"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАТЫГЕЗДІККЕ ҚАРСЫ 16 КҮН

09.12.2022
ҚАТЫГЕЗДІККЕ ҚАРСЫ 16 КҮН

Абай кітапханасында «Жанұя» қоғамдық қоры мен Абай облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында брифинг өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының, ішкі саясат, білім бөлімдерінің өкілдері, журналистер мен еріктілер қатысты. Отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, халықтың полицияға сенімін арттыру мен мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі республикалық акция Абай облысының аумағында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтуде.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

 «Жанұя» қоғамдық қорының басшысы Людмила Асташкина аталған халықаралық акция 62 жыл бұрын пайда болғанын, бірақ 1991 жылы халықаралық мәртебеге ие болған кезден бастап дәстүрлі түрде барлық елдерде өткізіліп келе жатқанын атап өтті.

— Зорлық-зомбылыққа ұшыраған, бірақ бұл туралы айтуға қорқатын және айта алмайтын адамдарға сіздерді қорғай алатын құқық қорғау органдары бар екенін айтқым келеді. Бірақ қажетті шаралар қолданылғанымен, құқық бұзушы біраз уақыттан кейін қайтадан өз әдетіне салатын жағдайлар да баршылық.  Сондықтан әйелдерді шынымен қорғай алатын жүйелі шаралар қабылдануы керек. Өкінішке қарай, қаламызда дағдарыс орталығы жоқ. Облыс болғаннан кейін бұл мәселелер облыс әкімдігінің, қоғам қайраткерлері мен жергілікті полиция қызметінің ықпалымен шешіледі деп ойлаймын. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар мен олардың балаларына белгілі бір уақыт аралығына баспана болатын мекен керек. Бұл бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз, — деді Людмила Асташкина.

«Аналар үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Айнагүл Нұртазина да қандай да бір өмірлік қиын жағдайға тап болған балалы отбасылардың жағдайын жақсартуға бағытталған, балаларды қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан қорғайтын дағдарыс орталығының қаламызда болуы керектігін алға тартты. Сондай-ақ ажырасу статистикасын азайту мақсатында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мен насихаттаудың, жалпы, отбасын құрудағы жауапкершілік пен оны сақтаудың маңыздылығын айтып өтті.

— Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жүргізу, қоғамның полицияға деген сенімін арттыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі. Бұл акция әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша халықаралық күрес күніне орайластырылған. Басты мақсаты – адамдарға отбасындағы проблемаларды жасырып, оған төзе беруге болмайтынын, құқық қорғау органдарынан көмек сұрау керек екенін түсіндіру. Осы акция шеңберінде Абай облысының полицейлері тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім, алкогольдік ішімдікті шамасынан тыс пайдаланатын адамдарды, сондай-ақ қолайсыз жағдайда өмір сүретін отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексереді, — деді Абай облысы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Мадина Асылханқызы.

Жиында айтылғандай, дыл басынан бері облыс аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынаста құқыққа қайшы іс-әрекеттері үшін 1800-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, отбасылық агрессорларға қатысты екі мыңнан астам қорғау ұйғарымдары шығарылып, 350-ден астам құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген.

Абай облыстық полиция департаменті азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық фактілері бойынша «102» арнасына хабарлауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

6 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

6 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

6 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

23 часа бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

23 часа бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС