"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛАШ АРЫСТАРЫ АМАНАТЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ»

06.12.2022
«АЛАШ АРЫСТАРЫ АМАНАТЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ»
62
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлихан Бөкейхан университеті қабырғасында Қазақстан Халық партиясының Абай облысы филиалы, облыс әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы мен Әлихан Бөкейхан университетінің ұйымдастыруымен «Алаш арыстары аманаты – тәуелсіздік тұғыры» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосуға қаламыздың жергілікті басқару органдарының басшылары, білім және мәдениет саласы мамандары, тарихшы ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Жиында сөз алған ҚХП Абай облысы филиалының төрағасы Айдын Егеубаев Семей қаласында «Алаш» халықаралық тарихи-ғылыми зерттеу орталығын ашуды ұсынды.

— Бұрынғы Семей облысы Абай облысы болып қайта құрылды. Біздің партияның филиалы да облыста ашылып, жұмыс істеп жатқанына екі айға жуық уақыт болды. Біз бүгін Қ.Тоқаевтың «Алаш» сөзі – халқымыз үшін қашанда қасиетті ұғым. Өткен ғасырдың басында ұлтымыздың бас көтерер азаматтары Алаш идеясының төңірегіне бірікті. Олар елінің азаттығы мен өркендеуі жолында қызмет етті. Халықтың рухын оятып, санасына сілкініс әкелді. Жеріміздің тұтастығының сақталуына ықпал етті. Төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді. Өркениетті зиялылықтың негізін қалады. Алаш арыстары заманның сын-қатеріне қарамай, Қазақ елінің мемлекетшілдік идеясын жаңғыртты, жыл өткен сайын Алаштың абыройы асқақтап, беделі биіктей береді. Олардың атқарған ісі ешқашан маңызын жоғалтпайды. Себебі ұлт мүддесі, ел қамы деген ұғымдар – мәңгі құндылықтар.  Біз Алаш арыстарының есімін жаңғыртып, тарихи рөліне баға беруді қолға алдық…» деген сөздерін негізге ала отырып, «Алаш» халықаралық тарихи-ғылыми зерттеу орталығын ашуды ұсынып отырмыз. Орталықтың Алаштың астанасы болған Семей қаласында болғаны заңдылық. Бүгінде әр университет қабырғасында жеке зерттеу орталықтары болғанымен, оларды біріктіретін орталық жоқ, сол себептен де бұл — қажеттіліктен туындап отырған бастама, — деді Айдын Қалдыбекұлы.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ХХ ғасырдың басында ағартушылық идеяларын насихаттаған Алаш зиялыларының тарихымыздағы орны туралы айта келе, Алаш тақырыбы өзектілігін жоймайтындығын атап өтті.

Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев алашты ұрандатып, науқаншылдыққа салынуға болмайтынын айтып өтті. Айдар Садырбаев мұндай бастамалар, алаш қайраткерлері алдындағы аманат жүгін сезіне отырып, тұғырлы әрі кешенді түрде жасалу қажет деп есептейді.

— Қадірлі жерлестер, қадірменді ғалым ағаларымыз, ел зиялылары, бүгін біз үлкен тақырыпты талқылау мақсатында жиналып отырмыз. Алаш тақырыбы өзінің өзектілігін ешқашан жоймайды. Керісінше, уақыт өте келе оның тың қырлары мен сырларын жас ұрпақ танып біледі деп есептеймін. Себебі Алаш тарихында әлі де зерттелмей жатқан ақтаңдақ тұстар жеткілікті. Семей мен Алаш – екеуі ажырамайтын егіз ұғымдар. Алаштың ар жағында рухани көсемі, ұстазы болған ұлы Абайдың кескін-келбеті көрініс беретіні ақиқат. Абайға ең алғаш баға берген Ә.Бөкейханның сөздерін ешқашан ұмытпаймыз. Сондықтан көтеріліп отырған Алаш арыстары тақырыбы бүгінгі жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне, сапалы білім алуына мол септігін тигізетіні сөзсіз. Ортаға салынатын түрлі ой-пікірлерден жақсы тұжырымдарға келіп, келешек жұмысымызды айқындасақ, құба-құп деп ойлаймын, — деді Айдар Серікқазыұлы.

— Құрметті семейліктер, қымбатты жерлестер! Қазіргі саяси жағдайда бірінші орынға «әділеттілік» қойылған. Бұл ұғымды 100 жыл бұрын Алаш зиялылары айтып кеткен. Бүгінде бүкіл қазақ халқының алдында үлкен мүмкіндік туып тұр. Еліміздің азаттығы жолында құрбан болған жандардың рухы қайта жаңғырып жатыр. Сол аталарымыздың қалдырған еңбектерін түбегейлі зерттеп, оларға дұрыс тарихи баға беру, идеяларын алға қарай дамыту – біздің парызымыз. Әкімшіліктің, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері тарихи-ғылыми зерттеу орталығын ашу туралы ұсынысты толық қолдайды деген ойдамын. Өйткені қанша жыл өтсе де алаштың үлкен, терең арнасы толық ашылмаған. Өзіміздің тарихымызды, ұлттығымызды сақтап қана біз алға жылжып, дамыған елге айнала аламыз, — деп өз ойын білдірді ҚХП төрағасының кеңесшісі Асхат Зейноллаұлы.

Іс-шара барысында сондай-ақ Семей қаласында алғашқы телеграф станциясы болған тарихи ғимаратты қалпына келтіру, алдағы уақытта ашылатын жаңа ауданның біріне Алаш атауын беру сынды ұсыныстар да талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

15 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

15 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

16 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

16 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

17 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

17 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС