"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

 «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ»: БІРЛЕСТІК ФИЛИАЛЫ СЕМЕЙДЕ АШЫЛДЫ

07.02.2023
 «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ»: БІРЛЕСТІК ФИЛИАЛЫ СЕМЕЙДЕ АШЫЛДЫ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлттық тәрбие

Дәстүр – әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасып, тарихи сүзгіден өткен құндылықтар қағидасы. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті ғана емес, бірлікті, татулықты сақтаудың бірден-бір жолы — ұлттық дәстүрді ұлықтап, жас ұрпақтың бойына сіңіру. Осыдан бір жарым жыл бұрын осындай жауапкершілікті мойнына алып, бүгінде игі істерге бастамашы боп жүрген «Дәстүрге жол. Қазақ аналары» республикалық қоғамдық бірлестігі ашылған болатын.

Зарина КӘП

«Семей таңы»

Өткен сенбі күні осы қоғамдық бірлестіктің облыстық филиалы Семей қаласында ашылды. Бірлестік филиалының ашылу салтанатына облысымызда тұратын қыз-келіншектер, әжелер, сонымен қатар бірлестік жетекшісі Айнұр Жүгінісова қатысты.

— Біздің қоғамдық бірлестік бір жарым жыл бұрын құрылды, бүгінде айтарлықтай жетістіктерге жетудеміз. Қазір еліміздің барлық аймақтарында 75-тен астам  филиалдарымыз бар. Міне, енді Алаштың астанасы Семей қаласында ашып отырмыз.  Қолымыздан келгенше ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді жастарға насихаттаудамыз. Еуропаға еліктеп кеткен тәрбиемізді өзіміздің ата жолымызға қайтару мақсатында жұмыс жүргізудеміз. Мақсатымыз — жас ұрпақтың бойына ізгілік, адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ұлттық киімдерді насихаттау. Қазір дизайнерлер де қазақы оюмен әр түрлі киімдер тігуде. Тақиямыз, шапанымыз қайта оралды. Осының бәрі аз ғана болса да біз үшін жетістік,- дейді «Дәстүрге жол. Қазақ аналары» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы, төрайымы Айнұр Жүгінісова.

 «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ»: БІРЛЕСТІК ФИЛИАЛЫ СЕМЕЙДЕ АШЫЛДЫ

Іс-шара барысында қалалық «Асыл әжелер» хоры  өнер көрсетіп, халық әндерінен шашу шашты. Бауыржан Момышұлы атындағы №34 орта мектептің оқушылары Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Қоғамдық бірлестіктің Абай облысы бойынша филиалының төрайымы болып Райхана Ахметова сайланды.

— Бүгінгі жиынға келген әрбір анаға, қыз-келіншектерге айтар алғысым шексіз. «Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» бірлесіп,  келешек ұрпақ тәрбиесіне өзіміздің үлесімізді қосайық. Зере мен Ұлжан тәрбиелеген Абайдай тұлғалардың қалыптасуына аналардың қосар үлесі зор. Ұрпақ алдындағы, ұлт алдындағы жауапкершілікті сезініп, бала тәрбиесіне бейжай қарамайық.  Ісіміз сәтті болсын,- деді филиал төрайымы.

Қаламыздағы ардагер ұстаздардың бірі, шөбере сүйіп отырған салиқалы әже Ғайни Серғазықызы бұл бірлестіктің болашағынан көп үміт күтетінін жеткізді.

— Қасиетті ұлылар еліне Айнұр Жүгінісова бастаған ұжым келіп отыр. Қазіргі күні  ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып алмау аса маңызды. Бұл қоғамдық бірлестіктің құрылуын руханиятымызды, салт-дәстүрімізді сақтау, келер ұрпаққа қалдыру үшін жасалған игі іс деп білемін. Сондықтан да Абай ұрпағын жалғастырушы семейлік аналарымыз, келіндеріміз бен қыздарымыз бірлестік жұмысын абыроймен атқарады деген сенімдемін,- деді.

Шара соңында қонақтарға «Абай мұрасын қолдану жолдары» атты кітап сыйға берілді. Ақ жаулықты әжелеріміз бірлестіктің жұмысына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, жоспарларын талқылады.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

19 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

19 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

22 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

22 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

22 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

22 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

23 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

23 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

23 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС