"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ ҚАЛАЙ?

31.01.2023
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ ҚАЛАЙ?
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 27 қаңтар күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «СемАЗ» ЖШС және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС зауыттарына барды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев екі өндірістің машина құрастыру желілерін аралап көрді.
Негізі 2006 жылы қаланған «СемАЗ» ЖШС — Қазақстанда ауыл шаруашылығы және жүк техникаларын құрастыратын ірі өндіріс орны. Мұнда жүк көліктері мен тракторлардың бірнеше түрі шығарылады. Зауытта «ГАЗ» және «HINO» маркалы жеңіл көліктер,  «BELARUS» маркалы трактор,  «SHACMAN» және «DONGFENG» жүк көліктері,  «ZHONGTONG» және «DONGFENG» қалалық автобустары,  «Урал» маркалы жол талғамайтын және арнайы мақсаттағы көліктер жасалады. Кәсіпорында озық заманауи жабдықтар қолданылады. Құрастыру желілерінің қуаты жылына 10 000-нан астам техниканы құрайды.

Кәсіпорын үнемі даму үстінде. 2022 жылы облыс және республика диқандары үшін «JINMA» маркалы трактордың жаңа үлгісі шығарылды.

— Біз «BELARUS» маркалы тракторларды шығарамыз, жуырда «JINMA» деген тағы бір трактор маркасын шығаруды қолға алдық. Бұл трактор ыңғайлылығымен ерекшеленеді, кондиционер бірден негізгі жинақтауға келеді. Трактордың эргономикасы жақсырақ және заманауи.  Бізде самосвалдар, ауыл шаруашылығына арналған көліктер де шығарылады. Өйткені бұл сала ел экономикасының драйвері болып табылады.  Алғашында құрылыс техникасына көбірек көңіл бөлсек, енді шаруаларымызға жаңа жайлы техника ұсыну үшін ауыл шаруашылығына ден қойдық, – дейді «СемАЗ» ЖШС бас директоры Марат Мәкішев.

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ ҚАЛАЙ? КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ ҚАЛАЙ?

«Daewoo Bus Kazakhstan» — Қазақстандағы бірінші толық циклді автомобиль құрастыру зауыты. Өндіріс импорттық автокөлік жинақтарынан тораптар мен агрегаттарды құрастыруды ғана емес, сонымен қатар шанақтарды құрастыру-дәнекерлеуді және бояуды жүзеге асырады.

—  «Daewoo Bus Kazakhstan» зауытынан  Daewoo BC 211 GDW, 11 метрлік жартылай төмен еденді автобус, төмен еденді Daewoo BC 120 GDW сияқты жаңа автобус үлгілері шығарылса, 2022 жылдың 5 қыркүйегінде Daewoo BH 120 F GDW туристік автобусы шығарыла бастады,- деді «Daewoo Bus Kazakhstan» бас директоры Әсемқан Досқожанов.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі бұл машина құрастыру зауыттары аймақ экономикасының дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

– Зауыттың ассортименті кең.  Техникалар коммуналдық қызмет саласына, автокөлік кәсіпорындарына, жолаушылар тасымалына да арналған. Облысымызда осындай кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрғаны қуантады, – деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

16.11.2026
Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

Ақпараттық кеңістіктегі заманауи сын-қатерлер, этносаралық қатынастарды ақпарат құралдарында жариялаудың жаңа тәсілдері және жасанды интеллект мүмкіндіктері журналистер қауымдастығы өкілдерінің басын қосқан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

7 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

11 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

11 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

11 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

12 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

13 часов бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

13 часов бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС