"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРЫЗДАРЫН ҚАЙТАРМАҒАНДАР ЖЫЛУДАН АЖЫРАТЫЛАДЫ

08.09.2014
ҚАРЫЗДАРЫН ҚАЙТАРМАҒАНДАР ЖЫЛУДАН АЖЫРАТЫЛАДЫ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Жылукоммунэнерго» мекемесі қала бойынша жылу маусымына қызу дайындық жүргізіп жатыр. Алайда, бұл жұмыстарға қол байлау болып отырған мәселелер де жоқ емес. Қазіргі басты мәселе тұтынушылардың жылу үшін қордаланып қалған қарыздары. Дегенмен, бұл бағытта бүгінгі күні қатаң шаралар қолға алынған.

Апта басында «Жылукоммунэнерго» мамандары учаскелік полиция және сот орындаушыларымен бірге жылуға қарызы қомақты пәтерлерге барды. Қазынаға түспеген қаржыны өндіру үшін бұл рейдтің аз да болса пайдасы болуы мүмкін.

Жылуға қарызы қордаланып қалған үйдің бірі — Цементшілер кентіндегі Би-Боранбай көшесінің тұрғындары. Арнайы топ жұмысын осы жерден бастады. Жалпы, семейліктердің жылуға деген қарызы бүгінгі күні 395 миллион теңгені құрайды. Ал дебюторлық қарыз мөлшері 500 миллион теңгеге жеткен. Оның 129 миллион теңгесі заңды тұлғалардың, қалғаны тұрғындардың еншісінде екен. «Бүгінгі күні «Жылукоммунэнерго» кәсіпорыны тарапынан қатаң шаралар қолданылуда. Ол бойынша пәтерлер жылудан ажыратылатын болады», — дейді «Жылукоммунэнерго» мекемесінің абоненттермен жұмыс бөлімінің бастығы Гауһар Жетпісбаева.

— Қазіргі кезде Цементшілер кентінде рейд шараларын жүргізіп отырмыз. Қарызы бар пәтерлерге жылудың ажыратылатыны туралы ескерту жасаймыз. Егер бес күннің ішінде қарыздарын төлемесе, қатаң шаралар қолданылып, жылу жүйесінен ажыратылады. Сондай-ақ, сот орындаушыларымен мүліктері тәркіленетін болады.  Бұған қоса, абоненттер сот шешімінен жалтарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 524-ші және 525-ші бабына сәйкес елу күнге дейін бас бостандықтарынан айырылады. Алдымен ескертеміз — келесі аптадан бастап жылу жүйесінен ажырата бастаймыз. Жалпы, Цементшілер кен-тінде тұрғындар арасындағы қарыз өте көп. Осы аудан бойынша абоненттер қарызы 40 миллион теңгеден асты. Бір ғана Би-Боранбай көшесі 45 «А» мекенжайында 300 мың теңге берешегі бар пәтерлер бар. Осы үйде 100 мыңнан астам берешегі бар бес абонент тұрады. Жұмыстарымызды да солардан бастап отырмыз.

 

{jcomments on}Жылу жеткізушілер алдымен аталмыш көшедегі 43, 45 «А», 45 «Б», 47-ші үйлерде болып, борышкерлерге ескерту жасады. Олардың айтуынша, алдағы уақытта қарызға батқандарға рейд шаралары күн сайын жүргізіледі. Айтпақшы, бұған дейін де қарызы барлардың жылу жүйесінен ажыратылған кездері болған.

 

— Жылу жүйесінен ажырату жұмыстарын шілде айынан бастап жүргіздік. Қазір тек  қарызы бар жекелеген пәтер иелері ғана қалды. Қарыздың осынша мөлшері барын ескеретін болсақ, тұрғындар арасында ешқандай төлем жүргізілмей келеді деп айтуға болады. Ал, жылу маусымы болса жақын арада басталады. Бар болғаны бір айдан артық уақыт қана қалды. Тұрғындар арасында болса, қарызды жабуда ешқандай ілгерлеу байқалмайды, — дейді  Гауһар Жетпісбаева. — Заңды тұлғалар арасында берешегі барларды жылудан ажыраттық. Енді тек пәтерлер ғана қалды. Бұлардың қатарында шағын дүкендер, шаштараздар бар. Оларды да жылу жүйесінен ажырататын боламыз.

Айта кетуіміз керек, жылу жүйесін кейін қайта іске қосуда абоненттер сот пен сот орындаушылар шығынын төлейтін болады. Жалпы айтқанда, тұтынушылар қарыздарының үстіне мөлшері елу пайызға дейін қосымша қаражат төлейді.

 

 

Асан Мырзаханов,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

12 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

12 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

16 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС