"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Бір отбасы түгелдей өлім құшқан»: Қанды оқиғаның сыры ашылды

22.02.2023
«Бір отбасы түгелдей өлім құшқан»: Қанды оқиғаның сыры ашылды
3.3k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

16 ақпанда Алматы гарнизонының әскери сотында Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Сейітқұловтар отбасының сотында куәгерлер тыңдалды. Отбасының өліміне кінәлі деп 2001 жылы туған Талдықорған 18404 әскери бөлімінің қызметкері Данияр Егінбаев айыпталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сотта тек Нұрболат Сейітқұлов пен қызы Нұрай Оразыханға қатысты іс қаралды. 50 жастағы Алтынай Етаеваға оқ атылғаны әлі дәлелденбеген. Оған қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Сотталушыға «Билікті асыра пайдалану» (451-бап, 2-бөлім, 1-тармақ) бойынша айып тағылған. Істі судья Зарина Рахметов жүргізген.

Сотта бірінші болып куәгер оқиға кезінде 18404 әскери бөлімі қызметкері болған Анвар Үмітбеков сөйледі. Әскери саладағы еңбек өтілі – 3 жыл. Ол өзіне подполковник Сеңгербаев ауызша бұйрық беріп, «Егер сендер оларды атпасаңдар, олар сендерді атады» деп айтқанын жеткізді. Олар посттың жанынан өткен көліктерді тексерген. Ол кешкі 21:00 шамасында бір көліктің шыққанын, тоқтау бұйрығына бағынбағанын сосын өздерінің бірінші аспанға ескерту оқ атқанын айтты. Сөзінше, ескерту оғынан кейін де көлік тоқтамаған соң олар доңғалақты көздеп оқ атқан. 250-300 метр жүргеннен кейін көлік өздігімен тоқтаған. Көлікті тексерген СОБР ішінде бір ер адам мен екі әйелдің болғанын айтқан.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Ринат Баймолда әскери қызметкерден өздері оқ атқан көлік қандай да бір қауіп төндірді ме деп сұраған. Үмітбеков ондай қауіптің болмағанын айтады.

Сотта екінші куәгер 18404 әскери бөлімінің 3-дәрежелі сержанты Бақытжан Әбішевтен жауап алынды. Әскери саладағы еңбек өтілі – 18 жыл.

Әбішев алдында сөйлеген әріптесінің сөзін растап, өздеріне Сергеңбаевтың ауызша бұйрық бергенін айтқан. «Ол қалада ұйымдасқан лаңкестердің жүргенін, бірақ нақты қайда жүргені белгісіз екенін айтты» дейді ол. Айтуынша, Сейітқұловтар отбасы отырған көлікке оқ жаудырған соң, көлікке жақындап баруға СОБР қызметкерлері рұқсат бермеген. Олар өздері көлікті тексеріп, бәрінің жан тәсілім еткенін айтқан.

Әбішевтің айтуынша, аспанға ескерту оқ атқаннан кейін араға 3 секунд салып көлікке қарсы оқ атқан.

Әскери қызметкер сонымен қоса сотта командирлерінен неге жауып алынбағанын айтып шағымданды.

Менің бұрынғыдай жұмысқа құлшынысым да қалмады. Себебі мұнда менің командирлерім жоқ. Олар өзі қайда, неге мен олар үшін жауап беруге тиіспін? Неге олар маған қолдау көрсетпейді?, — дейді Әбішев.

Адвокат Ринат Баймолда сотқа өтініш түсірді.

Біз куәгер Әбішев Б.ның сөзін тыңдаған соң, келесі сот отырысына бөлім бастығын, штаб бастығын, бөлім командирінің орынбасарын, бөлімнің саяси жұмыс жөніндегі орынбасарын куә ретінде шақыру туралы бірінші өтінішім бар. Екінші өтінішім, саусақ ізіне қайта экспертиза жасалсын. Сондай-ақ, Д. Егінбаевқа тағылған айыптау бабын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабынан 99-бабына (Адам өлтіру) өзгертуіңізді сұраймыз, өйткені ол бейбіт тұрғындарға қарсы қару қолданған. Сондай-ақ, істі прокуратураға қосымша тергеуге қайтаруды сұраймыз, — дейді Баймолда.

Алайда сот көп уақыт өткенін айтып, екінші саусақ ізін тексеруді қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған. Келесі сот отырысына взвод командирі капитан Руслан Қоңыров, рота командирі майор Дамир Анашев, батальон командирі капитан Ержан Исаков және подполковник Сеңгербаев шақырылды.

Келесі сот отырысы 9 наурыз күні сағат 10:00 белгіленді.

bugin.kz

Мақалада: "Бір отбасы түгелдей өлім құшқан": Қанды оқиғаның сыры ашылды

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

19 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

19 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС