"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САМБО САҢЛАҚТАРЫ СЕМЕЙДЕ

27.12.2022
САМБО САҢЛАҚТАРЫ СЕМЕЙДЕ
88
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының орталығы Семей қаласында жуырда ерлер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Кубогы — Қабанбай батыр мемориалы өтті. «Арена» мәдени-спорт кешенінде үш күнге жалғасқан жарыста еліміздің кіл мықты самбо саңлақтары бас қосып, ерлер 8 салмақта, әйелдер 7 салмақта бақ сынады.

Ертіс жағасына төселген бозкілемнің көрігін қыздыруға 400-ден аса балуан жиналғанын айта кету ләзім. Қабанбай батыр мемориалы биыл дәстүрлі түрде 22-ші мәрте ұйымдастырылып отырғанын да еске салып өткен орынды. Биылғы бәсі жоғары бәсеке Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған мәдени және спорттық іс-шаралардың қорытындысы деуге болады. Жарыстың ашылу салтанатында Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов еліміздің самбошыларына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың құттықтауын жеткізді. Халықаралық «Қабанбай» қоғамдық қорының төрағасы Құсман Шалабаев, Қазақстан Республикасы спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының бас хатшысы Ерназар Бексұлтанов, самбо күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Асылбек Кәкенов спортшыларға сәттілік тіледі. Соңғы жылдары елімізде самбо күресінің дамуы даңғыл жолға түскен. Әсіресе Семейде күрестің осы түрінен түрлі жарыстар тиянақты өтіп келеді. Соңғы үш жылда екі рет Қазақстан чемпионаты мен жастар арасында өткен ел біріншілігі сөзімізге дәлел бола алады. Сонымен қатар жарыстың ашылуында Қазақстандық жауынгерлік өнер ассоциациясының қолдауымен республикалық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы тарапынан Абай облысының самбошыларына жаңа күрес кілемі табыс етілді. Жалпы, мұндай күрес кілемі бұған дейін де 10 облысқа берілген болатын. Бүгінде Шымкент қаласы, Қарағанды, Павлодар, СҚО, Қостанай, Жамбыл және Жетісу облыстарының самбошылары жаңа кілемде жаттығу жасап жүр. Бұл ретте еліміздің самбошылары Қазақстандық жауынгерлік өнер ассоциациясына, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Спорт қорына», «KAZ Minerals» компаниясына, республикалық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясына алғыс айтамыз.

Бұл жарыста Абай облысының намысын спортшылар жақсы қорғады. Әйелдер арасында 50 келіде Альира Шегелекова күмістен, 54 келіде Дильназ Қырықбаева қоладан медаль тақты. 65 келіде Жанерке Жасұланқызы қолаға қол созса, осы салмақта Зарина Сарипова чемпион атанды. Ерлер арасында 53 келіде Сұңғат Нұрлатұлы қола жүлде алды. 64 келіде Төлеген Нұрғалиев пен +98 келіде Ерасыл Қажыбаев қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіске жетті. 71 келіде Нұрғали Тұрсынғазиев, 88 келіде Елдар Бейсембаев,  98 келіде Руслан Жарқынбаев күміспен күптелді. Жауынгерлік самбодан да спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. 58 келіде Мұхтар Мейрамбек, 71 келіде Дәурен Дәкенов жеңістің биік тұғырынан көрінді.  Өз салмақтарында Айғасыр Әбілов, Ербота Нұртасов күміс жүлде алса, Жастілек Ахметбеков, Дәулет Аманұлы, Ернар Оразаев, Армат Жетпісов, Дамир Секен қолаға қол созды.

Ал үшінші күні командалық жарыста әйелдер арасында Түркістан облысына жол берген Абай облысының командасы екінші орынға жайғасты. Ал жауынгерлік және спорттық самбодан Абай облысының командасы қарсылас шақ келтірмей, бірінші орын алды.

 

Абай облысының спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы

Мақалада: САМБО САҢЛАҚТАРЫ СЕМЕЙДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

48 минут бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 час бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

24 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

24 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

24 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС