"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

21.01.2023
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Абай облысының  өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Жиын барысында басқарма басшысы облыс көлемінде ветеринария саласында  атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Ержан Барышевтың айтуынша,   Абай облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 138 мал сою нысаны, 4 ет өңдеу кәсіпорны, 11 сою пункті, 123 сою алаңы жұмыс істеп тұр. 2022 жылы сою нысандарында сою алдындағы және союдан кейінгі тексеруден өткен 54 133 бас ІҚМ, 32 599 бас ұсақ мал, 12 185 бас жылқы, 1042 бас шошқа сойылған.

Облыс аумағында санитарлық тазалау және мал өлекселерін жою мақсатында 152 мал қорымы жұмыс істеді, оның ішінде 65 типтік және 87 қарапайым мал қорымы бар.

— Өткен жылы Семей қаласында типтік жаңа қалалық мал қорымы салынды, ал биыл бес мал қорымын салу жоспарланып отыр, — дедi Ержан Барышев.

Бұған дейін айтылғандай, алдағы уақыттарда Абай облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстайтын орталық салынатын болады. Бұл жайында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеген болатын. Қазір құрылыс алаңының мәселесі шешілуде.

–  Қаңғыбас жануарларды енді ғана аулай бастасақ та, қазірдің өзінде 35 ит ұсталды. «4 лапы» қоғамдық қорымен келісімшарт жасадық. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша нысанның орналасатын жерін қала әкімдігі анықтайды. Орын анықталғаннан кейін қаржыландыру мәселесі шешілетін болады, – деді Ержан Барышев.

Сонымен қатар қалалықтар, көше кезген қараусыз жануарларды байқаған жағдайда, 63-34-43 нөміріне хабарласа алады. Аулау қызметі сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді және азаматтардың өтініштерін қабылдайды,- деді басқарма басшысы.

Ержан Барышев басқарманың аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды бекітілген жылдық жоспар мен нұсқаулықтарға сәйкес толық көлемде орындағанын атап өтті.

Өткен жылы бекітілген жылдық диагностика жоспарына сәйкес, бруцеллезге қарсы 811 600 бас ірі қара мал, 1 102 300 бас ұсақ мал, 180 бас жылқы тексеруден өткізіліпті. Оның ішінде 4556 бас ірі қара, 676 бас ұсақ мал бруцеллез ауруына оң нәтиже берген. Бруцеллез ауруына оң нәтиже берген барлық ауыл шаруашылық жануарлар уақтылы санитарлық союға жіберілген.

— Жоспарлы диагностикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, облыс аумағында 2022 жылы аса қауіпті аурулардың 48 ошағы тіркелді. Оның ішінде 30 бруцеллез, 8 құтыру, 4 эмфизематозды карбункул, 2 пастереллез, 2 ринотрахеит және вирустық диарея, листериоз және 1 ошақ қатерлі ісік анықталды. Бүгінгі таңда 44 ошақ сауықтырылды. Қалған 4 ошақта (бруцеллез бойынша Үржар ауданында — 3 ошақ, Жарма ауданында — 1 ошақ) республикалық індетке  қарсы отряд күшімен сауықтыру іс-шаралары жалғасуда,- деп атап өтті Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы  Ержан Барышев.

Баспасөз мәслихаты барысында Ержан Барышев өңіріміздегі мал басын таңбалау, карантиндік шектеулерді алып тастау және өзге де мәселелер туралы сөз қозғап, БАҚ өкілдері қойған сауалдарға жауап берді.

Мақалада: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС