"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

26.01.2023
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Сейсенбі, 24 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Данияр Тоқтыбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Аталған басқарма құзыретіне орман, балық және аңшылық шаруашылығы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау міндеті кіреді. Басқарма басшысы Данияр Тоқтыбаев атап өткендей, Абай облысының аумағындағы Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Абай, Аягөз, Көкпекті аудандары мен Семей қаласында бірегей таспалы шоқ қарағайлы орман орналасқан.

— Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы көлемі 847,7 мың гектарды құрайды. Оларға «Семей-Орман» мемлекеттік орман табиғи резерваты, «Тарбағатай» мемлекеттік орман табиғи резерваты және «Алакөл» мемлекеттік табиғи резерватының бір бөлігі кіреді. Бұл аумақтардың барлығының республикалық маңызы бар. Облыс аумағында жергілікті маңызы бар мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорындары жоқ,- атап өтті Данияр Тоқтыбаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес жыл ішінде орман қорына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызуды міндеттеді.

Орман шаруашылығы комитетінің Абай облысына 2022 жылға нақтыланған жоспарына  (72 511 ағаш) сәйкес, облыстың елді мекендерінде 73 869 ағаш, 2021 жылы 53 625 ағаш отырғызылды.

Елімізде балық шаруашылығын дамыту 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберінде жүзеге асады. Абай облысындағы балық шаруашылығын дамыту аясында бүгінгі күні 12 су қоймасы көл-тауарлық балық шаруашылығына бекітілген. 6 учаскеде спорттық және әуесқой балық аулауға болады.

— 2023 жылы жалпы көлемі 1,5 мың сазан (тұқы) дернәсілдері, 60 мың тұқы балықтарының биылғы ұрықтары  2 пайдаланушының су қоймаларына жіберілді. 2023 жылы Шүлбі су қоймасын жергілікті бюджет есебінен 16,6 млн теңгеге 200 мың дана балық тұқымымен толықтыру жоспарлануда,- деді Данияр Тоқтыбаев.

Абай облысында 17 аңшылық шаруашылығы бар. Оның 6-уы Шығыс Қазақстан аңшылар мен балықшылар қоғамында тіркелген (ШҚО-да орналасқан), 11-і резервте. Браконьерлік фактілерді азайту мақсатында резервтік аңшылық шаруашылықтарды күзету бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу жоспарлануда.

Конференция барысында айтылғандай, жыл сайын облыста ірі кәсіпорындар атмосфераға 28 мың тоннаға жуық ластаушы заттарды шығарады, оның 13 мың тоннадан астамы Семей қаласына тиесілі.

Өңірдің қоршаған ортасына «Семей цемент зауыты» ЖШС, «Силикат» ЖШС, «Семей теплокоммунэнерго» мемлекеттік кәсіпорны сынды ірі кәсіпорындар, сондай-ақ жеке секторлар кері әсер етеді.

— Бүгінгі күні Абай облысы аумағында бірінші санаттағы 39 кәсіпорын және екінші санаттағы 250 кәсіпорын бар. Семей қаласының атмосфералық ауасының жай-күйіне «Қазгидромет» РММ-ның 4 постында (2 автоматты және 2 қолмен сынама алу посты) мониторинг жүргізіледі.

– Жылу жүктемелерінің артуы, сондай-ақ жылумен жабдықтау көздерінен атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттар көлемінің ұлғаюы ескеріле отырып, 3-ші ЖЭО  салу жоспарлануда. Сонымен қатар облыста рұқсат етілмеген үйінділер және қолданыстағы полигондардың санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келмеуі – күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі, — деді Данияр Тоқтыбаев.

Оның айтуынша, қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешу мақсатында бүгінде Семей қаласында жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарланып, республикалық бюджет есебінен Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген. Іске асыру мерзімі — 2023-2025 жылдар аралығы. Жобаны іске асырудың жалпы  құны — 6 022 млн теңге, оның ішінде полигон құрылысы 3 830 млн теңгені, сұрыптау желісі үшін ангар құрылысы 2 192,4 млн теңгені құрайды.

— Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жоспарының жобасы әзірленді. 2024-2025 жылдарға арналған осы жоспардың аясында Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Абай, Бесқарағай және Үржар аудандарында 7,4 млрд теңгеге 28 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу және жаңғырту жоспарлануда. Сонымен қатар қалалар мен аудан әкімдіктері тарапынан рұқсат етілмеген үйінділерді жою жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.   «Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторингінің мәліметтері бойынша, облыс аумағында рұқсат етілмеген үйінділердің 340 аумағы анықталды (Семей қаласында – 298 учаске, Бородулиха ауданында – 25 учаске және Бесқарағай ауданында – 17 учаске).

Бүгінгі таңда Бесқарағай және Бородулиха аудандарында рұқсат етілмеген барлық қоқыс полигондары, Семей қаласында осындай 66 аумақ жойылды.

Облыста жүргізіліп жатқан экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстары тұрақты бақылауда,- деп қорытындылады сөзін Данияр Тоқтыбаев.

Баяндамадан соң басқарма басшысы БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

11 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

11 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

12 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

12 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС