"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ ЕРІКТІЛЕР

09.12.2022
ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ ЕРІКТІЛЕР
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қайырымдылық

5 желтоқсан күні Бизнес және Сервис колледжінде Семей қаласы әкімдігінің “Ішкі саясат бөлімі” ММ қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Халықаралық волонтерлер күніне орай, “Кең жүрекпен” атты қайырымдылық кеші өтті. Іс-шараға ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Соғымбай, колледж оқытушылары және студенттер қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

 

Өмірлерінің бір бөлігін қоғам игілігіне, мейірімділікке арнайтын еріктілерді бүгінгі күннің батырлары деуге болады.  Олардың бойындағы қайырымдылық қасиет, жүректерінің кеңдігі – жастарға үлгі-өнеге. Жастар ресурстық орталығының мәліметінше, бүгінде Семей қаласында 30-ға жуық волонтерлік ұйым жұмыс істейді екен.  Олардың көпшілігі — колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері.

— Құрметті волонтер жастар, Сіздерді 5 желтоқсан — Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтаймын! Волонтерлік — кең жүректі азаматтардың ғана қолынан келетін іс. Өздеріңіз білетіндей, елімізде Мемлекет басшысының Жарлығымен волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған көптеген іс-шаралар жоспары бекітілді. Абай облысының, оның ішінде Семей қаласындағы орта арнаулы кәсіптік-техникалық білім беретін колледждердің студенттері волонтерліктің «Асыл мұра», «Сабақтастық», «Таза әлем» бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Жылдағы дәстүр бойынша, желтоқсан айының соңында «Жыл таңдауы» байқауында әр сала бойынша жемісті еңбек етіп жүрген үздік жастарды іріктеп, марапаттаймыз. Жылдың үздік волонтерін сіздермен бірге таңдайтын боламыз,- деді Олжас Соғымбай.

Кеш барысында аукцион ұйымдастырылып, жергілікті қылқалам шеберінің қолынан шыққан картина, Жомарт Рятовтың «Сапалы қазақ» атты киімдер топтамасынан күртеше мен футболка, Жансерік Қадырбаевтың «Менің роднойларым» атты кітабы,  қөлөнер бұйымдары 15-20 мың теңге аралығында сатылды. Жиналған 100 мың теңге қаражат қайырымдылыққа жұмсалатын болады.

Кеш соңында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың алғыс хатымен «Адал ұрпақ» (Қайнар жоғары колледжі), «Жан жылуы» (Ж.Шайжүнісов атындағы Электронды колледж), «Біз бармыз» (М.Төлебаев атындағы музыка училищесі), «Мейірім» (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж), «Алтын жүрек» (Семей медициналық колледжі), «Үміт» (Семей жоғары көп салалы колледжі), «Қолдау» (Шәкәрім университеті), «Кең жүрек» (Агробизнес және экономика колледжі), «Ашық жүрек» (Авиценна жоғары медициналық колледжі), «Ашық жүрек» (Көлік колледжі), «Ашық жүрек» (Политехникалық колледжі),  «Ақ ниет» (Д.Қалматев атындағы жоғары медициналық колледжі),  «Ашық жүрек» (Innovative колледжі), «Доброволец» (Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі), «Қайырымды студенттер» (Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі),  «Academy of Kindness» (Геологиялық барлау колледжі),  «Ақниет» (Alikhan Bokeikhan University), «Ашық жүрек» (Индустрия-технология колледжі),  «Ашық жүрек» (Электротехника колледжі) және «Y — PEER» еріктілер ұйымдары марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

8 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

8 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

8 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

8 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

9 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

9 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС