"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЖАСТАР РУХЫ» — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

31.01.2023
«ЖАСТАР РУХЫ» — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ
40
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада AMANAT партиясының Абай облыстық филиалында «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалының кезектен тыс ІІ конференциясы өтті. Конференция жұмысына AMANAT партиясының «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев, ЖҚ Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Майра Құржықаева, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтары басшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Онлайн байланыс арқылы  қосылған «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев конференция жұмысына сәттілік тіледі.

— «Жастар рухы» жастар қанаты — облысымызда жастар саясатын жүзеге асыруға септігін тигізетін бірден-бір ұйым. Абай өңірінің жалынды жастары әрқашан жаңа бастамаларымен танылып келеді. Жаңа көзқарастағы азаматтар толқынын тәрбиелеу еліміздің дамуы үшін аса маңызды. Республика көлемінде болып жатқан шаралардан Абай облысы еш уақытта тысқары қалған емес. Бұдан былай да алдымызға қойып отырған жоспарлар ойдағыдай атқарылады деген сенімдемін, — деді Нұржан Арғынұлы.

Конференция барысында екі мәселе қаралды. «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының өткен жылы атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы қалалық филиалдың жетекшісі Темірлан Бақтияров баяндады.

Темірлан Бақтияровтың айтуынша, Абай облысында «Жастар рухы» ЖҚ филиалы ашылғаннан кейін өңірдегі 2 қала мен 8 ауданда бастауыш бөлімшелер өз қызметін бастаған. Қазір Семей қаласында 12 бастауыш бөлімше жұмыс істеуде.

— Облысымызда филиал ашылғаннан бері бірқатар жастардың мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Мысалы, «Рухтастар cases» және «Bir tolqynda» диалогтік алаңында түрлі тақырыпта әр саланың үздік спикерлерінің қатысуымен жастармен кездесулер өтті. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай, «Quiz» интеллектуалды ойындары өтті. Спортшы жастарымыз да назардан тыс қалған емес. Баскетбол жарыстары мен тоғызқұмалақ ойындарынан облыстық турнирлер ұйымдастырылды. Дәстүрлі «Арман ағашы» акциясы аясында ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балаларға өздері қалаған сыйлықтарын табыс еттік. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірлік фтизиопульманология және оңалту орталығының бүлдіршіндері мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға сыйлықтар табысталды, — деді Темірлан Мақсатұлы.

Облыстық жастар қанаты филиалы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге де үлестерін қосуда. «Менің елім – менің тілім» жобасы аясында «Сөйле» оқыту клубы іске қосылып, 50-ге жуық азамат қазақ тілін меңгеруге ниет танытқан.

— Біз үшін жастарға қатысты барлық саламен жұмыс жүргізу аса маңызды. «Жастарға кеңес» жобасы бастау алып, жұмыспен қамту, баспана алу, заң және басқа да мәселелер бойынша шалғай жатқан аудандардың жастарына мобильдік топтар кеңес беруде. Жаңа облыс болғандықтан шешімін күткен жастарға қатысты мәселе аз емес. Сондықтан олардың шешімін табуда облыс жастарына жан-жақты қолдау көрсету — «Жастар рухы» жастар қанатының негізгі міндеті. Бұл ретте Абай жастары жұмыс істеуге дайын екенін жеткізгім келеді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, жүрегінде Отанға деген махаббаты, еліме түймедей болса да пайдам тисе екен деген ниеті бар жастар тұрғанда еліміздің болашағы жарқын болары анық. Жастарға көп ештеңе қажет емес, оларға тек мүмкіндік керек. Еліміздің болашағы үшін бірлесе жұмыс істейік! — деп түйіндеді сөзін Темірлан Бақтияров.

«Жастар рухы» жастар қанатының Абай облысы филиалының төрағасы лауазымына Темірлан Бақтияров сайланды.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

17 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

18 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС