"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

13.02.2023
ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Семейде «From Semey» атты жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтті. Қаладағы Политехникалық колледжде ұйымдастырылған іс-шараға жергілікті тауар өндірушілердің 30-дан астам кәсіпорындары қатысып, тоқыма, полиграфия, қағаз, жиһаз, пластмасса, металл, құрылыс және басқа да өнімдерін ұсынды.

Көрмені тамашалауға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, жеке кәсіпкерлер, архитекторлар мен қала тұрғындары келді.

Көрме жергілікті тауар өндірушілердің кәсібіне қолдау көрсету, кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету мақсатын көздейді.

— Бұл көрмені өткізудегі негізгі мақсатымыз — жеке кәсіпкерлердің өнімін жарнамалау, тұтынушыларға таныстыру. Мұнда өндірушілер тоқыма, полиграфия, қағаз, жиһаз, пластикалық материалдар, металл, құрылыс материалдары  сынды  басқа да өнімдерін таныстырып, ерекшеліктері туралы баяндайтын болады. Әзірге тек қалалық деңгейде ұйымдастырылуда, алдағы уақытта облыстық, республикалық деңгейде өткізу жоспарда бар,- дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Адайбеков Хамзаев.

Мұнда полимерден жасалған кәріз люктері, кірпіш үлгілері, профильдер мен брусчатка, сонымен қатар қаланың жеңіл өнеркәсіп саласынан киім-кешек бұйымдары да бар.
— Өндіріс саласында 60 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда елімізде кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріліп отыр, өйткені бизнес — экономиканың драйвері. Кәсіпорындарымыз көптеген өнімдер шығарады, біз өз өнімдерімізді қаламызды жаңғырту жұмыстарына пайдалана аламыз. Өз өңірімізде осындай кәсіпкерлердің барына қуаныштымыз. Болашақта бірлесіп жұмыс істейміз деп ойлаймын. Бұл бір реттік акция емес, алдағы уақытта да өтетін болады,– деді қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.

Көрмеде, сыртқы жарнамадан бастап 3D принтерде басып шығару бөлшектеріне дейін, 30-ға жуық тауар өндірушілер өз өнімдерін көрсетті.

Абай облысының орталығында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілетін болады, осыған орай қала әкімі көрмеге ұсынылған құрылыс материалдарына ерекше назар аударды.

– Құрылыс материалдарын өзімізде өндіру біз үшін өте маңызды. Жоғары сапалы, тиімді болғаны дұрыс. Алайда біздің өндірушілерге креатив пен жаңашылдық жетпейтін сияқты. Мысалы, басқа облыстарда тротуар плиталарын өндіруде бізге ұқсамайтын  мүлдем басқа матрицаларды пайдаланатынын байқадық. Мен тауар өндірушілерге ескі дизайннан бас тартып, жаңа идеялар қосуды ұсындым. Олар мұнымен келісті, жаңа матрицаларға тапсырыс беріп, жаңа элементтер жасайтындарын айтты,- деді қала әкімі.

Сандуғаш ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ,

Шәкәрім университеті студенті

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

12 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС