"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІ

31.12.2022
ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Семей қаласында облыс бойынша «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының алғашқы қатысушыларына салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Жоба аясында республиканың бес облысында бірінші лектің 114 қатысушысы оқуын сәтті аяқтады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Абай облысының 29 тұрғыны «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында оқуын аяқтағаны туралы сертификат алды. Олар бір ай бойы кешенді оқу курсынан өтіп, кәсіби дағдыларды игерді. «Табысты отбасы» жобасына қатысушыларды «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өкілдері, қоғам белсенділері, бизнес-тренерлер мен жоба тәлімгерлері құттықтады.

Жобаға облысымыздан қатысқан 29 адамның 10-ы әлеуметтік желілердегі маркетинг бойынша білім алса, 13 тұрғын bеauty саласын таңдады және 6 қатысушы «Кондитерлік іс» мамандығы бойынша оқудан өтті.

Қатысушылар үшін жоба мұнымен аяқталған жоқ. Үш ай ішінде олар өз ісін бастау және дамыту мәселелерінде тәлімгерлерден әлі де қолдау алатын болады. Ең бастысы, оларға 150 АЕК сомасына қажетті құрал-жабдық тегін беріледі.

Бұл орайда «Табысты отбасы» жобасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауының арқасында іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Аталған қор медициналық және әлеуметтік жобаларды қолдаумен айналысады. «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қор өңірлерді және алыс ауылдарды дамытуға баса назар аударуда.

— Бүгін оқудан өтіп, өз ісін ашуға мүмкіндік алған отбасылар үшін маңызды күн. Біз Жаңа жыл қарсаңында жүздеген адамның тәлімгерлер мен жаттықтырушылардан тәжірибе жинап, кешенді оқытудан өткеніне және отбасының қаржылық жағдайын жақсарту үшін нақты қолдау алғанына қуаныштымыз. «Табысты отбасы» жобасының әрбір қатысушысының ісі алға бассын деп тілейміз,- деп құттықтады жоба түлектерін «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өкілі.

— Жобаның бірінші күнінде қатысушылардың әрқайсысында қорқыныш сезімі басым еді. Бірақ барлығына ортақ бір мақсат болды. Ол — өз ісін ашу. Бір айдың ішінде қатысушылар көп жұмыс атқарды. Тәлімгерлер олардың жеке әлеуетін ашуға, кәсіпкерлік қабілеттерін дамытуға көмектесті. Жоба дизайнерлері әр түлек үшін логотип әзірледі. Бір айдың ішінде олар бір отбасының мүшесіндей болып кетті. Осы жобаның әрбір қатысушысы өз мақсатына жетіп, қаржылық жағдайларын жақсартатындарына сенімдімін,- дейді жоба тәлімгері Лаура Байділданова.

Естеріңізге сала кетейік, «Табысты отбасы» әлеуметтік пилоттық жобасы 1 желтоқсанда Абай, Жетісу, Ұлытау, Түркістан және Ақтөбе облыстарында бастау алған болатын. Жоба халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған, сондай-ақ асыраушысынан айырылған отбасыларды, табысы төмен жанұядан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған.

Оқыту бағдарламасы аясында қатысушылар тігін ісі, автоэлектрик, кондитерлік өнімдер, beauty саласы және әлеуметтік медиа менеджері сияқты бес бейіндік бағыттың бірін таңдайды. Жобаның басты ерекшелегі — қатысушалр бейіндік оқытудан өтіп, жаттықтырушы мен тәлімгердің барлық талаптарын орындаған жағдайда өз ісін ашу үшін қажетті жабдықты өтеусіз алады.

Мақалада: ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

12 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

12 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

14 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС