"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бұрынғы күйеуінен жәбір көрген әйел әділдік іздеп жүр

20.02.2023
Бұрынғы күйеуінен жәбір көрген әйел әділдік іздеп жүр

© Sarbasov Ertay

Алматыда бұрынғы күйеуі өртеп жіберген әйел әділдік іздеп жүр, деп хабарлайды sn.kz

Алматыда бұрынғы күйеуі өртеп жіберген Индира Тергеубаева Sputnik Қазақстанға хабарласып, көмек сұрады. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары дер кезінде көмек көрсеткенде мұндай сұмдық болмас еді.
Индира ұлты шешен экс-күйеуімен 2014 жылы техникалық қызмет көрсету станциясында (СТО) танысқан. Есімі – Әли. Отбасы барына қарамастан Әли Индирамен көңіл жарастырып, екеуі бірге тұра бастайды.

«Ол бұрынғы отбасымен ажырасқаннан кейін қояр да қоймай менің пәтеріме көшіп келді. Бір жылдан кейін неке қидырдық. Отбасының ауыртпашылығын өзім көтеремін деп сендірді. Біз қосылғаннан кейін бизнес бастайық деп мені үгіттей бастады. Көліктің бөлшегін арзанға алып, қымбатқа сатамыз деп шештік. Маған 2 млн 550 мың теңге несие алдырды. Кредитті алды да бұл казино ойнай бастады. Несие төленбеді, өсе берді. 2019 жылы мені банк сотқа берді, сол кезден бастап Әли екеуміздің арамызда ұрыс-керіс басталды», — дейді Индира Тергеубаева.

Күйеуі Индирамен ұрсысса, бұрынғы әйеліне кетіп қала беретін болған. Соңғы рет қайтып оралғанында Индира оны қабылдамай, тіпті жолатпай қояды.

«Мені ұрған кезі болды, көлігімді тырнап тастады. Қолымды сындырды. 2020 жылы бір жыл бойы біз соттасумен болдық. Барлық сот менің пайдама шешілді. Әлеуметтік желіде, қызымның мектебінде, туыстарыма, бәріне маза бермеді. Қалалық прокурор Таймерденовке өтініш жаздым. «Мына адамнан мені қорғаңыздаршы, мынау маған маза бермейді» деп өтіндім. Таймерденов бір жыл дегенде менің өтінішімді көші-қон полициясына жіберген. Өйткені Әли – Ресей азаматы. Көші-қон полициясы оны сотқа берді. Бірінші сотта-ақ Әлиді депортациялау туралы шешім шығарды», — дейді жәбірленуші.

Әли жанталасып, жоғарғы сотқа депортация жасамау туралы шағым түсіреді. Бірақ Алматы сотының шешімі өзгеріссіз қалады. Алайда Алматы қалалық көші-қон полициясы Ресей азаматын сол күйі депортацияламаған.

Экс-күйеу 2020 жылы қаңтар айында Индираның үйіне баса-көктеп кіріп келіп, бетіне қару тақаған. Алайда шолақ мылтықтың шүріппесі басылмай қалып, Индира бір ажалдан аман қалады. Қызының қамын ойлаған Индира Әлимен араздықты ұмытып, банктен 3 млн несие алып, дүкен ашады. Ғимаратты айына 130 мың теңгеге жалға алады. Былтыр 21 желтоқсанда сол дүкенге Әли жетіп келіп, Индираны дүкенмен қоса өртеп жібереді.

«Ол дүкенге кіріп келіп, сатып алушыларды итеріп шығарып жіберді. Бауыржан деген ауыл тұрғынының мойнына тапанша тақады да, шық деп бұйрық берді. Мен телефонды, сигнализацияның пультін алуға қорықтым. Сөйлесейікші деп жалына бастадым. Ол маған «сөйлесуге тым кеш, екеуміз бүгін бірге өлеміз» деді. Ол жанар май толы канистрды алды да, аузын ашып, жерге төкті. Бүкіл тоңазытқыштың астына жанармай төгіліп жатыр. Терезелер жабық. Темір канистрдағы жанармайды алып, маған шашты. Мен дүкеннің ішінде қашумен болдым, ол мені есіктен шығармай қойды. Сосын жанармайды өзінің үстіне құйды. Сөйтіп от қойып жіберді. Ары қарай не болғанын білмеймін, тек жанып жатқанымды ғана сездім», — дейді Индира Тергеубаева.

Жарылыстан дүкеннің терезелері мен темір тор көшенің келесі бетіне ұшып кетеді. Бағанадан жанжалды көріп, сырттан бақылап тұрған Бауыржан есімді тұрғын жарылысқа шыдамай ашылып кеткен есікке тұра жүгіреді. Қара түтіннен ішке ене алмай, Индираны іздейді. Индира еміс-еміс есін жиып, жанып жатқан еденді жалаңаш алақанымен еңбектеп өтеді. Бауыржан Индираны алып, қарсы тұрған ауруханаға қарай жүгіреді. Ал қаскүнем экс-жұбайы сол жарылған дүкеннің ішінде жан тапсырған.

Бір таңғаларлығы марқұм өле-өлгенше Индираның атын атамай, «тәттім» деп өткен екен. Тіпті сол дүкенді жаратын күні де «Тәттім, біз о дүниеге бірге кетеміз, бірге боламыз» депті.

Өрт болардан бір күн бұрын Индира Алатау аудандық полиция бөліміндегі Нұржан есімді полицейді шақырып, экс-күйеуінің үстінен шағым жазған. Полицей ертең келемін деп, сол күйі хабарсыз кетті, дейді Индира. Дәл полицей келмеген күні дүкенде жарылыс болған.

«Бірінші кезекте көші-қон полициясы жоғарғы соттың шешімін орындаған жоқ. Ресей азаматын, яғни менің экс-күйеуімді депортацияламады. Екінші кезекті Алатау аудандық полиция бөліміне наразымын. Менің шағымыма құлақ аспады. Бір айда маған бес рет ота жасалды. Екі аяғымның терісін алып, күйген жерлерге салды. Қолым мүлдем қимылдамайды. Қасық ұстап тамақ іше алмаймын. Бір-ақ күннің ішінде мүгедек болдым да қалдым. Осыған кім жауап береді?», — дейді жәбірленуші.

Индираның басында баспанасы да жоқ, жалғыз қызының оқуына миллиондап қаражат керек. Индира Тергеубаеваның шағымына қатысты Алматы қалалық полиция департаментіне Sputnik Қазақстан сауал жолдады. Департаменттің баспасөз қызметі тергеу жүріп жатқанын айтты.

Мақалада: Бұрынғы күйеуінен жәбір көрген әйел әділдік іздеп жүр

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

7 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

7 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

10 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

11 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

11 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС