"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛҒАШҚЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТУДЕ

07.02.2023
АЛҒАШҚЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТУДЕ
36
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Спорт

АЛҒАШҚЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТУДЕ

Ақпан айының 5 күні «Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Qazaq kuresi ассоциациясы, Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан ұйымдастырылған жарыста 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туған жас спортшылар сынға түседі.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Абай облысы тарихында алғаш рет өткізіліп отырған республикалық чемпионатқа қатысуға 530 кіші жасөспірім, 730 жасөспірім ұлдар мен қыздар келді.

Балуандар додасының ашылу салтанатына облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев, Qazaq kuresi ассоциациясының бас директоры Ербол Мырзабосынов, облыстық спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов, ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Естек, «Қазақстан барысы» және «Дала қыраны» титулдарының иегері Мұхит Тұрсынов қатысты. Жарыс қонақтары жастарды спортқа баулу арқылы ғана денсаулығы мықты ұрпақты тәрбиелеп өсіре алатынымызды, ал кілемде белдесіп жатқан жасөспірімдер ертеңгі әлем және Азия чемпиондары болуы мүмкін екенін атап өтті. Шақырылған қонақтар Абай елінде жалауын көтерген чемпионатқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Салтанатты шараның шымылдығын түрген облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев чемпионат спортшылардың мүмкіндігін ашатынын атап өтіп, ірі додаларда балуандардан жақсы нәтиже күтетінін айтты.

  • Бүгін Абай елі үшін тарихи сәт, қазақ күресінен республика чемпионатын өткізу –үлкен мәртебе. Халқымыздың ең көне спорт түрі саналатын қазақ күресі бүгінгі күні елімізде белсенді дамуда. Жыл сайын республикалық деңгейдегі чемпионаттардың өткізіліп келе жатқаны — соның айғағы, — деді Жасұлан Бірлікұлы.

Бүгінде қазақ күресі — барша қазақстандықтарға ортақ құндылық әрі ұлттық бренд болып табылады. Оған қоса ұлттық жаңа болмысты қалыптастыратын, рухты әрі намысты жастарымызды батырлық пен қайсарлыққа, өжеттілікке баулитын тәрбие құралы. Қазақстан біріншілігі Абай облысында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Бұл күш сынасуда барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! Жарыстың жоғары деңгейде өтіп жатыр, облыс әкімдігіне алғысымды білдіремін, — деді Qazaq kuresi ассоциациясының бас директоры Ербол Мырзабосынов.

Бұл күні жас балуандарға қолдау білдіруге келген жанкүйерлер спорт кешенін лық толтырды.

Кіші жасөспірімдер және жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының бірінші жарыс күнінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 60 келі салмақта белдескен жамбылдық Ақниет Сәбітбек, 65 келі салмақ дәрежесінде Батыс Қазақстаннан келген Санжар Бақытжан, 70 келі салмақта түркістандық Әділет Адырбеков, 75 келі салмақта сынға түскен қарағандылық Әділбек Аман қарсыластырынан басым түсіп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, 5-9 ақпан күндері аралығында өтетін чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан 1200-ден астам балуан қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

16 минут бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

30 минут бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

41 минута бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

45 минут бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС