"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАЛДАС ҚҰРЫП ОТЫРУДЫҢ ПАЙДАСЫ

31.01.2023
МАЛДАС ҚҰРЫП ОТЫРУДЫҢ ПАЙДАСЫ
776
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақ халқының отыру әдебінен бір ерекшелікті байқауға болады. Ол — малдас құру. Малдас құрып отыру денсаулыққа қаншалық пайдалы екенін білу мақсатында 20 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты невролог Гүлзат Досқарамен сұхбат алдық.

«Малдас құрып отыру» тіркесінің мәні қандай?

Жамал Манкеева, Әлімхан Жүнісбек сынды ғалымдар құрастырған «Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» сүйенсек, малдас құру тізені ашайта бүгіп, аяғын айқастыра, астына алып отыру дегенді білдіреді.

Невролог не дейді?

«Аталарымыз білген ғой» деген түсінік қаншалықты рас? Малдас құрып отырудың пайдасы бар ма? Ұзақ жылдық тәжірибесі бар маман Гүлзат Жеңісбекқызының сөзінше, расында да бұлай отыру денсаулыққа айтарлықтай оң әсер етеді.

«Малдас құрып отыру ата-бабамыздан қалған, бұрыннан келе жатыр. Малдас құрып отыру кезінде ең алдымен ми және мидың бөліктері дем алады, сонымен қатар, жұлын, мойын, кеуде, беломыртқа, сегізкөз, құйымшаққа да керемет әсері бар. Себебі ағзамыз босаңсып, тыныс алған кезде сәйкесінше ішкі мүшелеріміз де босаңсиды», — дейді маман.

Малдас құрып отыру әдетте ер адамдарға тән. Алайда маман бұл әдіс әйел адамдардың жыныс мүшелеріне де оң ықпал ететінін айтты.

«Малдас құрып отырғанда, әсіресе, кіші жамбас қуысындағы бұлшықеттер, қуық қызметі, әйел адамның жыныс мүшелері және ер адамның жыныс мүшелерінің қан айналымы жақсарады», — дейді Гүлзат Досқара.

Гүлзат Жеңісбекқызы малдас құрып отыру белгілі бір аурулардың алдын алуда көмектесетінін еске салды.

«Бұл отырыс мойын, кеуде, беломыртқа ауруларын, яғни остеохондроз, люмбалгия, омыртқа жарығы секілді аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, ауру сезімін бәсеңдетіп, қысылып қалған жүйке талшықтарын босаңсытады», — дейді дәрігер.

Ежелгі Үндістанда бастау алған йога терапиясында да малдас құрып отырғанға ұқсас қимыл бар.

«Күніне 2-3 мәрте немесе одан да көп малдас құрып отырып, денеңізді жаттықтырсаңыз кез келген аурудың алдын алуға болады. Тіпті йога терапиясында малдас құрып отыруды бірінші орынға қояды, себебі ми демалады, тыныс алу жолдарының қызметі жақсарады», — дейді ол.

massaget.kz

Ұқсас жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

10 часов бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

1 день бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

3 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

3 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС