"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қызметінен кеткен Аймағамбетов мұғалімдерге соңғы сөзін айтты

05.01.2023
Қызметінен кеткен Аймағамбетов мұғалімдерге соңғы сөзін айтты
585
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әріптестеріне алғыс айтты, деп хабарлайды semeytany.kz Stan.kz ке сілтеме беріп.

Асхат Қанатұлы әлеуметтік желідегі парақшасына алдымен 2019 жылғы маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне өте маңызды білім мен ғылым салаларын сеніп тапсырғанын жазған.

«Кейіннен Мемлекет басшысы мені үш рет қайта тағайындады. Алдымен Білім және ғылым министрі, содан кейін 100 жылға жуық уақыттан кейін қайта құрылған, ұлағатты ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов басқарған Оқу-ағарту министрлігіне қайта тағайындады.

Осы уақыт ішінде маған жүктелген сенімді ақтауға және ашық болуға, жұмыста тиімді әрі пайдалы болуға тырыстым.

Өмірімнің осы маңызды кезеңінде сіздердің, Президенттің, мұғалімдердің, ата-аналардың, министрліктің бүкіл ұжымының, азаматтық қоғамның қолдауының арқасында маңызды нәтижелерге қол жеткіздік.

Білім және ғылым саласына жауапты болған министр ретінде өздеріңізге есеп беріп, атқарылған жұмыстар туралы айту жөн деп санаймын. Алдағы уақытта министр лауазымында қабылданған әрбір шешім туралы егжей-тегжейлі есеп беруді және бұл шешімдердің логикасы туралы айтуды жоспарлап отырмын. Оны кез келген адам көре алады.

Осы жылдар ішінде мен халқымыздың батасын алып, Президенттің сенімін ақтау үшін, ел игілігі үшін жұмыс істеуге тырыстым.

Жалпы алғанда, мен үшін уақыт талабына сәйкес келетін жаңа реформаларды енгізу ғана емес, сонымен қатар сабақтастықты сақтау маңызды болды. Әсіресе, пандемия кезінде қиын болды, бірақ әріптестеріміздің түсінігі мен қолдауының арқасында ол уақыттан да өттік.

Осы уақыт аралығында мұғалімдердің үлкен қолдауын сезіндім. Сол үшін құрметті әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Менің шешімдерімді түсініп, қолдағандарыңыз үшін рақмет. Оның барлығы әрқайсыңыздың еңбек жағдайыңызды жақсартуға бағытталған болатын.

Президенттің қолдауы арқасында біз өте маңызды құжатты — «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдадық.

Соның арқасында түбегейлі өзгерістер болды, мысалы, жалақыны көтеру, қосымша төлемдер, міндетке жатпайтын қызметтерден босату, бес күндік жұмыс аптасына ауысу, 30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерді ҰБТ-дан босату және 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар мұғалімдерге төсбелгі тағайындау және т.б.

Білім беру саласы — қарқынды дамып келе жатқан сала. Сондықтан енгізілген жаңалықтарға түсіністікпен қараған ата-аналарға алғысымды білдіргім келеді. Қандай да бір бастаманы жүзеге асырғанда балаларымыздың мүдделерін негізге алдық. Осыған дейін де балаларымның мемлекеттік мектеп пен балабақшаға баратынын бірнеше рет айтқан болатынмын.

Біз балабақша тәрбиешілеріне, колледж мұғалімдері мен университет оқытушыларына да қолайлы жағдай жасауға тырыстық.

Барлық идея мен алға қойылған міндетті іске асырған Оқу-ағарту министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, департаменттердің, білім басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің, білім беру ұйымдарының барлық қызметкеріне ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Сіздер бағалауға келмейтін ауқымды жұмыс атқардыңыздар. Кейде тым қатал, талапшыл болатынымды білемін.

Ашық сөйлеп, қолдау білдіріп, сын айтқан қоғам қайраткерлері мен белсенділерге алғыс айтамын. Мен әрқашан сындарлы ескертулерді қабылдауға дайынмын және оларды түзетуге тырысамын.

Сондай-ақ жаңалықтарымызды жариялаған журналистерге де еңбектері үшін алғыс айтамын. Біз өзекті ақпаратты белсенді түрде бөлісуге және диалог үшін әрқашан ашық болуға тырыстық.

Кез келген адам тыңдай алатын аппарат жиналыстары апта сайын ұйымдастырылды. Жұмыс кестемнің тығыздығына қарамастан, сұхбатқа да уақыт бөлуге тырыстым. Өйткені жаңалықтар мен қабылданған шешімдерді отандастарымызға уақытылы жеткізу және олардың түсінуі маңызды болды.

Тәрбиешілермен, оқушылармен, студенттермен, ұстаздармен, мектеп, колледж директорларымен, оқытушылармен, ректорлармен, ғалымдармен, білім басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен көптеген кездесу өткіздім. Мен үшін әртүрлі деңгейдегі білім беру өкілдерінің пікірлерін тыңдау және қандай да бір шешім қабылдағанда барлық мәселенің «оң» және «теріс» жақтарын таразылау маңызды болды.

Осы қызметте саланың дамуына үлес қосып, отандастарым мен Президенттің сенімін ақтай алдым деп үміттенемін», — делінген министрдің жазбасында.

Айта кетсек, бүгін Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министі қызметінен босатылып, орнына Ғани Бейсембаев тағайындалған болатын.

Мақалада: Қызметінен кеткен Аймағамбетов мұғалімдерге соңғы сөзін айтты

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

5 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС