"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2021 — 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында 102 жас жұмыспен қамтылды

07.02.2023
2021 — 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында 102 жас жұмыспен қамтылды
40
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінде Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Абай облысы бойынша филиалымен бірлесіп, жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізді.
Аталған іс-шара барысында облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Мерхат Қабдешов кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын түсіндірді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 312 адам қамтылды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 184 адамды жіберу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта қысқа мерзімді оқуға ниет білдірушілер саны 177 адамды құрайды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды 110 қатысушыға беру жоспарлануда. Мемлекеттік гранттарды алу бойынша 222 адам өтініш білдіріп, мемлекеттік гранттар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етілді.
Тұрақты жұмыс орындарына 58 адам жұмысқа орналастырылды.
Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам жіберілді, жылдық жоспар 271 адамды құрайды.
Жастар тәжірибесіне 28 оқу орнының түлектері жіберілді. Жылдық жоспар 499 жасты жұмысқа орналастыруды көздейді. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 103 адамды жіберу жоспарлануда. Қоғамдық жұмыстарға 53 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар 1052 адамды құрайды.

2021 - 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында 102 жас жұмыспен қамтылды
«Ағымдағы жылы аталған жобаларды өз деңгейінде жүзеге асыру үшін алдағы уақытта барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз», — деді Абай облысы Семей қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Дариға Абайқызы.
«Күміс жас» жобасы бойынша 27 адам жолданды, жылдық жоспар 396 адамды құрайды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 4 азаматты жұмысқа жолдау жоспарлануда.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында 2023 жылға құрамында 140 адам, 70 отбасы оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға квота қарастырылды. Оның ішінде қоныс аударушылар 40 отбасы (80 адам), 30 отбасы (60 адам) қандас бауырларымыз.
2023 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі өңірлік комиссиямен 9 отбасы (16 адам), оның ішінде қоныс аударушылар 3 отбасы (9 адам), 6 отбасы (7 адам) мақұлданды.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Абай облысы бойынша филиалының өкілі Лиана Вартагава қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі ұғымдары, «МӘСҚ» АҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеу, «МӘСҚ» АҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің бес түрі бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру, жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тетіктері туралы хабардар етті. Кездесуге Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы шамамен 441 млрд теңгеге 1,2 млн адам әлеуметтік төлем алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 30% — ға артық.
Еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Төлем медициналық-әлеуметтік сараптама жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін 30% — дан 100% — ға дейін белгілеген кезеңде жүзеге асырылады және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жүргізіледі. 2022 жылы көрсетілген төлемді МӘСҚ-дан 30,5 млрд.теңге сомасына 97,6 мың адам алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13% — ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері — 37 784 теңгені құрайды.
Сатып алу қабілетін қамтамасыз ету үшін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер мөлшері жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемдер мөлшері 8,5% — ға ұлғайтылды.
МӘСҚ-дан жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан тағайындалады. Төлем құқығы халықты жұмыспен қамту орталығы немесе «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тіркеледі (enbek.kz). Төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. 2022 жылы аталған төлемді 19,1 млрд. теңге сомасына 110,6 мың адам алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18% — ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері — 44 833 теңгені құрайды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициенті 40% — дан 45% — ға дейін көтерілді.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. 2022 жылы бұл біржолғы төлемді 251,1 мың теңгені болашақ ана жалпы сомасы 197,9 млрд теңгеге алды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60% — ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 809 226 теңгені құрайды.
МӘСҚ-дан бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлем бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40% -ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады. 2022 жылы бұл төлем 321,8 мың адамға тағайындалды. Жыл ішінде барлығы 171,9 млрд теңге төленді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11% — ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 45 942 теңгені құрайды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығы бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылды.

Мақалада: 2021 - 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында 102 жас жұмыспен қамтылды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

9 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

10 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

10 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

10 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

13 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

13 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

13 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

14 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

15 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС