"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АНА МЕН БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

31.01.2023
АНА МЕН БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

27 қаңтар күні Alikhan Bokeikhan University ғимаратында Абай облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Шалқар Байбеков, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Риза Молдашева және Абай облысы әкімі жанындағы комиссия мүшелері қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Гендерлік тепе-теңдік әлі де болса қоғамда шешімін таппай отырған мәселе екені рас. Конституциямызда әйелдер мен ерлердің тең құқықтары және еркіндіктері басты қағидат ретінде көрсетілген. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылуы еліміздегі гендерлік саясатты жүзеге асырудың маңызды бір қадамы болып саналады.

Мемлекет басшысының жарлығымен қабылданған 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Абай облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын әйелдер кірді. Комиссия гендерлік теңдіктің сақталмауына қатысты азаматтардың өтініштерін және отбасылық мәселелерді қарастырады және өзге де негізгі міндеттердің іске асырылуына атсалысады.

АНА МЕН БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Облыс әкімінің орынбасары Шалқар Заманбекұлының төрағалығымен өткен комиссия отырысында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев отбасылық-гендерлік саясат саласындағы ағымдағы жағдай туралы баяндама жасады.

— Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облысымызда 611 мың 888 адам тұрады. Оның 305 мың 71-і, яғни халық үлесінің 49,8 пайызы — әйел адамдар. Мемлекеттік басқару саласында 3511 адам қызмет жасайды, оның 1627–сі, немесе 54 пайызы — нәзік жандылар.  Қазіргі таңда басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 10 пайызды құрайды. Басым көпшілігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласында қызмет етеді. Өткен жылы 7882 әйел мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған және қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысады, — деді Айдар Серікқазыұлы.

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Риза Асанқызы облыс орталығында қамқорлыққа зәру талай ана мен балаға пана болып, қайырымдылық ұясы атанған Аналар үйінің ғана жұмыс істеуі жеткіліксіз екенін айта отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге қажетті психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету үшін дағдарыс орталығын ашуды ұсынды. Бұл ретте бүгінде өңірде шарасыз күйге түскен қыз-келіншектер мен олардың балаларына көмек көрсетіп, бас сауғалар уақытша мекен ұсынатын 25 орынға шақталған арнайы орталықтың ашылуы жоспарланған. Отырыс барысында бұл мәселе пысықталып, жақын арада шешімін табатыны айтылды.

Комиссия мүшелері ана мен бала өлімінің деңгейі, отбасы институтын нығайту, ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктерінің теңдігі, әйелдердің көшбасшылығын дамыту және басқа да көптеген өзекті мәселелерді талқыға салды.

Отбасының әл-ауқатын жақсарту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара тиімді іс-қимыл жасау, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсету мәселелері комиссия жұмысының басым бағыттары болып қала береді.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

11 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

12 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

12 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

12 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС