"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

18 жасында желігіп жесір қалған кәрі қыздың аянышты тағдыры

10.01.2023
18 жасында желігіп жесір қалған кәрі қыздың аянышты тағдыры
55
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тағдыр болғанан кейін әртүрлі оқиғалар болады екен. Студенттік өмір шіркін қызық емес пе?! Бірінші курсқа түскенде бәріде қызық болады. Қысқы сессияны жапқаннан кейін бірге оқитын құрбым өзінің ауылына шақырып қоймады. Ал, өзім болсам сонау Ақтаудан келгенмін. Жолдың өзіне бірнеше күн кетеді.

Сонымен не керек, құрбымның ұсынысын қабыл алып «Қарқаралы, қайдасың?» деп жол тарттық. Бір күні құрбым маған «менің бір туыс апкем бар, жалғыз өзі тұрады, сол кісінің үйіне барып қайтайықшы» деп өтінді. Үлкен кісі қалай жалғыз болуы мүмкін деп сұрадым. Сонда құрбым «махаббатта жолы болмаған адам қу тізесін құшақтап жалғыз қалады» деп айтты. Мұны естіген соң, құрбымның әпкесін көргенше асықтым. Кішкентай ғана үйге келдік. Есіктің алдын қар басып қалыпты. Ауланың қарын күрейтін адамның жоқ екені бірден көрініп-ақ тұр. Ескі есікті ашып үйге кірдік. От жағатын бөлмеде сарғайып ескірген бір жапырақ қағазды көкірегіне қойып, бетін жас жуған әйел теңселіп отыр. Бізді көріп балаша қалбалақтап орнынан зорға тұрды. Амандаспай жатып «құрбымның маған жазған хатын оқып берейін ба?» деді. Құрбым әпкесін құшақтап «әпкетайым менің, оқи ғойшы, тыңдайық» деді. Ал, апкесі болса «мен сенің әпкең емеспін, менің жасым 18-де, сенен жаспын» дейді. Хаттағы әрбір сөзді, әрбір өлең жолдарын оқып егіліп жылайды.

Кейін құрбым Ақерке әпкенің басынан өткен оқиғасын айтып берді. Махаббаттың азабына батқан әйелге қатты жаным ашыды. Арманда кеткен махаббаты қайта оралардай екі көзі төрт болып терезеге қарап қаншама жылдарды сарп етті.

Қыстың соңғы айы. Күн ұясына батып барады. Айнала ақ мамыққа оранған. Далада аяз бет қаратар емес. Ақерке терезеден сыртқа көз тастады. Көрші үйдің келіні қолында шелек толы суы бар, үйіне қарай беттеп барады. Жеделбай қарт малдарын қораға қамауда. Осынау ақпанның ызғарлы желі оның махаббат отын бірге алып кетті. Ол ой жетегінде отырып, өткен күндерді еске алды.

Ия, ол кезде мектепті жаңа бітіріп, әркім өз қалауымен бірі оқуға, енді біреулері өндірісте еңбек етуге тілек білдірген. Ақерке де арман қуып, Астанаға оқуға аттанды. Ақ арманы орындалып, мұғалімдер дайындайтын институттың сырттай бөлімінің студенті атанды. Сессиясын ойдағыдай тапсырып, туыстарының қалада қалып жұмыс істе, қаланың өмірімен танысасың дегеніне қарамай, туған ауылына жүріп кетті. Сол кезде сиқырлы күш Ақеркені ауылына тартып тұрғандай-тын. Бір нәрседен құр қалатындай үйіне жеткенше асықты. Сөйтіп ауылдық мектепке жұмысқа орналасты.

Қараша айы болатын. Бірге оқыған сыныптас ұлдары әскер қатарына шақырылып жатты. Олардың ішінде Азамат та бар еді. Ауылда өтетін ойын-сауық кештеріне Азаматпен бірге баратын-ды. Сондай әсем кештердің бірінде Азамат Ақеркеге өз сезімін білдірді. Балалық па, әлде махаббатты жете түсінбеушілік пе, жауабын беруге асықпады. Күндер тоқтаусыз зымырады. Сондай күндердің бірінде Азаматтың көлік апатына ұшырап, қайтыс болғаны жөнінде суық хабар шағын ауылға лезде тарап кетті. Ақерке бұған сенер-сенбесін білмей, жүрегіне біреу ыстық шоқ басып алғандай күй кешті. Хабарды естігеннен кейін Ақерке жұмысқа барып келгені болмаса, жұмыс істепте жарытпады, тамаққа да тәбеті шаппады, ұйқы деп ұйқының да мазасы болмады.

«18 жас көктемінен,
О, періштем, қол бұлғадың,
Қол бұлғадың кештеу маған!
Қоштасайық, қош бол, жаным, қош бол, менің пәк арманым!»

деген жыр жолдарындағы сөздер Азаматқа арнап жазылғандай сезінді.

18 жас… Қыршынынан қиылған қайран 18 жас!

Тағдыр неткен қатал едің?!

Оған деген өзінің сезімін білдіре алмағаны, айтар сөзін айта алмай, арманда кеткеніне өкінеді.

Сол кезде ауылына асыққанда Азаматтан айырылатынын жүрек шіркін сезді ме екен?! Тұтанбай жатып, сөніп үлгерген махаббатының қайғылы аяқталатынын кім білген?!

Сағаттың тіліндей тоқтаусыз өмір өтіп жатты. Ақерке Астанаға оқуға жүріп кетті. Мың сан халықтың ішінде елеусіз болып жүре берді. Бірақ, Ақеркенің мұңдылау көздерінен бір өкініштің барын жақын досы Анар да сезетін. Сабаққа да зауқы жоқ. Бір күні сабақтан соң Анар Ақеркемен ұзақ әңгімелесті. Ақерке болған жайды құрбысына түгел баяндап берді. Көзіне келіп тұрған ыстық жас моншақтай төгілді. Анар да көз жасына ерік берді. Досының қазасы Анарды қатты тебірентті. Ақеркеге деген көңіл жұбанышын өлеңмен білдіруді жөн санады. Осы өлең шумақтары арқылы Анар Ақеркеге махаббаттың ұлы сезім екенін, адамзат баласы өлгенімен, махаббаттың мәңгілік болатынын түсіндіргісі келді.

Сен жыладың,
Оны шексіз сүйгенімді
Аңқау басым енді ғана білдім деп,
Ол сезімнен мұңайғанда, мен ойланбай күлдім деп,
Ақымақ та өршіл, тіке жүрегіммен келісіп,
Махаббатты түсіне алмай жүрдім деп,
Енді дейсің, онсыз өмір — өмір емес,
Мынау думан дүние де,
Онсыз тіпті көңілді емес,
Онсыз міне жүректе арман,
Ойда қиял, көзімде елес.
Ол бар кезде, бақытты едім,
Еш қайғысыз, көңіл тоқ.
Енді міне, онсыз көктем — Көктем емес,
Гүл — бақшада көрік жоқ.
Өзің жылап, жұбатардай менен жауап күтесің,
Нені ұғынып, не түсініп, мәнін білем мен ненің?!
Көзі барда сырын ұқпай, жырын ұқпай қинайтын,
Көзі барда сыйын білмеу әдеті ғой пенденің.
Пешенеңе жазылғанын көресің ғой, қайтесің,
Көріп пе едің, бақыттының өз бақытын сатқанын?
Көріп пе едің, өткен күннің оралғанын қайтадан
Көріп пе едің, жұлынған гүл қайта бүршік атқанын…

Ия, сенің мұңдылау махаббатың, сол бір ерте сөнген гүл-жүрек иесі жайлы тағдыр мені ойлантып кетті. Әлдебір сұраулар сілкілеп, ойлар қатты ойсыратты. Ішімнен қатыгез тағдырға ма, әлде әділетті десек те әділетсіздеу «өмірге» ме, әйтеуер, әлдекімге, әлденеге қатты ренжідім. Өмірді — бақытынан қайғысы көп, күлкісінен көз жасы артықтау өмірді тағы да жек көріп кеттім. Неткен жалған десеңші?!

Сенің мұңдылау да сазды үніңнен, мөлдір тұнық көзіңнен адамшылықты, пәк адалдықты сеземін. Өзіңе сенемін. Түбінде осы адал, ақ махаббатың үшін жүрек жеңісіне жетеріңе сенемін. Мына шумақтарды өзіңнің сыршыл сезіміңе және соңғы кезде жоғалып бара жатқан қасиетті махаббатыңа арнадым. Сенің сол сезіміңнің елесі — «оған» және «сенің» мөлдір жанарыңның сыры мен жұмбағына арнау. Бәлкім, бұл шын мәніндегі өлең емес шығар. Бірақ, бұл сезімді жырлау. Қайтесің, көп мұңайып, көп жылай берме. Себебі бәрі де пайдасыз. Қайта басыңды жоғары ұста, мына жолдарды оқышы, күнім… Жылама досым, жасыңды маған көрсетпе, Тағдырдың ащы дәм-тұзын татып жүрсек те. Біреулер аяп, мүсіркемеу үшін өмірде, Өзіңді тек бақыттымын деп есепте! Құрбың Анар деп жазылған екен. Бірақ, Ақерке әпке оқуын бітіре де алмапты. Азаматтың қазасы оған ауыр соққы болып тиіп қатты сырқаттанып жатып қалыпты. Міне, содан бері өзін бала секілді сезінеді екен. Сүйгеніне жете алмай құсадан қатты аурды деген сөз жолдарын тек жазушылардың кітабынан ғана оқитынмын. Қарап отырсам, өмірде де мұндай қайғылы оқиғалар орын алады екен. Тұтанбай жатып сөнген махаббаттың қасіретін тартып жүрген аруларымыздың барына көз жеткіздім. Ақерке әпкенің қасіретін қазақ қыздарына бермеуді бір Алладан сұрадым. Арманда кетпей сүйгеніңнің қолынан ұстап, жаңа өмірге қадам басу керектігіне көз жеткіздім. Ақерке әпке секілді қапыда қалып, өміріңнің соңына дейін қайғырып өтпеуді ойлаған абзал…

el24
© Oinet.kz

Мақалада: 18 жасында желігіп жесір қалған кәрі қыздың аянышты тағдыры

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

10 минут бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

7 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

8 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

8 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

23 часа бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС