"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ДИЗАЙН – МЕБЕЛЬ»: ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

25.11.2022
«ДИЗАЙН – МЕБЕЛЬ»: ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
49
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі «Дизайн — Мебель» кәсіпорнының тауарлары тек Абай аймағының  тұрғындарына ғана емес, республикаға да жақсы танымал. Бұл кәсіпорын дайындаған  жұмсақ  және  корпустық   жиһаздар  сәндік және сапалық жағынан  шет елдің атынан ат үркетін керемет брендтдік жиһаздарынан кем емес. Сондықтан да «Дизайн — мебель» фирмасының өнімдеріне сұраныс та жоғары.

«Дизайн — мебель» — тәуелсіздік  жылдарының төл перзенттерінің бірі. Өз ісін бастауды енді қолға алған кәсіпкер  Мақсат Сағатбеков  2001 жылы қаланың Жаңасемей бөлігіндегі Спартак көшесінде орналасқан цемент зауытының қараусыз қалған жатақханасын алдымен сенімді басқаруға, соңынан жеке меншікке алған. Апатты жағдайдағы ғимаратты өз күштерімен жөндеуден өткізген олар өнімдерін алғашқы жылдары  «Рахат» сауда үйіндегі  жиһаз салонында сатуды бастаған. Көп кешікпей қаланың  Шәкәрім даңғылы бойында ашылған өз сауда үйлеріне көшкен. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын  Қаржаубай ұлы көшесінің бойынан үш қабатты, сән-салтанаты жарасқан  ғимарат есігін айқара ашты.

Кез келген кәсіпорынның  уақыт көшінен қалмауы ұйымдастырушыға байланысты екені сөзсіз. Мақсат Қалиханұлы Сағатбеков 1996 жылы Семей педагогика институтын сурет және сызу пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. Біраз жыл мамандығы  бойынша  жұмыс та істеген. Алайда  ағаштан түйін түйетін шебер жас сол қабілетін кәсіпке айналдыруға бел байлайды. Оның бұл ойын жары Дина Сіләмбекқызы да қолдайды. Ырымшыл халықтың ұрпағымыз ғой, «Дизайн — мебель» деген атауда Мақсат пен Динаның және олардың қос бүлдіршіндері Диас пен Мирастың есімдерінің бас әріптерінің барын да көңілдеріне жақын санайды.

Көп кешікпей олар мекемелер мен мектептерге арналған қарапайым жиһаз шығаруды бастап кетеді. Шетелдік  жиһаздардың бағасы шарықтап тұрған уақытта  жергілікті тауар өндірушінің өнімі қолжетімділігімен де халыққа жақын болды.

Істі бастау да, оны тастамай алға сүйреу де оңай емес. Мақсаттың  командасы нарықтың соқтықпалы–соқпақты  жолдарында сан түрлі сынақты да бастан өткерді. Бірақ сынбады, шыңдалды. Қолға алған іске жауапкершілікпен қараудың нәтижесінде «Дизайн — мебель» шағын жиһаз шығаратын цехтан алып кәсіпорынға айналды. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде кәсіпорын қанатын кеңге жайды.

Австрияның KRONOSHPAN фирмасымен бірлесіп қызмет атқару барысында тауарлары бұрынғыдан да әрлене түсті түсті.

Бүлдіршіндерге арналған, жатын бөлмесіне қажетті, кеңсеге арналған «Дизайн — мебельдің» жиһаздарын Талдықорған, Өскемен, Астана, Қарағанды  қалаларынан да іздеп келеді.

Олар тек тапсырысты орындап қоймайды, дизайнерлері  үйіңізге келіп жиһазды бөлмеде дұрыс орналастыру барысында кеңес те беріп, тіпті  терезе перделері мен төсек жапқыштарды да дайындап береді. Бұл орайда тапсырыс беруші  Дина Сіләмбекқызының  талғамына сенім артады.

Жергілікті кәсіпорындардың көш басында келе жатқан «Дизайн — мебель» тұтынушыларын әлі де әдемі  тауарларымен қуанта береріне күмән жоқ. Жұмыс беруші, салық төлеуші кәсіпорынның  жұмысына табыс тілейміз.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

18 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

18 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

18 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

18 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

19 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

20 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС