдарламасы бойынша жабдықталған шеберханалар, зертханалар, оқу кабинеттеріне экскурсия ұйымдастырылды.

— 15 қараша Қазақстанда Жұмыс берушілер күні болып жарияланды. Соған орай біздің колледжде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, жұмыс берушілермен кездесу, бізбен байланыста жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметкерлерінің және оқытушылардың қатысуымен ашық сабақтар өтті. Жұмыс берушілер студенттерге шеберлік сабақтарын өткізіп, кеңестер берді, — дейді колледж директоры Альмира Қожанова.

Форум барысында дуальды оқыту мәселелері, оның маңыздылығы және кадрларды даярлаудың тиімділігі талқыланды.

— Дуальды оқыту жүйесі – бұл әлемдік тәжірибеде қолданылатын, маманды нақты өндіріске даярлауға мүмкіндік беретін үрдіс. Оқу процесінің 60 пайызы тәжірибелік жұмысқа, 40 пайызы теориялық сабақтарға арналады. Екі жақты ынтымақтастықтың арқасында студенттер теорияны практикамен ұштастырып, таңдаған мамандығын жұмыс орнында тікелей үйренеді. Яғни кәсіпорындар өз қызметкерлерін оқытуға және үздік студенттерді жұмысқа алуға мүмкіндік алады. Бұл біздің нарыққа еңбекке қабілетті кадрлардың шығуына септігін тигізеді, — дейді Абай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Әлия Жүрсімбаева.

Қазіргі уақытта 1339 ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, оның 306-сы кәсіпорындармен және 29-ы колледждермен жасалған.

Форум аясында жұмыс берушілер, оның ішінде «Семей Көркем», «Семей құрылыс материалдары», «АЭС Шүлбі СЭС» серіктестіктері, «Қазақстан су жолдары» республикалық кәсіпорнының Семей филиалы және басқа да ұйым басшылары сөз сөйлеп, дуальды оқыту бойынша өз тәжірибелерін бөлісті.

— Дуальды оқыту жүйесін енгізгеннен бері біз Бизнес және сервис, Электротехникалық колледждермен өте тығыз байланыстамыз. Кәсіпкерлерді қолдап жатқандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Бүгінде көп жұмыстар атқарылып жатыр. Осы байланысымызды ары қарай да жалғастыра беруге ниеттіміз. Басқа да колледжер бізге қажетті мамандарды даярлайтын болса, бірге жұмыс істеуге дайынбыз, — деді «Семей Көркем» ЖШС басшысы Арман Ахметқанов.

Жұмыс берушілер форумы аясында алғаш рет Абай облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен облыс колледждерінің директорлар кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

12 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

13 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

13 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

13 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

16 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

16 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

16 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

17 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

18 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС