"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АСЫҢЫЗ АДАЛ БОЛСЫН!

09.12.2022
АСЫҢЫЗ АДАЛ БОЛСЫН!
АСЫҢЫЗ АДАЛ БОЛСЫН!
АСЫҢЫЗ АДАЛ БОЛСЫН!
111
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өзге өңірге сапарлай қалсақ, «Семейдің дәмі» деп «Адал АС-тың» бауырсағын алып барып, мақтана таныстыратын әдетіміз бар. Қаламыздың брендіне айналған «Адал АС» компаниясының дәмі ерекше ұлттық тағамдарды өндірумен айналысып келе жатқанына бүгінде 13 жыл болды. Осы уақыт аралығында біртіндеп қанатын кеңге жайып, тұтынушылардың жоғары сұранысына ие болып отыр. Құнарлылығы мен пайдалы қасиеттерін сақтай отырып, экологиялық таза ұлттық азық-түлік өнімдерін дайындауды, өнімдердің сапасын арттыруды басты мақсат еткен өндірістік компания – қазіргі күні бүкіл Қазақстан бойынша қоғамдық тамақтану және кондитерлік өнімдер саласындағы ірі және қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі.

Компания атауының өзі көңілге сенім ұялатады. Адал ас – шариғат заңдары бойынша адамның ішіп-жеуіне рұқсат етілген, бұйырылған және таза ас. Сонымен бірге таза еңбекпен, маңдай термен келген азық-түлікті де адал ас дейді. Ал бүгінде өнім түрлерін көбейтіп, еліміздің бірқатар өңірлеріне таратып отырған «Адал АС» өндірушілеріне тұтынушылар тарапынан «Өте дәмді!», «Табиғи таза өнім!», «Жоғары сапалы отандық өнім!», «Адал АС» – адал жандардың адал терімен жеткен нәтиже», «Бауырсақтары мен женттері жақсы», «Атына заты сай өнім» деп лайықты баға беріліп жатады. Бұл нарық заманындағы сан мен сапаның алшақ кетпегенін көрсетеді.

Өз ісін жан-тәнімен сүйетін адам бар ынтасы мен көңілін сала еңбектенеді. «Адал АС» компаниясының басшысы, семейлік кәсіпкер Ермек Мезібаев сондай жандардың қатарынан. Жақында ұлттық тағамдардың құндылығы мен құнарлылығын халыққа насихаттап келе жатқан кәсіпкермен сұхбаттасқан едік.

 

— Ермек Асылғазынұлы, өз кәсібін ашамын деген азаматтардың көпшілігі отандық өнім өндіруді қиынға санап, тәуекелге бел буа бермейді. Бұл істі бастауға Сізге не түрткі болды?

АСЫҢЫЗ АДАЛ БОЛСЫН!— Біздің компания алғаш рет өнімдерін 2009 жылы Семейде өткен тауар өндірушілердің көрмесіне шығарып, халыққа ұлттық тағам — талқан мен жентті ұсынды. Кәсібімізді бірден халыққа қызмет ету үшін, қоғам игілігі үшін бастадық десек, жалған болар. Зайыбым екеуіміздің басты мақсатымыз кәсіп ашып, бала-шағамызды асырау, оларға жағдай жасау болды. 2008 жыл әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанға да әсер еткен кезде біз оның зардабы мен салдарына аса мән бермеген едік. Бірақ абдырап қалған халықты көріп, бір іспен айналысу керек деген шешімге келдік. Бастапқыда тоқыма бұйымдарын өндірсек деген ой болды, бірақ  ақылдаса келе ұлттық өнім дайындаумен айналысқанымыз дұрыс болатынын түсіндік.

Әрине, егер өзіңнің ғана қамыңды ойласаң, көптің бірісің. Бірақ қоғамға пайдаңды тигізу  үшін алдымен өзіңді қамтамасыз етіп алуың керек қой. Бұл бір өз ретімен болуы керек заңдылық сияқты. Алғашында қоғамға тигізер пайдамыз жайлы ойлауға мүмкіндігіміз болмады. Тек қанатымыз қатайып, қолымыз ұзарған кезде ғана әлеуметтік жауапкершілігімізді сезіне бастадық.

 

— Кәсіпті қай өнімді шығарудан бастадыңыздар?

— «Адал АС» сауда белгісінің атауымен өндірілген алғашқы өнім – бидайдан жасалған талқан. Біз талқан дайындауға бірден кірісіп кеткен жоқпыз, кішкентай кезімізде әжеміз дайындап беретін жентті жасап көргіміз келді. Бала күніміздің дәмін еске түсіргіміз келгенімен, жент жасау оңай емес екенін түсіндік, оны әзірлеудің өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Жент дайындау үшін алдымен бидай алу қажет, оны қуырып, тарту керек, содан соң осы талқанға май, печенье қосылады. Ал осының бәрі дайын болғанша тағамның сақталу мерзімі өтіп кетеді. Кәсібін енді бастаған біз үшін бұл біраз қиындық туғызды, сондықтан алдымен бидай дәнінен арнайы технология бойынша өте дәмді және тойымды өнім түрі – талқанды ғана шығардық. Бидайдан ғана емес, тары, арпа, жүгеріден де жасалатын бұл тағам түрі — таңғы асқа таптырмас тіскебасар. Дүкенде сатылатындарға қарағанда әлдеқайда дәмді әрі пайдалы. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы бұзылмай сақталады.

Көп ұзамай біздің өнімді сатып алушылар алғыстарын білдіре бастады, соның арқасында ұлттық тағамдарды дайындауға деген құлшынысымыз арта түсті. Қолымызда бар қаражатымызды жұмсап, өнімдерімізді жақсы қаптамамен шығаратын болдық.

— Бүгінде қандай өнім түрлерін шығарып жатырсыздар?

— Әрбір өңірдің өзінің ерекше дайындалатын өнімі бар. Біздегі алғашқы мақсат сол өнімдердің барлығын бір жерге тоғыстыру еді. Кейіннен тек белгілі бір өнім түрлерін ғана шығаруды жөн деп таптық. Дегенмен өнім түрлері аз емес. Кәсібімізді көшпенді ата-бабаларымыздың құнарлы, нәрлі тағамы – бидайдан жасалған талқан өндіруден бастағанымызды жоғарыда айтып өттім. Қиын-қыстау кездері халқымыздың талқанды талғажау қылғаны кешегі тарихымыздан белгілі. Ісіміз жүре бастаған кезде халқымыздың сыйлы, құрметті қонағына ұсынатын, дастарқан сәнін кіргізетін тәтті дәмі — жент жасауды қолға алдық.

Сондай-ақ бауырсақ та жасаймыз. Жаугершілік заманда ат үстінде жүретін бабаларымыз көбінесе ұзақ сақталатын, ашытқысыз бауырсақты азық еткен. Бүгінгі күні ашытқысыз бауырсақтың домалақ бауырсақ немесе ши бауырсақ сынды түрлері халыққа кеңінен таныс. Құрт өнімі де ел көңілінен шығып, сауда орындарында сұранысқа ие. Бұл өнімдерді дайындауда ұлттық дәстүрлі әдісті сақтай отырып, технологиясын жетілдіріп те келеміз.

Компаниямыз, ұлттық өнімдерден басқа, торт, хворост, чак-чак, санза, тоқаш, печенье, круассан, казинак, макаронс, бәліш, т.б. кондитерлік өнімдердің де халал түрлерін дайындайды.

— Әр кәсіпкердің өзінің ұстанған бағыты, мақсаты болады. Сіздің ұстанған бағытыңыз қандай?

— Әрине, кез келген істе өз бағыты болу керек. Біздің бағытымыз — ұлттық тағамдар дайындау. Алғашында біз тек қана өнім өндіріп, дистрибьюторлық компанияларға дайын өнімді жіберіп отырамыз деп ойладық. Бірақ олай болғанда кәсібімізді қазіргі деңгейге дейін жеткізе алмас едік. Бастапқы кезде дүкендерге апарып қойған талқанымыз көпшіліктің сұранысына ие болмады, себебі тауарларымыз танымал болмады. Отандық өнім енді қолға алынып келе жатқан кез, «халқымыздың құндылықтарын кім көтереді» деген сөзіміз дүкен иелеріне әсер етпеді. Бір күні талқанның қаптамасына жазып қойған телефон нөмеріне бір әже хабарласты. «Балам, қазағымыздың ұлттық тағамы талқанды жасаған екенсің. Өте дәмді, оны жеп отырып біз өзіміздің анамызды еске түсірдік. Осы талқанның арқасында кезінде ата-аналарымыз аштықтан аман қалған, рақмет саған!»- деді. Осы бір ауыз сөздің өзі маған қатты әсер етті. Менің дұрыс бағытта келе жатқанымды түсінуіме игі әсер етті. Ұлттық тағамдарымыз – баға жетпес құндылығымыз, оларды өндіру арқылы біз ұлттығымызды сақтаймыз. Сондықтан ұлттық тағамдардың құндылығы мен құнарлылығын халыққа, әсіресе жас ұрпаққа насихаттау басты мақсатымыз деп санаймыз. Ұлттық тағамдарымыздың пайдасын әсіресе жас буын білсе дейміз.

 

— «Адал ас» өнімдері Семей қаласының брендіне айналды. Сіздердің өнімдеріңізді сұратып алдыртатындар да бар. Өнімдеріңіз қай өңірлерге тарайды?

— «Адал АС» компаниясы – еліміздегі қоғамдық тамақтану және кондитерлік өнімдер саласындағы қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Компаниямыздың Қазақстан бойынша дамыған дистрибьюторлық желісі бар. Бүгінде Алматы, Астана, Өскемен, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе сынды еліміздің ірі қалалары қалаларында филиалдарымыз жұмыс істейді. Қазіргі уақытта дистрибьюторлық компаниялармен әріптестікті дамыту — қызметіміздегі басым бағыт. Өзіңіз айтып өткендей, «Адал АС» шынымен де қазір брендке айналды. Енді тауар өндірушілер өз өнімдерін біз арқылы сата алады. Мәселен, біздегі құрт Өскеменде, кәмпит Қызылордада, Қазалы жерінде өндіріледі. Біз үшін сапа бірінші орында, тағамдарымыз жасанды қоспасыз әзірленеді, экологиялық таза өнімнен дайындалады. Әр өнімді тексеруден өткізіп, мемлекеттік стандартқа сай сертификаттаймыз.

 

— Еңбек өнімділігі тікелей жұмысшыларға байланысты екені белгілі. Кәсіпорында қанша жұмысшы бар? Олардың әлеуметтік жағдайы, қолдау көрсету жайында айта кетсеңіз…

— Әрине, жұмысшыларға әлеуметтік қолдау көрсету өте маңызды. Бір ғана мысал келтірсем, пандемия кезінде жұмысшыларға ұн, қант, басқа да азық-түлік беріп, үйлеріне қайтарған едік. Бірақ олар өз қалауларымен 2-3 күннен кейін қайта келіп, жұмыстарын жалғастырды. Сол кезде бізде өндірісті тоқтатуға себеп те болмады, керісінше, сұраныстар көптеп түсе бастады.

Бізде бүгінде өндірісте 50 адам жұмыс істейді. 2010 жылы өнімдерімізді сата бастасақ, 2012 жылы нарықта таныла бастадық. Ұжым мүшелеріне әрдайым қолдау көрсетуге тырысамыз.Ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, кәсіпорынның аяққа нық тұруына үлес қосқан жұмысшыларымызды «Сарыағаш» шипажайына демалуға жібердік.

Жаңа технологиялармен жұмыс істеп үйренулері үшін оқуға мүмкіндік жасап отырамыз. Еңбектің өнімді болуы жұмысшыларымыздың тиімді жұмысына байланысты. Дегенмен кәсібімізді өркендету үшін өзіміздің де дамуымыз, ізденуіміз керек, жаңашылдықтарды үйренуіміз қажет. Бұл ретте кәсіпкерлік құрылымын меңгере отырып, өндірістің басқа да мүмкіндіктерін таптық.

 

— Кәсіпорынның алған марапаттары көп екенін білеміз, соларға да тоқтала кетсеңіз.

— Бізге әлеуметтік желі арқылы келетін толассыз алғыс хаттар барлық марапаттардан артық дер едім. Біздің өнімді пайдаланушылардың бір ауыз шынайы пікірі — біздің еңбегіміздің жемісі деп білеміз. Халықтың алғысы бізге қанат бітіреді, алға қарай жүруге шабыт береді. Халқымызда «Ерім деген ел болмаса, елім деген ер қайдан болады» деген сөз бар ғой. Сондықтан, әрине, еңбегіміз бағаланып жатса, бұл қаламыздың, еліміздің дамуына үлесіміз тиіп жатқаны деп есептейміз. Президентіміз айтқандай, «біз халыққа қызмет ететін менеджерлерміз». Сол себепті халықтың ықыласын алу – біз үшін ең үлкен марапат.

 

— Алдағы уақытқа қандай жоспарларыңыз бар?

— Бүгінгі таңда цехтарымыз заман талабына сай жабдықталған. Кондитерлік өнімдер қатарын да толықтырып келеміз. Тойларға, мерекелік шараларға тапсырыстар орындаймыз, жасанды қоспасыз тәтті-дімділеріміз тұтынушыларымыздың көңілінен шығуда.

Ұлттық өнімдерімізді шет елге шығару ойымызда бар. Біз көп табыс табуға ұмтылмаймыз, біздің басты мақсат – ұлттық тағамдарымызды танымал ету. Келешек ұрпаққа басқа мәдениеттерде бар нәрсенің барлығы біздің ата-бабаларымызда да болғанын көрсетіп, қазақтың бай мәдениетін танытуды мақсат етіп отырмыз. Біздің ұлттық өнімдеріміз басқа елдерде де танымал болғанын қалаймыз, сол үшін де кәсібімізді дамыта бермекпіз. Бірқатар бастамаларымыз да бар. Enactus бағдарламасы бойынша басқа елге барған студенттердің өздерімен бірге «Адал АС» өнімдерін сәлемдеме ретінде алып кеткені бар, өнімдеріміз шетелдіктердің көңілдерінен шыққан екен. Ендеше, ұлттық өнімдерімізді шет елдердегі дүкен сөрелерінен көру тек уақыттың еншісінде деп ойлаймыз. Оған бір қадам жақындап та қалдық. Өткен жылы «Байрам» башқұрт сауда желісімен азық-түлік тауарларын жеткізу туралы құжатқа қол қойдық. «Байрам» макарон, жарма, сүт өнімдері сияқты қазақстандық өндірушілердің азық-түлігіне қызығушылық танытуда. Қазір Қазақстаннан жеткізілімді ұйымдастыру үшін логистикалық және дистрибьюторлық мәселелер қарастырылып жатыр. Сапалы, бәсекеге қабілетті, экологиялық таза өнімдерімізбен танылып, қазақстандық тауардың әлемдік нарықта еркін қалықтауына үлесімізді қосу, халық игілігі үшін қызмет ету біз үшін аса маңызды.

 

— Сұхбатыңызға рақмет! Отандық өнімді дайындау және оны ілгері дамыту жолындағы істеріңізге сәттілік тілейміз!

 

Сұхбаттасқан Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс

10.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Тағы бір мәселе. Ғылымның әлеуетін...

Толығырақ...Details

Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту — аса маңызды міндет ️– Мемлекет басшысы

10.04.2026
Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту — аса маңызды міндет ️– Мемлекет басшысы

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. — Осы бағыттағы жобалардың саны...

Толығырақ...Details

Ата заңымызда алғаш рет ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді

10.04.2026
Ата заңымызда алғаш рет ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты...

Толығырақ...Details

Президент ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды

10.04.2026
Президент ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды. — Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев: Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн

10.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты. — Жақында АҚШ соттарының бірі шығарған шешімге сәйкес, кейбір интернет-платформалардың алгоритмі...

Толығырақ...Details

Президент Таза Қазақстанның түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

10.04.2026
Президент Таза Қазақстанның түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс

3 дня бұрын

Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту — аса маңызды міндет ️– Мемлекет басшысы

3 дня бұрын

Ата заңымызда алғаш рет ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді

3 дня бұрын

Президент ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн

3 дня бұрын

Президент Таза Қазақстанның түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

3 дня бұрын

Президент жауапкершілік пен тәртіп қағидаттарын дәріптеудің маңызына тоқталды

3 дня бұрын

Президент: Заң мен тәртіп идеологиясы күнделікті өмірдің барлық саласында қатаң сақталуға тиіс

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы тұлғаларды ұлықтау жұмысына тың серпін беру аса маңызды

3 дня бұрын

Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз — Қасым-Жомарт Тоқаев

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС