"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАС КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

13.12.2022
ЖАС КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
73
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

7-8 желтоқсан күндері Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен саз әлемінің саңлағы, қазақ музыкасы симфониялық күй жанрының негізін салушылардың бірі Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған І Республикалық композиторлар байқауы өтті. Байқауға Алматы, Астана қалаларынан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Абай облыстарынан келген 14 композитор өз шығармаларын ұсынды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Байқаудың мақсаты – өнерде орны бөлек дара тұлға Е.Рахмадиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, талантты композиторларды халыққа кеңінен танытып, оларға қолдау көрсету. Аягөз ауданының тумасы, КСРО халық әртісі, белгілі композитор, профессор, Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Еркеғали Рахмадиев – қазақ өнері үшін зор үлес қосқан XX ғасырдың басындағы ең жарқын тұлға. Ол қазақ халқының көрнекті композиторы бола отырып, музыка өнеріндегі тұтас бір дәуірдің тұлғасына айналды.

Байқау шарты бойынша, 50 жасқа дейінгі кәсіби және әуесқой композиторлар бұрын еш жерде жарияланбаған Абай облысының тарихы мен табиғатына басымдық бере отырып, туған жер, Отан тақырыптарына жазылған 1 шығарма ұсыну керек болды. 7 қазан күні Абай атындағы театрда байқаудың іріктеу кезеңі өтті. Байқауға ұсынылған туындыларға қазылар алқасы құрамындағы «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директоры Ақтоты Райымқұлова, Е.Рахмадиевтің шәкірті, композитор Серік Еркімбеков, Еркеғали Рахмадиев атындағы қоғамдық қордың директоры, композитор Айсұлу Тани, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Жоламан Тұрсынбаев, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның директоры, күйші, композитор Айбек Бекбосынов баға берді.

Ал 8 желтоқсан күні қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жергілікті БАҚ өкілдері Е.Рахмадиевтің шығармашылығы, еңбек жолы және байқау туралы сұрақтарын қойды.

— КСРО халық әртісі, белгілі композитор, профессор, Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің  90 жылдығына арналған республикалық композиторлар байқауы мәресіне жетті. Композитордың 90 жылдық мерейтойына орай республика көлемінде әр түрлі шаралар өткізілді. Жыл соңында сырлы саздың саңлағы, елінің еркесіне айналған композитор Еркеғали Рахмадиевтің есімі ұлықталған республикалық іс-шараларды қорытындылайтын байқаудың Абай жерінде өтіп жатқаны үшін облыс әкімдігі мен мәдениет басқармасына алғысымыз зор. Байқауға ұсынылған әр шығарма өзіндік сипатымен ерекше болды. Халық аспаптар оркестріне, этнографиялық-фольклорлық ансамбльдеріне арналған туындылар, эстрадалық әндер де болды. Алдағы уақытта да облыс әкімдігімен, мәдениет басқармасымен бірлесе отырып мәдениет, өнер саласында түрлі шаралар өткізу жоспарда бар, — деді Ақтоты Рахметоллақызы.

Баспасөз конференциясында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК  мен Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК ұжымы мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі екі жақты меморандумға қол қойды.

Баспасөз конференциясынан кейін Абай атындағы театрда Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған І Республикалық композиторлар байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Байқауға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков құттықтады.

— Абай облысы дарынды тұлғаларды өмірге әкелген. Бұл байқаудың жас таланттарды тануда маңызы ерекше, сондықтан оларға қолдау көрсету мақсатында алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізілетін ән байқауына айналатын болады, — дейді Шалқар Заманбекұлы.

Байқау қорытындысы бойынша, Жамбыл облысынан келген Ербосын Қасымбеков бас жүлдеге ие болды, жүлде қоры 500 мың теңге. І орын алматылық Төлебай Жарасханға бұйырды, жүлде қоры 300 мың теңге. Ал ІІ орын жерлесіміз Гүлдана Ноғайбаеваға берілді, жүлде қоры 200 мың теңге. ІІІ орынды да семейлік Слямқұл Береке иеленді, жүлде қоры 100 мың теңге.

Сондай-ақ басқа да қатысушыларға қазылар алқасының арнайы жүлделері табысталды. Еркеғали Рахмадиев атындағы қордың арнайы жүлдесіне семейлік Әділет Серіков, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының жүлдесіне ақтөбелік Жанболат Сағиев ие болды.

Республикалық байқау жеңіске жеткен композиторлардың қатысуымен өткен гала-концертпен қорытындыланды.

ЖАС КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ ЖАС КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ ЖАС КОМПОЗИТОРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

7 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

7 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

7 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

7 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

8 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

8 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС