"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСПАНА — ҚАШАНДА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

31.01.2023
БАСПАНА — ҚАШАНДА БАСТЫ МӘСЕЛЕ
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

450 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

 

26 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Айдын Бегімбековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Айдын Бегімбеков атап өткендей, Абай облысында өткен жылы нақты орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 186,9 млрд теңгені құрады.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 112,5 пайызға артық.  Облысымызда 340 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы аяқталды. 2021 жылға қарағанда өсу қарқыны 104,1 пайызды құрады.

— Күні кеше ғана облысымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен 150 орынға арналған тамаша сәулеттік келбетке ие  оңалту орталығы ашылды.  Облысымыздың құрамында 2 қала және 8 аудан бар. Биыл басқармада 10 бюджеттік даму бағдарламасы және 4 ағымдағы бағдарлама бойынша инвестициялық жобалар қолға алынды. Атап айтсақ, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл — Ел бесігі», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп» сынды ұлттық жобалар жүзеге асады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»  ұлттық жобасы аясында үлкен жұмыстар басталды. Облыс бойынша 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандары ашылатын болады. Оның ішінде 15 нысан дәрігерлік амбулатория, 10 нысан ФАП,  40 нысан медициналық пункт болады. 57 нысанның құрылысы 2023 жылы басталады. Екі жыл ішінде аталған жоба аясында барлық нысандардың құрылысын аяқтау көзделген,- деді А.Бегімбеков.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 11 мектеп салынады. 5 мектептің құрылысы биыл басталмақ.

— Бес мектептің екеуі Семей қаласында – Қарағайлы ықшам ауданында (1800 орын) және Водный кентінде (600 орын), үшеуі Аягөз қаласы (600 орын) мен Ақсуат және Бесқарағай аудандарында (300 орын) бой көтереді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2024 жылы тағы 6 мектептің құрылысы жалғасады. 11 мектептің құрылысын екі жыл ішінде аяқтап, 2024 жылдың жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтаған жағдайда 5700 оқушы  заманға сай жабдықталған мектепте білім алатын болады. Өздеріңіз білесіздер, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен KazMinerals компаниясының ортақ келісімшарты негізінде тағы 1200 орындық жаңа мектеп салынады. Одан бөлек, бірнеше мектептің жанынан 600 оқушыға арналған қосалқы ғимараттар салынады. Сол арқылы облысымыздағы орын тапшылығын жойып, толық қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, — деді А.Бегімбеков.

Семей қаласында өткен жылы басталған 18 несиелі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Осы жылы облысымызда тағы 22 несиелі көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Оның ішінде 19 тұрғын үй Семей қаласында, 1 тұрғын үй Курчатов қаласында, 2 тұрғын үй Аягөз қаласында бой көтеретін болады. Барлық салынатын әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.

— Биыл Ақсуат ауданында дене шынықтыру кешені ашылды. Бородулиха мен Қайнар ауылдарында  дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталуға жақын. Үржар ауданындағы өлкетану мұражайының филиалына және Ақсуат ауданындағы Көкжыра ауылдық клубына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жергілікті бюджеттен  қаржы бөлінді. «Ауыл — Ел бесігі» ұлттық жобасымен Семей қаласындағы Приречное ауылының мәдениет үйінің қайта құру жұмыстары жалғасын табуда. Биыл қолданысқа беріледі. Азаматтық қорғаныс нысандары бойынша Үржар ауданындағы Алакөл көлінің жағасындағы жерді су бұру каналдарын салу арқылы құрғату жұмыстары жалғасады. Өрт сөндіру бекеттерін салуға 5 жобалық-сметалық құжаттама дайындалады. Осы жылы Үржар ауданының Мақаншы, Қабанбай, Үржар, Таскескен, Бақты ауылдарында мал қорымдарының құрылысы басталады. Облыста 2023 жыл бойынша барлық қаржыландыру есебінен 450,270 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіледі- деді Айдын Бегімбеков.

Баспасөз конференциясы барысында басқарма басшысы  Айдын Бегімбеков заңсыз құрылыстарға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

— Абай облысы құрылғаннан бері  республиканың мәдени мұрасы ретінде көптеген тарихи нысандарды тізімге қостық. Семейдегі көптеген жеке сектордағы үйлерді, музейлерді тарихи нысан ретінде қарастыруға болады.  Семей қаласындағы заңсыз құрылыстарға келетін болсақ, Абай облысының бақылау басқармасы мен архитектура және құрылыс басқармасы Семей қаласы әкімдігімен бірлесіп, салынып жатқан құрылыс нысандарының құжаттарын заңдастыру бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Қазір Семей қаласының жаңа Бас жоспары әзірленіп жатыр. Бұған дейін қаланың Бас жоспары 2011 жылы дайындалған болатын. Құрылыс нысандары Семей қаласының Бас жоспарына немесе егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмесе, құжаттар қайтадан ретке келтіріледі. Біз қазір барлық ақпараттарды жинадық. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Ал қаладағы ұйымдастырылмаған сауда-саттық орындары бойынша Семей қаласы әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар қолға алынуда,- деді Айдын Бегімбеков.

Басқарма басшысы Семей қаласының Бас жоспарына сәйкес, Бейбітшілік аралындағы туризмді дамыту мақсатында тағы бір көпір салу жоспарда бар екенін айтты.

— Бейбітшілік аралын қаламен жалғайтын тағы бір көпір салу жоспарда бар. Тек қаржыландыру мәселесі шешілуі керек. Бұған дейін Бейбітшілік аралын дамыту мақсатында бірнеше инвестициялық жобалар талқыланды. Бұл сұрақ қарастырылып жатыр,- деді Айдын Бегімбеков.

Семей қаласында оң жағалаудағы жылу жеткіліксіздігіне байланысты жаңа құрылыс нысандарын салу тоқтатылған.

— Оң жағалаудағы жылу жеткіліксіздігі мәселесі барлығымызға жақсы таныс. Бұған дейін рұқсат қағаздарын алып, құрылысын бастаған нысандарды жылумен қамту мәселесі қарастырылуда. Бұл бағытта Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы жұмыстар жүргізуде. Қаладағы жылу желілерін жаңғырту бойынша жобалар Абай облысын Кешенді дамыту жоспарына енді. Соған сәйкес, оң жағалаудағы барлық нысандарды жеткілікті жылу мөлшерімен қамту жоспарлануда. Жаңа құрылыстарға уақытша тыйым салынды,- деді Айдын Бегімбеков.

Басқарма басшысы сол жағалауда мешіт жанынан 400 орынға арналған Оқушылар сарайы салынатынын айтты. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға қарай аяқталады деп көзделуде.

— Сонымен қатар сол жағалауда мұз сарайын салу көзделіп отыр. Алдын ала жер учаскесі анықталды. Қазір мердігерімен келіссөздер жүргізілуде. Жоғарыда айтып кеткенімдей, Абай облысын дамытудың кешенді жоспары Үкіметте бекітілді. Мұнда көптеген маңызды құрылыстар қамтылған. Нысандардың тізіміне сәйкес, біздің басқарма тарапынан жоспарлы жұмыстар қолға алынды. Жер телімдері анықталған  соң, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді бастаймыз. Өздеріңіз білетіндей, қазір қалада қандай да бір нысан салу үшін бос жер учаскелері жоқтың қасы.  Көбіне бос жер телімдері қаланың шет жағында орналасқан. Ал біз орталықта болғанын қалаймыз,- деді Айдын Бегімбеков.

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

10 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС