"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жанына марқұм құрбысы маза бермей жүр екен

10.01.2023
Жанына марқұм құрбысы маза бермей жүр екен

Мектепті таяуда ғана бітірген Әсияның қуанышында шек жоқ. Жастайынан басынан басы артық құс ұшырмай өсірген әке-шешесі міндетті түрде оны армандаған. Алматысына алып барары сөзсіз. Оның үстіне мектеп қабырғасында жүріп-ақ, халықаралық олимпиадаға қатысып, білім грантын да ұтып алған.

Сондықтан да, артына қарайлайтын ештеңе де қалмады. Тек қана ішінде бір өкініш бар. Егіз қозыдай бірге өскен құрбысы екеуі ары қарай да бірге оқуды армандайтын. Амал не, Гүлмира мектеп бітіру кешіне киетін көйлегін алуға қалаға бара жатқан жолда жол апатынан көз жұмды. Жас кетті. Бүгінде бір төбе топыраққа айналып қалған құрбысын қимай кетіп барады. Тірі қалғанында әлі талай күндерді, студенттік өмірдің бал шақтарын тура екеуі армандағандай етіп өткізер ме еді, кім білсін…

Алматыға барып, құжаттарын өткізгеннен соң, бірден жаңа достар тапты. Сабақ басталғанша ата-анасымен арман қаланы армансыз шарлады-ау. Кезінде әке-шешесін де табыстырған осы қала болатын. Сондықтан олар да сағынышқа айналған шаһарға жеткендеріне өте қуанышты.

Не керек, университет қабырғасын аттайтын да күн жақын қалды. Бірге оқитын балалармен әлдеқашан танысып алған. Тіптен, өз облысынан келген екі қызбен жатақханадағы бөлмені бірге алуды жоспарлап та қойыпты. Алайда, Әсияның әкесі оның жатақханада тұруына үзілді-кесілді қарсы болады. Ол жақта орын алатын түрлі оқиғалардан қорықты ма кім білсін, «ертең сабақ оқымай қояды, ұйқысы бұзыладыны» желеу етіп, ақыры онда тұруына жол берген жоқ. Есесіне, тура университеттің қасынан жатақханада тұрмайтын өзі секілді үш қызды тауып, пәтер жалдап берді. Үйіне орналастырғаннан соң, ата-анасы ауылдарына қарай бет алды. Осылайша, керемет күндер басталып та кетті. Мамандығы да өзіне ұнайды, достары да басым көпшілігі өзі секілді ауылдан келген қарапайым балалар.

Арада екі апта уақыт өткеннен соң, таңертең сабаққа шығарда сыртқы есіктің ашық қалып жүргенін байқады. Кішкентай қыздар ғой, аңғал шеттерінен. Мүмкін, құлыптап жатуды ұмытып кеткен болар. Оның үстіне ауылда есікті құлыптап үйренбеген. Алайда, осы үрдіс осымен бесінші рет қайталанды. Осыдан соң, бірге тұратын үш қыз түнде жатарда міндетті түрде есікті қадағалайтын болды. Қорқыныштары сейілді. Шынымен де қадағаламай жүр екен, таңертең есік құлып тұратын болды. Араға тағы екі апта уақыт салып, есіктері тағы ашық қалатын болып жүр. Түнде мықтап қадағалап тұрып, жауып жататын еді, неге олай екендігін түсіне алмай дал. Енді тіптен қорқатын болды. Себебі, жатардан бұрын үшеуі бірінен соң бірі есіктің ауызын күзетеді. Ешкім байқалмайды. Подъезд тып-тыныш. Қарама-қарсы есікте де өздері секілді студент қыздар тұратын. Олардан сұрап көріп еді, оларда бұл қорқыныштың жоқ екендігі мәлім болды. Ал бұлар, есікті кімнің ашатынын түсіне алмай естері шықты.

Соңғы уақыттары Әсия өзінің достарына қаза болған құрбысын жиі айтатын. Екеуінің достығын жыр ететін. Тіптен сағынып, оңашада жылап та алатын. Үнемі жарқылдап жүрген сәтінде құдды қасында жүргендей, ана өмірге аттанып кеткеніне сенгісі келмейтін. Тура бүгін, ертең келіп қалардай күтетін. Тіптен, соңғы уақыттарда түсіне жиі енетін болып жүр. Ауылда үйіне келіп есігін қағып тұрғанын түсінде көретін болды. Түсінде құлағына өздігінен есіктің қоңырауы естіледі де, орынынан тұрып, есікті ашып Гүлмираны үйге кіргізеді. Ал Әсия болса, шала ұйқы қалыппен тұрғанын, барып есікті ашқанын білмейтін де…

Күндердің күні, пәтерде бірге тұратын Майра түннің бір уақытында қыбырлаған дауыстан шошып оянды. Атып тұрса, Әсия орынында жоқ. Ал ол болса есіктің ауызында отыр екен. Киініп алыпты, үйдің есігі айқара ашық жатыр. Гүлмираны күтіп отырғанын, екеуі қыдыратынын айтып күбірлей береді

el24
© Oinet.kz

Мақалада: Жанына марқұм құрбысы маза бермей жүр екен

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

33 минуты бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

41 минута бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

4 часа бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

4 часа бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

5 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС