"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

08.09.2014

Республикалық «Абай» қорының қолдауымен Ұлы Абайдың даналық даралығын әр қырынан танытуға арналған «Әлемнің Абайы, Қазақтың дана ойы» атты жаңа жинақ жарыққа шықты.

«Өзен судың тұнығы», «Ұлы тойдың дүбірі», «Абайтану арналары» атты үш бөлімнен тұратын аталмыш кітапта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай туралы сөз» атты баяндамасы, сонымен қатар,  Ғ.Шәкерұлы, Ә.Шәріпұлы, А.Тоқмағамбетов пен С.Бапиев және Ж.Жүнісжанов сынды бірқатар ғалымдар мен қаламгерлердің Ұлы Абайдың тұлғалық қасиетін айшықтайтын және ақынның данышпандығын танытып, дүниетанымын сипаттайтын түрлі баспасөз беттерінде жарық көрген ғылыми, танымдық мақалалары жарияланған.

Ал, кітаптың Алғы сөзін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Абай ауданының және Семей қаласының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері Төкен Ибрагимов жазған екен. «Республикалық «Абай» қорының қолдауымен тағы бір толайым еңбек оқырман қолына тигелі отыр екен. Ұлы ақынның өлмес өсиеті, сөнбес сәулесі кеше де керек болған, бүгін де керек болды, ертең де керек екеніне өз басым кәміл сенемін. Олай дейтінім, отыз үш жыл Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-мұражайын табан аудармай басқарған уақытта көзім жетіп, кірпіш дүниенің кетігін тауып қаланғанымды мерейлене айта аламын. Сондықтан, Абай туралы жазылған әр сөз, атқарылған әр іс назарымнан тыс қалып көрген емес. Бүгінгі еңбек те соның сүрлеуі сияқты»,- деп басталатын «Кешегі мен бүгінгінің кестесі» деп аталатын Алғы сөзде:

 

{jcomments on}«Ұлы Абайдың арғы ата-тегінен тармақталып, өскен ортасы, өнегелі өрісімен қоса, дүбірлеп өткен мерейтойлары жайлы жазбалар сонау бір ескі күндерден елес береді. Сол бір сауықты сәттерді қайта санаңа құяды.

 

Ту бастауында ұлы Әуезов тұрған бұл атаулы күндер әлемдік деңгейдегі 150 жылдық салтанатымен жарасымды тоқайласып, бауырын жаза түседі.

Қазіргі Көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей пәрменімен қапысыз жүзеге асқан мәнді мәдени шара-тәуелсіз елдің ең тұңғыш тойы екендігін дүние жүзіне паш еткендігі әлі күнге аңыз бен ертегідей айтылады. Осынау жарасым тапқан жақсы ырым қазақ мемлекетінің мәртебесін көтере түскен сан салалы салтанаттармен жалғасып жатқанын көзіміз көріп отыр. Абай рухы, Абай қасиеті, Абай шапағаты деп айтуға әбден сиып кеткендей. «Қазақ халқының иесі мен киесі» деп тегін айтпаса керек Елбасы»,- делінген.

Кітаптағы мақалаларды жинақтап, баспаға әзірлеген Республикалық «Абай» қорының президенті, Абайдың жиені, Абай ауданының және Семей қаласының «Құрметті азаматы», ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Балтабек Ерсәлімов екенін де айта кеткен жөн. Ал, оқырман назарына ұсынылған аталмыш кітап та Балтабек        Ерсәлімовтің «Әлем – жақсыларымен әдемі» атты мақаласымен қорытындыланған.

Жарыққа шыққан жаңа кітап студенттер қауымы, оқытушылар мен ұстаздар үшін таптырмас ғылыми еңбек ретінде де бағалауға лайық. Кітапқа жаны құмар жандар жаңа басылымды «Атамұра» кітапханасынан алып оқуына болады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

1 день бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

1 день бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС