"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫН БА?

25.11.2022
ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫН БА?
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

24 қараша күні қаладағы «Спартак» стадионының аумағында қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнің дайындығын тексеру мақсатында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

Кербез ДУЛАТҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

«Қыс — 2022» оқу-жаттығуының мақсаты – қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау, авариялық-құтқару жұмыстарына күш-құралдарды дайындыққа келтіру, жергілікті азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру, өзара іс-қимылдарды пысықтау. ҚР ТЖМ ұйымдық нұсқауларына сәйкес, Абай облысы Төтенше жағдай департаменті базасында жедел штаб құрылды. Оның құрамына облыстың азаматтық қорғау қызметінің, төтенше жағдай жөніндегі комиссияның өкілдері кірді.

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫН БА? ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫН БА?

— Жедел құтқару жасағында республиканың қосымша техникасы бар, алдағы уақытта 38 қосымша құтқару техникасы қатарға қосылады. Оқу-жаттығу екі күн өткізіледі. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – облыс жолдарында, жылумен, сондай-ақ сумен жабдықтау нысандарындағы төтенше жағдайларға байланысты құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындықты пысықтау. Бүгін біз арнайы техниканың дайындығын тексердік, олардың барлығы қазіргі уақытта қолданыста. Ауа райы жағдайларына байланысты республикалық, облыстық маңызы бар жолдар жолдарды жабылған кезде, ескертулерге қарамастан жолға шыққан азаматтар қолайсыз жағдайға тап болады, сондықтан құтқарушылар осындай іс-шараларды өткізуге мәжбүр, — дейді облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

«Қыс — 2022» оқу-жаттығуы 3 кезең бойынша өткізілді: 1 оқу кезеңі – авариялық-құтқару құрамаларының сап түзеуі, 2 оқу кезеңі – Семей — Өскемен автожолында қолайсыз ауа райында жолаушыларды эвакуациялау. 3 оқу кезеңі зардап шеккендерге арналған жылыту және тамақтану пунктінде өтті. Қабылдау пунктінде құтқарушыларға демалуға, жылынуға және тамақтануға жағдай жасалған, сондай-ақ дәрігерлер зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсете алады.

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫН БА?

Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша Абай облысының аумағында ай сайынғы нормадан жоғары қар жауып, солтүстік бағытта 15-20 м/сек екпінмен жел тұрды. Салдарынан Семей — Өскемен автожолында қиындықтар туындап, 45 түрлі техника жолаушыларымен бірге тұрып қалды. Абай облысы ТЖД және полиция департаментінің 112 және 102 құтқару қызметіне автомобиль жолындағы жағдай туралы хабарламалар түсе бастады. Құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған көлік құралдарын шығару үшін авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. «Семей» қонақ үйіндегі халықты уақытша орналастыру пунктіне 143 адам, оның ішінде 40 бала жеткізілді және 45 көлік эвакуацияланды.

Оқу-жаттығуға барлығы 51 техника мен жеке құрамнан 121 адам жұмылдырылды.

 

Мақалада: ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫН БА?

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС