"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасына кімдер қатыса алады?

02.12.2022
«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасына кімдер қатыса алады?
166
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
  • Бір қатысушыға берілетін несиенің максималды сомасы 15 000 000 теңгені құрайды, егер тұрғын үй құны 15 миллион теңгеден асса, айырманы өтініш беруші өз қаражаты есебінен төлейді.
  • Пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%.
  • Пайыздық көрсеткіш — 5 %.
  • Несиенің максималды мерзімі —19 жылға дейін.

 

Өтініш берушінің төлем қабілеттілігі «Отбасы Банкінің» ішкі құжаттамасына сәйкес анықталады.

 «Абай жастары» бағдарламасына кім қатыса алады?

  1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегiнде тұрған 18 жастан 35 жасқа дейiнгi қоса алғанда барлық азаматтар.
  2. 18 жастан 35 жасқа дейінгі қоса алғанда журналистер (тұрақты БАҚ қызметкерлері).
  3. Мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт қызметкерлері (18 жастан 35 жасты қоса алғанда).
  4. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері (мемлекеттік, республикалық және бюджеттік ұйымдардағы/мекемелердегі штаттық қызметкерлер (18 жастан 35 жасты қоса алғанда).

 

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін 18 жастан 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматтары өтініш бере алады. Жеңілдікті шарттарға үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Абай облысы, Семей қаласында тіркелу. Некеде тұрған адамдар, сондай-ақ 18 жасқа толмаған балалары бар адамдар үшін осы елді мекенде барлық отбасы мүшелерінің тіркелуі міндетті болып табылады.
  • Қатысушының немесе қазіргі уақытта онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз (соңғы 5 жыл ішінде) жеке тұрғын үйінің немесе жалға алудың болмауы. Жағдайы апатты деп танылған үйлерді қоспағанда.
  • Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды қоспағанда, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, БАҚ салаларында кемінде 1 жыл лауазымдық қызметте болуы.
  • Бағдарламаға кәсіби қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйге мұқтаж санатқа жататын тиісті жастағы азаматтар (атап айтқанда, қамқорлықсыз қалған балалар, жетім балалар) қатыса алады.
  • Маңызды ескерту: егер бағдарлама қатысушылары ерлі-зайыптылар болса, ерлі-зайыптылардың біреуі ғана өтініш бере алады.

 

 «Абай Жастары» бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі

Өңірлік бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші құжаттар пакетін (сканерленген көшірмелері) дайындауы қажет. Осы анықтамаларды алу күні өтініш жіберілген күннен бастап 10 күннен ерте болмауы керек екенін ескеріңіз:

  • Үлгі бойынша өтініш (Тұрғын үй инспекциясы бөлімімен беріледі)
  • Өтініш берушінің және барлық отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.
  • «Электрондық үкімет» веб-порталынан (egov.kz) алынған соңғы жылдағы зейнетақы жинақтары туралы үзінді көшірме.
  • Өтініш берушінің азаматтық жағдайын растау (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, баланың тууы туралы куәлігі, бар болса мүгедектігі туралы анықтама).
  • Белгіленген үлгідегі ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтаманың берілген күнін, шығыс нөмерін, жұмысқа тұрған күні мен қызметтік лауазымын көрсетіп берілген жұмыс орнынан анықтамасы. Ресми бланкі болмаған жағдайда, анықтамада ұйымның мөрлері болуы тиіс.
  • Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, еңбек өтілі және т.б.).
  • Қажет болған жағдайда уәкілетті орган басқа да растайтын құжаттар сұратуға құқылы

 

Қайда және қалай өтінім беріледі

Өтініштер «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, Шмидт 9/1 көшесі, 1-қабат мекенжайында қабылданады, құжаттарды қабылдау 22.12.2022 ж. басталып 2023 жылғы 12 қаңтарды қоса алғанда (14 жұмыс күні ішінде), қабылдау уақыты 9.00-ден 12.00-ге дейін жалғасады. Барлық тілек білдірушілердің өтініштерін қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттары тексеріледі, бұл үшін 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзім беріледі.

Өткен жағдайда қатысушыға өту туралы хабарланады, егер қатысушы белгіленген уақытта келмеген жағдайда, ЖАО бағдарламаға қатысуға кезекте тұрған келесі өтініш берушіге беруге құқылы.

Тексеруден сәтті өткен жағдайда өтініш беруші сатып алуға лайықты баспана табуы керек. Ол үшін оған 30 күнтізбелік күнге дейінгі уақыт аралығы беріледі. Содан кейін 15 күн ішінде өтініш беруші келісім-шарт жасауға міндетті. Егер қандай да бір себептермен қатысушы өз міндеттерін орындамаса, Әкімдік қатысуға жолдаманы тізімдегі келесі өтініш берушіге береді.

Үміткерлер тізімі баллдық жүйені ескере отырып (ең көп ұпай саны бойынша) санаттар (аудандар) бойынша қалыптастырылады:

ӨЛШЕМДЕР БАЛДАР
Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін 1
1 (бір) бала болған жағдайда 1
Екінші және одан да көп балаға 2
ХӘЖОТ қатарына жататыны үшін 5
Осы санаттағы (саладағы) өтілінің әрбір жылы үшін 2
Бағдарламаға қатысушы кезекте.kz сайтында санаттардың бірінде тұрғын үй кезегінде тұрса 2

* ХӘЖОТ – ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары.

Өтінім берушілерде баллдар тең болған жағдайда, өтініш пен құжаттарды беру уақыты мен күні ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады.

Мақалада: "Абай жастары" бағдарламасына кім қатыса алады?

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

3 дня бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

3 дня бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

4 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

6 дней бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

1 неделя бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 неделя бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

1 неделя бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

1 неделя бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

1 неделя бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС