"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

26.01.2023
ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Өткен аптада Абай атындағы кітапханада жазушы, драматург, қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің ашылуына кітапхана оқырмандары, студенттер  қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап іске асырылып келеді. Акцияның негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды насихаттау, жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру. 2023 жылы аталған республикалық акция аясында қазақ жазушысы, драматург, қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу ұсынылды.

Қаламынан таным тамшылары мөлдіреген жазушының «Көкжиек», «Күзгі жапырақ», «Ақиқат», «Айтылмаған ақиқат» сынды әңгіме, повесть жинақтары, «Өліара», «Ақшоқыда қыс қатты», «Парасат майданы» романдары жарық көрді. Сонымен қатар қаламгер «Эллада ерлері» атты грек аңыздарын қазақ тіліне аударған.

Кітапхана қызметкерлері көрмеге қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелеп, қаламгер туралы жазылған естеліктермен таныстырды. Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Айжан Бәзелханова қаламгердің қызы Қарлығаш Әбдікованың естелігінен үзінді оқып берді. «Маған әкемнің барлық шығармасы ұнайды. Ішінде ерекше ұнайтыны – «Әке» және «Өліара». Себебі «Әке» өзіміздің өмірбаянымызға байланысты жазылған. Өте жақсы көретін Әбдік атам – шығарма прототипі», — деп жазады Қарлығаш Әбдікова.

  • Төлен Әбдіктің үлкенді-кішілі отызға жуық еңбегі бар. Жазушының шығармалары тұлғасы бөлек кейіпкерлермен ерекше. Себебі автор әр кейіпкерінің мінезін зерттеп, өлшеп жазады. Ал оның образдары қиялдан туған кейіпкерлер емес, сіз бен біздің жанымыздағы адамдар. Қарапайым тілде жазылғандықтан, әңгімелерін оқу оңай, тілге жеңіл, бірақ философиялық мағынасы құнды. Сондай туындылардың бірі – «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі. Бір қарағанда, шығарма автордың қиялынан туған араку тайпасы туралы деп ойлауға болады, алайда бұл — кешегі бодандық бұғауда өлместің күнін кешкен қазақтың тағдырына алаңдаудан туған толғаныс, — дейді Айжан Бәзельханова.

Төлен Әбдіктің қаламынан туған шығармалары мен мақалалары жинақталған көрме кітапхана оқырмандары үшін бір апта бойы тұрмақ. Абай кітапханасы қала тұрғындары мен қонақтарын «Бір ел – бір кітап» акциясын қолдай отыра, қаламгердің шығармаларымен жақын танысуға шақырады.

 

Мақалада: ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС