"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сайлаушылар үміткерлердің бағдарламасын мұқият оқып, лайықтысын таңдауы керек – сарапшы

16.02.2023
Сайлаушылар үміткерлердің бағдарламасын мұқият оқып, лайықтысын таңдауы керек – сарапшы
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы кандидаттардың ғана емес, сайлаушылардың да жіті назарында. Бұл туралы саясаттанушы Эдуард Полетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саяси науқан аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді. Біз бір мандатты округтер бойынша және партиялық тізім бойынша депутаттыққа кандидаттар тарапынан жоғары қызығушылықты көріп отырмыз, Мәжілісте де, мәслихатта да үлкен бәсеке болады. Жалпы, сайлауға кандидаттардың өздері ғана емес, сайлаушылар да үлкен назар аударғаны маңызды. Сайлаушылар бірінші кезекте таңдап дауыс беруі керек. Яғни, ресми түрде келіп, азаматтық борышыңызды өтеп қана қоймай, ең лайықты үміткерлерді қарап, соған дауыс беру қажет», — деді сарапшы.

Ол Жаңа Қазақстанның саяси өміріне жаңа адамдар келетінін тілге тиек етті.

«Мәселен, «Аманат» партиясының тізімі 75 пайызға жаңартылды, саяси аренада көптен бері жүрген партияларда жаңа тұлғалар көп. Қазақстан халық партиясы да партиялық тізімін айтарлықтай жаңартты. Жаңа партиялар да бар. Енді ең бастысы, халық тек бет-әлпетіне ғана емес, партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларына, бір мандатты округтердегі кандидаттардың бағдарламасына да назар аударады. Бұл дауыс тек мен білетін немесе естіген адам үшін емес. Олардың не ұсынатынын білу керек. Сондықтан мазмұны өте маңызды. Іске асыруға болатын нақты бағдарламасы бар адамға, құр уәде бермейтін адамға дауыс беру керек», — деді саясаттанушы.

Саясаттанушы жаңа партиялар мен тәуелсіз кандидаттардың сайлауға қатысуы бәсекені арттырады деп есептейді.

«Бәсеке өте күшті. Бізде аралас жүйе болды, бірақ ол соңғы рет 2004 жылғы Мәжіліс сайлауы кезінде жұмыс істеді. Қазір жүйе талапқа бейімделіп жатыр. Парламентке ұсынылған партиялардың қайта оралу мүмкіндігі бірдей деп ойлаймын. Оның үстіне саяси партиялардың сайлаудан өтуінің пайыздық шегі 7-ден 5 пайызға дейін төмендеді. Бірақ саяси бәсеке саясатта жаңа адамдардың пайда болуы үшін ғана емес, жаңа идеялар үшін де қажет. Жаңа идеялар көп болса екен», — деп қосты Эдуард Полетаев.

Бұған дейін Эдуард Полетаев алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы саяси жүйенің демократияланғанын көрсететінін айтқан болатын.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

19 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

19 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

19 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС