"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨКТАЙҒАҚТА ҚАЛАЙ ЖҮРСІЗ?

11.01.2023
КӨКТАЙҒАҚТА ҚАЛАЙ ЖҮРСІЗ?
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

КӨКТАЙҒАҚТА ҚАЛАЙ ЖҮРСІЗ?

Сейсенбі, 10 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинге Абай облысы және Семей қаласында жолдар мен көшелерді қардан тазалау жұмыстары туралы айтылды. БАҚ өкілдерімен кездесуге Абай облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Ескендіров, Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Әділбек Увасилов, «Семей жолдары» ЖШС директоры Ермұрат Шарипов қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Брифинг барысында Абай облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Ескендіров республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстары жайлы баяндады. Облыстық маңызы бар жолдарды қысқы күтіп ұстауға «Семей Жолдары» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарымен 5 қосалқы мердігер ұйым айналысады.

— Абай облысы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 6 715 шақырымды құрайды. Оның 2 176 шақырымы — республикалық маңызы бар жолдар, 1 611 шақырымы облыстық, 2 928 шақырымы  аудандық маңызға ие. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына «ҚазАвтоЖол» ҰК жауапты, оған «Қазақавтожол» ЖШС қызмет көрсетеді. Аудандық маңызы бар жолдар  жергілікті коммуналдық қызметтерге қарайды. Жолдарды тазарту үшін 310 техника дайындалды, — дейді Нұржан Әлібекұлы.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап Абай облысында дауылды ескертулер жарияланды, күрделі метеорологиялық жағдайлар сақталып, бірнеше рет автомобиль жолдары жабылды. 9 қаңтардағы жағдай бойынша, республикалық маңызы бар жолдар 37 рет, облыстық маңызы бар жолдар 42 рет жабылды. Жол ұйымдары жолдардың жабық учаскелерінде көлік құралдары жиналып қалған кезде полиция департаментінің бөлімшелерімен бірлесіп шамамен 27 рет көліктерді колоннамен алып шықты. Облыстың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жанар-жағармай материалдарының тапшылығын болдырмау мақсатында бензовоз көліктерін Абай ауданының Қарауыл ауылына дейін, Аягөз және Үшарал қалаларынан Үржар ауданына жеткізу ұйымдастырылды, сондай-ақ Шульбинск кентіне көмір жеткізілді. Адамдар жақын маңдағы жылыту пункттеріне эвакуацияланды. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржан Ескендіров сөз соңында облыс тұрғындарынан сақтық шараларын сақтауды сұрады.

КӨКТАЙҒАҚТА ҚАЛАЙ ЖҮРСІЗ?

Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Әділбек Увасилов шаһардағы қар шығару және жолдарды тазалау, көктайғақпен күрес жұмыстарының барысы туралы айтып өтті.

— Қалада  жаңбыр аралас қар жауып, температураның төмендеуіне байланысты жолдар мен тротуарларда көктайғақ пайда болды. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көктайғаққа қарсы шаралар жүргізуде. Автобус аялдамаларында, жолдардың түсу және көтерілу бөліктерінде, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол қиылыстарында құм-тұз қоспасын себу жұмыстары таңғы сағат 4-тен бастап жүргізілсе, жаяу жүргіншілер жолдарында сағат 7-ден басталады. Сондай-ақ жолдардың бетін тегістеу үшін автогрейдер техникасы қолданылуда. Жұмыс екі ауысымда — түнде және күндіз жүргізілуде. Күндіз шамамен 40, түнгі ауысымда желіге 60-тан астам қар тазалау техникасы шығады. Қыстың басынан бері қала аумағынан 150 мың текше метрден астам қар шығарылды, — деді Әділбек Дәулетбекұлы.

Әділбек Увасилов мердігер кәсіпорынның техникасы жол тазалауға уақтылы шықпаған немесе жұмысты сапасыз орындаған жағдайлар болып жататынын айтты. Бұл кемшіліктердің алдын алу мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан айыппұл салынады..

Соңғы жылдары қаладағы жол тазалау жұмыстарына қатысты көптеген шағымдар айтылуда. Оның бір себебі, бас маманның айтуынша, арнайы техниканың жетіспеушілігінде. Қала жолдарын уақтылы тазалау үшін шамамен 300 бірлік техника қажет екен, ал бүгінде қолда бары тек жүзге жуық қана. Бұл мәселе жолдарды санитарлық тазарту жүйесін жаңғырту арқылы шешілмек. Жақын арада жаңа тендер өткізу жоспарланып отыр. Ол бойынша қала 5 учаскеге бөлінеді. Әр учаскеде өз техникасы, өз мердігері болады. Қазір жобалау құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Брифинг барысында сондай-ақ мердігерлік ұйымдар арасында бәсекелестік артып келе жатқаны туралы да айтылды. Бұл ретте мердігерлердің жұмыс сапасын арттыруға мүдделі болары сөзсіз. Екіншіден, мердігер ұйымдардың санын көбейту қар жауған кезеңде желіге бір мезгілде 10 бригаданы шығаруға мүмкіндік береді.

Мақалада: КӨКТАЙҒАҚТА ҚАЛАЙ ЖҮРСІЗ?

Ұқсас жаңалықтар

No Content Available

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

17 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

18 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

19 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

19 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

19 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС