"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАМЫЗ КӨРКЕЙСІН ДЕСЕК..

18.11.2022
ҚАЛАМЫЗ КӨРКЕЙСІН ДЕСЕК..
48
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаламыздың келбеті тек сәнді де сәулетті үйлерімен, жасыл желекті саябақтарымен өлшенбейді. Шаһарымыздың ажары оның тазалығына да байланысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да Семейдің көркейген қалалар қатарына қосылуына ерекше мән беріп отыр. Бұл орайда қаламыздың таза, әдемі болып, әрі жасыл желекке оранып тұруы үшін әрбір тұрғынның сүйіспеншілігі мен жанашырлығы қажет екені анық.

Бүгінде семейліктер шаһардағы тазалық және қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесін әлеуметтік желілерде жиі көтеріп жүр. Осы мәселе төңірегінде Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысы Дархан Сейтхановпен тілдескен едік.

— Дархан Бақытұлы, Семейдегі ең күрделі саланы басқаруға тағайындалғаныңызға көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен бұл саладағы шешімін күткен түйткілдермен жақсы таныс боларсыз. Бүгінгі күні қаладағы ең өзекті мәселенің бірі коқыс және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару екені баршаға мәлім. Тұрғындардың көпшілігі тұрмыстық қалдықтардың уақтылы шығарылмайтынына және қалдықтардың көшеде шашылып жататынына наразы. Жағдайды жақсарту мақсатында қандай жұмыстар қолға алынып жатыр?

ҚАЛАМЫЗ КӨРКЕЙСІН ДЕСЕК..— Иә, расында қалада қоқыстарды шығару мәселесі бар. Бүгінгі таңда Семейде қоқыс және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша 7 жеке кәсіпкермен келісімшарт жасалған. Осы жеке кәсіпкерлер қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысады. Жалпы, қоқыс шығару мәселесін шешу үшін қазіргі уақытта қаланы 11 аумаққа бөліп, тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін көрсетуге конкурс жарияланды. Мақсатымыз — қаланың барлық аудандарын осы қызметпен толық қамтамасыз ету. Конкурстың шарттары бойынша мекеме қатты тұрмыстық қалдықтарды шарт негізінде тасып шығаруы және мамандандырылған көлікте GPS жүйесі орнатылуы керек. Осылайша, көліктердің жүріп-тұруы бақыланады. Конкурс 10 қарашада аяқталды.  Қорытынды шыққанан кейін жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз. Ал қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және шығару бойынша тарифтер қала мәслихатының шешімімен бекітілген. Шешім биылғы 13 тамыздан бастап күшіне енді. Қазіргі уақытта абаттандырылған үй тұрғындары үшін 1 адамға айына 420 теңге; абаттандырылмаған үй үшін 1 тұрғынға айына 489,01 теңге мөлшерінде тариф бекітілген.

— Семейде пайдаланылған пластик, пластмасса, макулатура секілді қалдықтарға арналған арнайы контейнерлер қойылғалы бір-екі жыл болып қалды. Жиналған қалдықтар қайта өндеуге жіберіле ме?

— Семей қаласының көшелерінде орнатылған пластик пен макулатураға арналған арнайы контейнерлердің қоқыс қалдықтары сұрыпталынып, қағазды және пластикті өңдейтін мекемелерге өткізіледі.

— Дархан Бақытұлы, кейбір аялдамалардың жанына мұндай контейнерлердің екі-үштен қойылғанын көреміз. Бірақ кейбір көп қабатты үйлердің жанындағы қоқыс алаңдарына мүлде қойылмаған. Бұл жайында не айтасыз?

-Екі-үш жыл бұрын РОП (Расширенные обязательства производителей) операторы пластик пен макулатураға арналған арнайы контейнерлер бөлді, олар Семей қаласындағы халық көп шығарланатын орындарға қойылды. Қазіргі таңда қосымша контейнерлер орнату жоспарда бар. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

— Тазалықты жақсы көрмейтін адам жоқ. Бірақ қала ішіндегі көп қабатты және жеке сектордағы тұрғын үйлердің ауласы бөтелке, пластик, шашылған кағаздан көш ашпайды. Өкінішке қарай, тұрғындар да өз ауласының тазалығына немқұрайлы қарайды, тазалық мәдениеті әлі қалыптаспай тұр. Жалпы, қала тазалығына жауапты мемлекеттік мекеме бар ма? Бұған учаскелік полиция кызметкерлерін тартып, шара қолдануға болмай ма?

— Қала ішіндегі көп қабатты  және жеке сектордағы тұрғын үйлердің ауласын таза ұстау тікелей тұрғындардың өзіне байланысты. Көп қабатты үйлердің кооператив иелері өз  аулаларын күтіп ұстау жұмыстарын күнделікті жүргізуі қажет. Жалпы, қала тазалығына «Семей Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты.  Қазіргі уақытта Абай  облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары туралы ереже дайындалуда. Осы ереже бойынша полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып жұмыс істейтін боламыз.

— Жерлестеріміздің көпшілігі Павлодар қаласының тазалығына қызыға қарайды. Павлодардың тәжірибесін үйрену бізге артық етпейтін сияқты…

— Семей  қаласы облыс орталығы болғанына көп уақыт өткен жоқ. Сондықтан тәжірібие алмасу мақсатында Павлодарға бару жоспарымыз бар.

— Кейбір қала тұрғындары нан өнімдері, тұрмыстық техника мен электроника қалдықтарын тастайтын арнайы контейнер болса деген ұсыныс айтуда. Бұған не айтасыз?

— Нан өнімдерінің қалдықтарына арналған контейнерлерді орнатуға  қарсы емеспіз.  Бәрі талапқа сай болу керек. Талап бойынша тамақ қалдықтарына арналған контейнерлердің эскиздік нұсқасын ұсыну және келісу, мекенжайды көрсете отырып, контейнерлерді орналастыру сызбасын және қалдықтарды шығару кестесін жасау керек.  Келешекте тұрмыстык техника мен электроника қалдықтарын тастайтын арнайы контейнер қою туралы ұсыныс қарастырылуы мүмкін.

— Жеке сектордағы үйлерін пешпен жылытатын  тұрғындар күл-қоқыстарын көшеге төгеді. Мәселен, менің Юность шағын ауданына көшіп келгеніме үш жылдай болды. Юность, 4 мекенжайы аумағындағы үйілген күл-қоқыс сол бойы жатыр.

— Бұл аумақтың тұрғындары қоқыс шығарушы кәсіпорындармен келісімшартқа отырмағандықтан, осындай мәселе туындап отыр. Қала тұрғындары қатты тұрмыстық қалдықтарды  шығаруға арналған келісімшартқа отырса, қоқыс уақытында шығарылып, бейберекет қоқыс орындары болмас еді.  Өздеріңіз білесіздер,  әр облыстың өз ережелері болады.  Жоғарыда айтып кеткенімдей, Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары  туралы  ереже дайындалуда.  Осы ереже бекітілгеннен кейін учаскелік полиция кызметкерлерімен бірлесе отырып шара қолданатын боламыз.

— Қалада сенбіліктер ұйымдастырылғанымен, оған барлығы бірдей қатыса бермейді. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері бүкіл шаһарды қоқыстан тазалай алмайтынын анық. Қалай ойлайсыз, семейліктерді жаппай сенбілікке шығаруға бола ма?

— Дұрыс айтасыз, мемлекеттік мекеме қызметкерлердің ғана көмегімен қаланы тазарту мүмкін емес. Сондықтан  бүкіл қала халқы  тазалыққа ат салысқаны жөн.  Бәрінің де таза, әдемі қалада өмір сүргісі келеді. Олай болса, әрбір жеке меншік үй иелері, көп қабатты үйлердің тұрғындары өз үйлерінің  маңайын тазартып отыруы керек. Менің ойымша, қала тұрғындары сенбіліктерге мәжбүрлі түрде емес, өз қалауымен, қаламыздың санитарлық ахуалын жақсартуға үлес қосу мақсатында шығулары қажет.

— Уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

43 минуты бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 часа бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

3 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС