"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛЫНА 500-600 НӘРЕСТЕ МЕРЗІМІНЕН ЕРТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ

22.11.2022
ЖЫЛЫНА 500-600 НӘРЕСТЕ МЕРЗІМІНЕН ЕРТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

17 қараша күні бүкіл әлемде шала туған балалар күні аталып өтеді. Бұл күн алғаш рет Венада 2009 жылы аталып өтті.  Бір жыл бұрын, 2008 жылы, Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шала туылған нәрестелерді күту жөніндегі бағдарламасына қосылды. Осы ретте қаламыздағы облыстық перинаталдық орталығында БАҚ өкілдеріне экскурсия жүргізіліп, «Қамқорлық» оңалту орталығында ашық есік күні өтті. 

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Өкінішке қарай, ананың уақытына жетпей босану жағдайлары елімізде әзірге азайған жоқ. Бірақ бұл шешілмейтін мәселе емес. Көптеген адамдарда мерзімінен бұрын дүниеге келген балалардың ары қарайғы тағдыры мен денсаулығына байланысты сұрақтар туындайды. Әрине, жөргекте жетілуге тиісті бөпенің бабын табу оңай шаруа емес. Бұл ауыр жүк дәрігерлерге түседі. Қаламыздағы перинаталдық орталықтың неонатолог дәрігері Анар Қайдарованың айтуынша, орталықта жылына дүниеге келетін 8 мың нәрестенің 500-600-і мерзімінен ерте туған балалар екен.

— 17 қараша күні мерзімінен ерте туған нәрестелер күні. Жиырма екі аптадан бастап және ең төменгі салмақта — 500 грамнан жоғары сәбилерді күту тәжірибесі Қазақстанда 2008 жылдан бастап қолданыла бастады. Жалпы, бұл мереке уақытынан ерте туған нәрестелерге және олардың күтімі кезінде туындайтын барлық проблемаларға, сондай-ақ  ананың жүктілік кезіндегі денсаулығы, эмоционалдық жағдайының тұрақты болуы сынды бірқатар факторларға әлеуметтің назар аударту мақсатында аталып өтеді. Ерте туған нәрестелер нәзік, денсаулықтары әлсіз және қоршаған ортаға бейімсіз болып келеді. Сондықтан да бұл нәрестелерді «ақ жапырақты нәрестелер» деп те атайды, — дейді Анар Қабдылкәрімқызы.

Статистика мәліметтеріне назар аударатын болсақ, әлем бойынша әрбір оныншы нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Бұл балаларға аса ұқыптылықпен күтім жасап, жоғары технологиялық құралдарды қолдана отырып сапалы емдеу  керек. Сондай-ақ шала туған шақалақтар біліктілігі жоғары медицина қызметкерлерінің  ұзақ уақыт бақылауында болуы қажет.

Перинаталдық орталық дәрігерлерінің тәжірибесінде толыққанды күтім алып, дені сау, мықты болып өскен шала туған нәрестелер бар. — Мен 28 қыркүйек күні жүктіліктің 27-аптасында сәбиім 990 грамм болған кезінде босандым. Денсаулығымның сыр беруі ерте босануымның себебі болар. Арсенийді кювезде ұстап, 1,5 кг болған кезде шығарды. Қазіргі кезде салмағы 1 кг 830 грамға жетті, әлі екі аптадай орталықта болуымыз қажет. Перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне айтар алғысым көп. Олар өз істерін жақсы білетін білікті мамандар, дәрігерлердің қолдаулары мен ықыластары біз үшін үлкен демеу болды. Орталық мамандарына мықты денсаулық пен жемісті еңбек тілеймін! — дейді мерзімінен бұрын дүниеге келген сәби Арсений Солодкиннің анасы Мария Солодкина.

Мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелердің ағзасы толық жетілмегендіктен олардың қан айналымы әлсіз болады. Шала туған нәрестелерді өмірге бейімдеу үшін, елімізде сәбилердің қозғалыста болуына септігін тигізетін тоқыма бұйымдарын әзірлейтін «28 ілмек» клубы жұмыс істейтінін айта кетейік. Ақ халаттылар тоқыма киімдердің шала туған балалардың өсіп-жетілуіне пайдасы зор екені медициналық тұрғыда дәлелденгенін айтады. Қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталық еріктілер құрған «28 ілмек» клубымен тығыз байланыста.

Сондай-ақ, Халықаралық шала туған балалар күніне орай, «Қамқорлық» оңалту орталығында мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараға оңалту орталығынан түлеп шыққан бүлдіршіндер келіп, жас отбасыларға өз өнерлерін көрсетті. Айта кетелік, бұл орталықта қызмет алушылар төрт жыл бойы медициналық көмек алады.

Мақалада: ЖЫЛЫНА 500-600 НӘРЕСТЕ МЕРЗІМІНЕН ЕРТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

16 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

17 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

17 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

17 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС