"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

SAMRUK-KAZYNA TRUST-тің ТАРТУЫ

13.01.2023
SAMRUK-KAZYNA TRUST-тің ТАРТУЫ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

SAMRUK-KAZYNA TRUST-тің ТАРТУЫ

Сәрсенбі, 11 қаңтар күні «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметіне арналған қорытынды кеш өтті. Салтанатты шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2016 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан бірыңғай қайырымдылық қызметімен айналысады. Қор денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бұқаралық спорт, халықтың әлеуметтік топтарын қолдау салаларында тұрақты түрде өз жобаларын жүзеге асырып келеді. Басты мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға көмектесу болып отыр.

Салтанатты шара Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының 2022 жылы атқарған қайырымдылық жұмыстарының қорытындысын шығаруға арналды.  Қорытынды кеште «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековке Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры тарапынан облысымыз үшін арнайы медициналық көліктер — 5 реанимобиль мен 3 инватакси сертификатын табыстады. Жаңа көліктердің медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізетіні анық.

SAMRUK-KAZYNA TRUST-тің ТАРТУЫ

Аталған шара барысында сонымен қатар маңызды әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы туралы есеп беріліп, қатысушылар емін-еркін пікір алмасты.

Осы ретте айта кетер тағы бір қуанышты жаңалық бар. Абай облысының дәрігерлері енді ұшақпен де жедел көмек көрсете алады. Абай облысы жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық авиация бөлімшесінде елеулі оқиға орын алды десек те болады. Алдағы уақытта медициналық авиация желісі бойынша ұша алатын L 410 ұшағы Павлодар, Өскемен, Аягөз қалалары мен Үржар ауылынан бір мезгілде бірнеше науқасты жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Абай облысының медициналық орталықтарына тасымалдайтын болады.

Жуырда Абай облысының дәрігерлері осы әуе кемесімен Үржар ауылына алғаш рет ұшып барды. Акушер-гинеколог дәрігер А.К.Дайрбеков, реаниматолог дәрігер Д.С.Төкенов әлеуметтік желіде медициналық авиация жайында пікір білдірді.

«Абай облысының медициналық авиация қызметінің L 410 ұшағымен жабдықталуы облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа кезеңін ашады. Біз бұған өте қуаныштымыз, өңіріміздің тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жетілдіретін боламыз», — деп атап өтті сала мамандары әлеуметтік желідегі @skoraya103semey атты жеке парақшасында.

Абай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық авиация бөлімшесі мамандары әуе кемесімен қамтамасыз етуге жәрдемдескені үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығына алғыстарын білдіруде.

 

Мақалада: SAMRUK-KAZYNA TRUST-тің ТАРТУЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

20 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС