"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

26.01.2023
Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

26 қаңтар күні Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысы Айдын Бегімбековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

 Айдын Бегімбеков атап өткендей, Абай облысында өткен жылы нақты орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 186,9 млр. теңгені құрады.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 112,5%-ға артық.  Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша облысымызда 340 мың. шаршы метр тұрғын үй құрылысы аяқталды. 2021 жылға қарағанда өсу қарқыны 104,1 %-ды құрайды.

— Күні кеше ғана облысымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен 150 орынға арналған тамаша сәулеттік келбетке ие  оңалту орталығы ашылды.  Барлықтарыңызға мәлім облысымыздың құрамына 2 қала және 8 аудан бар. Ағымдағы жылы басқармада 10 бюджеттік даму бағдарламасы және 4 ағымдағы бағдарлама бойынша инвестициялық жобалар қолға алынды. Атап айтсақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл-Ел бесігі», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп» сынды ұлттық жобалар жүзеге асады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»  ұлттық жобасы аясында үлкен жұмыстар басталды. Облыс бойынша 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандары ашылатын болады. Оның ішінде 15 нысан – дәрігерлік амбулатория, 10 нысан ФАП,  40 нысан медициналық пунк. 57 нысанның құрылысы 2023 жылы басталады. Екі жыл ішінде аталған жоба аясында барлық нысандардың құрылысын аяқтау көзделген,- деді А.Бегімбеков.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында облысымызда 11 мектеп ашылады. Оның 5-еуінің құрылысы биылғы жылы басталмақ.

— Бес мектептің екеуі Семей қаласында – Қарағайлы ықшам ауданында (1800 орын) және Водный кентінде (600 орын) бой көтереді. Сондай-ақ Аягөз қаласында (600 орын), Ақсуат пен Бесқарағай аудандарында (300 орын) білім беру орындарының құрылысы басталады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2024 жылы тағы 6 мектептің құрылысы жалғасады. 11 мектептің құрылысын екі жыл ішінде аяқтап, 2024 жылдың жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтаған жағдайда 5700 оқушы  заманға сай жабдықталған мектепте білім алатын болады. Өздеріңіз білесіздер облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен KazMinerals компаниясының ортақ келісімшарты негізінде тағы 1200 орындық жаңа мектеп салынады. Одан бөлек бірнеше мектептің жанынан 600 оқушыға арналған қосалқы ғимараттар салынады. Сол арқылы облысымыздағы орын тапшылығын жойып, толық қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, — деді А.Бегімбеков.

Семей қаласында өткен жылы басталған 18 несиелі тұрғын үй құрылысы бүгінде жалғасуда. Осы жылы облысымызда тағы 22 несиелі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Оның ішінде 19 тұрғын үй Семей қаласында, 1 тұрғын үй Курчатов қаласында, 2 тұрғын үй Аягөз қаласында бой көтеретін болады. Барлық салынатын әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.

— Биыл Ақсуат ауданында дене-шынықтыру кешені ашылды. Бородулиха мен Қайнар ауылдарында  дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталуға жақын. Үржар ауданында Өлкетану мұражайының филиалына және Ақсуат ауданындағы Көкжыра ауылдық клубына 2 жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жергілікті бюджеттен  қаржы бөлінді. «Ауыл-Ел бесігі» ұлттық жобасымен Семей қаласындағы Приречное ауылының мәдениет үйінің қайта құру жұмыстары жалғасын табуда. Биылғы жылы қолданысқа беріледі. Азаматтық қорғаныс нысандары бойынша Үржар ауданындағы Алакөл көлінің жағасындағы жерді су бұру каналдарын салу арқылы құрғату жұмыстары жалғасады. Өрт сөндіру бекетінің нысандары 5 жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалады. Осы жылы Үржар ауданының Мақаншы, Қабанбай, Үрджар, Таскескен, Бахты ауылдарында мал қорымдары құрылысына бастау алады. 2023 жыл бойынша барлық қаржыландыру есебінен облыста 450,270 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіледі.

— деді Айдын Бегімбеков.

Баспасөз конференциясы барысында Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы  Айдын Бегімбеков заңсыз құрылыстарға қатысты жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

— Абай облысы құрылғаннан бері  республиканың мәдени мұрасы ретінде көптеген тарихи нысандарды тізімге қостық. Семейде көптеген жеке сектордағы үйлерлі, музейлерді тарихи нысан ретінде қарастыруға болады.  Семей қаласындағы заңсыз құрылыстарға келетін болсақ, Абай облысының бақылау басқармасы мен архитектура және құрылыс басқармасы Семей қаласы әкімдігімен бірлесіп, салынып жатқан құрылыс нысандарының құжаттарын заңдастыру бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Қазір Семей қаласының жаңа Бас жоспары әзірленіп жатыр. Себебі бұған дейін қаланың Бас жоспары 2011 жылы дайындалған болатын. Құрылыс нысандары Семей қаласының Бас жоспарына немесе егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмесе, құжаттар қайтадан ретке келтіріледі. Біз қазір барлық ақпараттарды жинадық. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Ал қаладағы ұйымдастырылмаған сауда-саттық орындары бойынша Семей қаласы әкімдігі тарапынантиісті жұмыстар қолға алынуда,- деді Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.

Басқарма басшысы Семей қаласының Бас жоспарына сәйкес, Бейбітшілік аралындағы туризмді дамыту мақсатында тағы бір көпір салу жоспарда бар екенін айтты.

— Бейбітшілік аралын қаламен жалғайтын тағы бір көпір салу жоспарда бар. Тек қаржыландыру мәселесі шешілуі керек. Бұған дейін Бейбітшілік аралын дамыту мақсатында бірнеше инвестициялық жобалар талқыланды. Бұл сұрақ қарастырылып жатыр,- деді Айдын Бегімбеков.

Семей қаласында оң жағалаудағы жылу жеткіліксіздігіне байланысты жаңа құрылыс нысандарын салу тоқтатылған.

— Оң жағалаудағы жылу жеткіліксіздігі мәселесі барлығымызға жақсы таныс. Бұған дейін рұқсат қағаздарын алып, құрылысын бастаған нысандарды жылумен қамту мәселесі қарастырылуда. Бұл бағытта Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы жұмыстар жүргізуде. Қаладағы жылу желілерін жаңғырту бойынша жобалар Абай облысын Кешенді дамыту жоспарына енді. Соған сәйкес, оң жағалаудағы барлық нысандарды жеткілікті жылу мөлшерімен қамту жоспарлануда. Жаңа құрылыстарға уақытша тиым салынды,- деді Айдын Бегімбеков.

Басқарма басшысы сол жағалауда мешіт жанынан 400 орынға арналған Оқушылар сарайы салынатынын айтты. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға қарай аяқталады деп көзделуде.

— Сонымен қатар сол жағалауда мұз қалашынын салу көзделіп отыр.  Алдын ала жер учаскесі анықталды. Қазір мердігерімен келіссөздер жүргізілуде. Қажетті құжаттарды алғаннан кейін, нақты қандай нысан салынатыны анықталады. Жоғарыда айтып кеткенімдей, Абай облысын дамытудың кешенді жоспары Үкіметте бекітілді. Мұнда көптеген маңызды құрылыстар қамтылған. Нысандардың тізіміне сәйкес, біздің басқарма тарапынан жоспарлы жұмыстар қолға алынды. Жер телімдері анықталған  соң, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді бастаймыз. Өздеріңіз білетіндей, қазір қалада қандай да бір нысан салу үшін бос жер учаскелері жоқтың қасы.  Көбіне бос жер телімдері қаланың шет жағында орналасқан. Ал біз орталықта болғанын қалаймыз,- деді Айдын Бегімбеков.

Мақалада: Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

Ұқсас жаңалықтар

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

27.07.2026
«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

Республикалық оқиғалар мен іс-шаралар күнтізбесіне Жетісу облысы тарапынан енгізілген «Алакөл толқыны» мәдени-туристік фестивалі Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы Алакөл...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

27.07.2026
Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Ресейдің Омбы қаласында XXIІ Қазақстан - Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Биылғы басқосу «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа...

Толығырақ...Details

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

27.07.2026
Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

Бүгін Ресей федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXIІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Бұл – жыл сайын экономика,...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

27.07.2026
Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

Бүгін Мақаншы ауданының Бақты ауылында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Меритократия – мемлекеттік қызметкерлерді ілгерілетудің негізі

27.07.2026

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі – меритократия. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген бұл қағидат мемлекеттік қызметке...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке кіруге арналған тест сұрақтары жаңартылды

27.07.2026

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

4 дня бұрын

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

5 дней бұрын

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

5 дней бұрын

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

5 дней бұрын

Меритократия – мемлекеттік қызметкерлерді ілгерілетудің негізі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке кіруге арналған тест сұрақтары жаңартылды

5 дней бұрын

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

1 неделя бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

1 неделя бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

1 неделя бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС