"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРМАЛЫҚ 12 СТУДЕНТ 100 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ

20.12.2022
ЖАРМАЛЫҚ 12 СТУДЕНТ 100 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Семей Қалалық Мәдениет сарайында Әлихан Бөкейхан университеті мен Әміре Қашаубаев атындағы филармония ұжымының ұйымдастыруымен «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына және Тәуелсіздік күніне орай салтанатты кеш өтті.

 

Кеш барысында қазақ ән өнерінің тарихына «Алаш» әндері» деген атпен енген бірегей музыкалық туындылар – Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Қапез Байғабылұлы, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш арыстарының әндері орындалып, көрермендерге әр әннің шығу тегі, мән-мағынасы мен орындалу ерекшеліктері туралы тарихи-танымдық ақпараттар берілді. Күннің аязына қарамастан, ұлтты ұйыстыруға, елдікті насихаттауға, еркіндік пен азаттыққа үндейтін жыр жауһарларын тыңдауға келген көрермен қауы- мы Мәдениет сарайының залына лық толды. Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан, Міржақыптай Алаш арыстарын еске алуға арналған іс-шара- ғы Жарма ауданы әкімдігінің өкілдері арнайы ба- рып, қатысып қайтты. Аудандық мәслихат хатшы- сы Мейірхан Оспанбаев Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыровтың құттықтауын жеткізіп, аталған университетте білім алып жатқан жармалық 12 студентке қаржылай сертификаттар табыстады. — Тарихқа тағзым ете отырып, жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру біздің негізгі ұстанымы- мыз десек болады. Осынау рухани кешке арнайы келудегі негізгі мақсатымыз – университетте оқып жүрген аудан жастарына қолдау көрсету арқылы білім алуға деген ынта-жігерлерін арттыру үшін қаржылай сертификаттар тапсыру. Бұл жастардың келешекте өздері өсіп, білім алған туған жеріне келіп қызмет етеріне сенім мол. Жарма ауданы – ауыл шаруашылығымен қатар, кен өндіру саласы да дамып келе жатқан өңір. Аудандағы кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында білім алып жатқан жастармен тығыз қарым-қатынас орната отырып, оларға қолдау көрсетудеміз,- деді аудандық мәслихат хатшысы Мейірхан Оспанбаев.

Айта кетелік, бұл қаржы аудандық «Береке» қорынан бөлініп отыр. Жарма ауданында осыдан 7-8 жыл бұрын құрылған қор өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. Аудандық қордың атқарушы директоры Құрма Тілеубаева құ- рамына ардагерлер мен ауданның Құрметті азамат- тары енетін құрылтайдың шешімімен мұндағы қаржы көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек ретінде берілетінін айтты, сондай-ақ биылғы жылы қиын жағдайға тап болған өңірдегі 22 тұрғын қор есебінен баспаналы болғанын жеткізді. Таяуда аудан әкімінің бастамасы мен қор құрылтайының шешімімен университетте оқып жүрген аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына қаржылай қолдау туралы мәселе көтеріліп, оң шешімін тапты. Ел ертеңі жастарға қолдау көрсетудің маңызы зор. Университет ұжымы да әсем ән әуелеген руха- ни кешке үн қосып, шәкірттеріне қолдау көрсеткен Жарма ауданының өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.

 

Кәусар АРЫҚХАНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

19 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

19 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС