"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМ: «ЖАС САРБАЗ» ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ

25.11.2022
ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМ: «ЖАС САРБАЗ» ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ
92
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 23 қараша күні қаламыздағы Гарнизондық офицерлер үйінде Абай облысы білім басқармасы мен «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының бірлесе ұйымдастыруымен «Отан. Әскер. Жас сарбаз» тақырыбында әскери-патриоттық форум өтті. Іс-шараға облыс аудандары білім бөлімінің әскери-патриоттық бағыттағы әдіскерлері, Семей қаласының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары, «Жас сарбаз» офицер-тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері, «Жас Ұлан» арнайы мамандандырылған ерлер мектеп лицейінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Абай облысытТуристік-өлкетану және әскери патриоттық тәрбие беру лабораториясы меңгерушісі Болат Құрманов іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 30 жыл, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 4 жыл толуына орай ұйымдастырылғанын атап өтіп, форум мақсатына тоқталды.

— Әскери-патриоттық форумның басты мақсаты – «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, патриоттық тәрбие жұмысын жандандырып, Қарулы Күштердің беделін көтеру, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы жұмысының деңгейін көтеру және  жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, — деді іс-шараны ұйымдастырушы Болат Анарбекұлы.

Форумға «Жас сарбаз» қозғалысы мен «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп лицейінің 300 тәрбиеленушісі қатысты.

Форум жұмысы Гарнизондық офицерлер үйі қабырғасында орналасқан Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысы ардагерлеріне, сондай-ақ Қарулы Күштер ардагерлеріне арналған мұражайды аралаудан басталды. Мұнда форумға қатысушылар әр кезеңдегі әскери қару-жарақтар мен әскери киімдер көрмесін тамашалады. Мұражай қызметкерлері жәдігерлермен таныстыра отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылғаннан бері жеткен жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Офицерлер үйіндегі әскери даңқ мұражайы 1997 жылы құрылып, мәдени-тәрбиелік, әдістемелік бағытта қызмет атқарып келеді.

Мұражайға саяхаттан кейін салтанатты жиын өтті. Алдымен форум қонақтарының назарына «Жас сарбаз» фильмі ұсынылып, шақырылған құрметті қонақтар мен әскери сала ардагерлеріне сөз берілді.  Құттықтау тілектерден соң «Алау» әскери-спорттық ойынының жеңімпаздары кубок, медаль, дипломдармен, сондай-ақ «Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан патриоты» медальдарымен марапатталды.

— Барша жиналған қауымды Қарулы Күштердіңе 30 жылдығымен және республикалық «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» ҚБ құрылғанына 4 жыл толуымен құттықтаймын! Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында алға қойған басты мақсаттарының бірі – Әділетті Жаңа Қазақстан құру. Бұл мақсатты орындауға баршамыз өз ұрпағымыздың жарқын болашығы үшін ат салысуымыз қажет. «Жас сарбаз» қозғалысының беделі осы тұста арта түспек. Жастар арасында «Жаңа Қазақстан» идеясын насихаттау басты мақсатқа жетуге серпін береді. «Жас сарбаз» қозғалысы өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін дамыту арқылы өзінің Отаны – Қазақстан Республикасын әрқашан қолдауға және қорғауға әзір болуға тәрбиелейді. Әскери-патриоттық сыныптарды ашудағы басты міндет – жасөспірімдерді әскери-патриоттық қызметке көбірек тарту,  әскери қызметтің беделін арттыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру. Бүгінгі таңда Абай облысында «Жас сарбаз» қозғалысы қарқынды түрде дамып жатыр. Оған біздің жас патриоттарымыздың жыл сайын өтетін «Айбын» жиындарында жүлделі орындар иеленіп жүргені дәлел бола алады. Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдарының атынан және де өз атымнан барлық бастапқы әскери дайындық пәні ұстаздарына, ата-аналар қауымы мен жасөспірімдерді тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысып отырған жауапты тұлғаларға алғыс айтамын. Істеріңізге сәттілік, толағай табыс, мықты денсаулық тілеймін! Мереке құтты болсын! — деді Абай облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Алмаз Тлеуханов.

Марапаттау рәсімінен кейін форумға қатысушылар «Отаныма қызмет етемін» тақырыбындағы мерекелік концертті тамашалады.

Сондай-ақ форум аясында қатысушылар Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей интернатының тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бір күнге созылған танымдық іс-шара соңында әдіскерлердің әскери-патриоттық тәрбие жұмысының келер жылға арналған жоспары талқыланып, бекітілді.

Мақалада: ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМ: «ЖАС САРБАЗ» ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС