"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛҒАШҚА БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚ СЕМЕЙДЕ АШЫЛДЫ

24.01.2023
АЛҒАШҚА БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚ СЕМЕЙДЕ АШЫЛДЫ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

АЛҒАШҚА БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚ СЕМЕЙДЕ АШЫЛДЫ

 

Кеше, 23 қаңтар күні, елімізде алғаш рет Семей қаласында 150 орынға арналған облыстық оңалту орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрлан Ұранхаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов және қоғамдық ұйым өкілдері, ата-аналар, қала тұрғындары қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

— Қадірлі жерлестер, бүгін облысымыз үшін аса маңызды, көптен күткен оңалту мекемесінің ашылуына куә болып отырмыз. Ерекше күтімді қажет ететін азаматтарды оңалтуға арналған мұндай орталық тұңғыш рет Абай облысында өзінің жұмысын бастағалы тұр.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен  іргесі қаланған бірегей орталық  200 маманды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Білікті мамандар заманауи техникалық оңалту құралдарын қолдану арқылы әр ем алушыға жеке бағдарлама әзірлейді.

Әлеуметтік сала – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.   Оңалту шараларына жүгінетін жерлестеріміздің амандығы мен саулығын назарда ұстау — біздің қоғам алдындағы ортақ міндетіміз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Болашағымыз баянды, ел іргесі аман болсын!- деді орталықтың ашылуында сөз сөйлеген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Абай облысында оңалту орталығының ашылуы тұрғындар  үшін ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Бүгін Абай облысында тікелей Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен оңалту орталығы ашылып отыр. Бұл орталық Абай облысына өте қажет. Ата-аналар мен балалар бұл сәтті ұзақ күтті. Облыс тұрғындары үшін орталықтың көмегі зор болады болады деп сенемін, — деді Ербол Оспанов.

Орталықтан қызмет алушы Асылбай Абылайхан енді ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға басқа қалаларға қатынаудың қажеті болмайтынын айтты.

АЛҒАШҚА БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚ СЕМЕЙДЕ АШЫЛДЫ АЛҒАШҚА БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚ СЕМЕЙДЕ АШЫЛДЫ

— Бұрын мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту қызметтерін алу үшін басқа қалаларға баратын. Жаңа орталықта барлық қажетті құрал-жабдықтар, емдік бассейндер бар. Бізге жақсы мүмкіндіктер жасалып отыр, – деді Асылбай Аблайхан.

Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 26 сәуірде облыс жұртшылығымен кездесуінде берген тапсырмасы аясында 2021 жылы Семей қаласында 150 орындық  (80 орын — балаларға, 70 орын – ерексектерге) мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығының құрылысы басталды. Мердігер мекеме  — «Фирма Азия» ЖШС. Жоба құны – 8.1 млрд теңге. Жалпы ауданы – 21,7 мың шаршы метр.

Орталықта ана мен бала бөлімі, әлеуметтік-педагогикалық оңалту бөлімі,  еңбек терапиясы бөлімі, термогидротерапия бөлімшесі, балаларға арналған жатын бөлме, спорттық-сауықтыру аймағы, конференция залы, демалыс бөлмесі, кітапхана, асхана, кір жуатын орын, дезинфекциялық бөлім, 5 автокөлікке арналған арналған гараж, толық трансформаторлық қосалқы станция, электр қазандығы бар.

Ғимарат екі және үш қабаттан тұратын блоктардан тұрады. Орталық іске қосылған соң 200 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Мекемеде психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер қызмет ала алады.

Спорттық-сауықтыру аймағында сауықтыру алаңы, үстел ойындары алаңы, теннис корты, бадминтон алаңы, гимнастика алаңы және шағын футбол алаңы қамтылған. Түрлі іс-шаралар мен кездесулер өткізу үшін интерактивті жүйемен жабдықталған 66 орындық мәжіліс залы қарастырылған. Ана мен бала бөлімінде 0 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға оңалту шаралары жүргізіледі. Мұндағы демалыс бөлмесі жұмсақ жиһаздармен және теледидармен жабдықталған.

Әлеуметтік-педагогикалық оңалту бөлімінде кондуктивтік педагогика сыныбы, монтессори кабинеттері, сурет сыныбы, интерактивті сенсорлық бөлмелер, шағын оқу сыныптары, компьютерлік сынып және өзге де мамандандырылған сыныптар мен бұрыштар ашылған. Сондай-ақ мұғалімдер бөлмесі, әдістемелік кабинет, ресурстық орталық, науқастар мен қызметкерлерге арналған санитарлық-гигиеналық кабинеттер тобы бар.

Еңбек терапиясы бөлімі еңбек терапиясы кабинетінен, нұсқаушылар бөлмесінен, қойма және дәрігер кабинетінен тұрады. Мұнда сонымен қатар ем алушыларға кәсіптік бағдар беріледі.

Кітапхана 14 оқу орнына арналған. Мұнда 3600 дана кітап сақтауға арналған ашық қор бар. Оқу залында кітаптарды еркін таңдап алуға болады. Сонымен қатар ойын әдістері арқылы баланы қоғамға тартуға, сенсорлық қабілеттерін, сөйлеу тілін дамытуға арналған лекотека бөлмесі де қарастырылған. Термогидротерапия бөлімшесінде емдік бассейндер, спорт және акт залы қамтылған. Барлық бөлмелер мен кабинеттер қажетті медициналық жиһаздармен және отандық және шетелдік өндірушілердің ең танымал және заманауи оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Ашылу салтанатынан соң қонақтар ғимараттың ішін аралап көрді.

Мақалада: АЛҒАШҚА БІРЕГЕЙ ОРТАЛЫҚ СЕМЕЙДЕ АШЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 минут бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

28 минут бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

4 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС