"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

28.02.2023
ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Кирпичный, Жоламан, Суық бұлақ кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде шаһар басшысы 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап,  алдағы жоспарлармен таныстырды.

Қала әкімінің баяндамасынан соң тұрғындарға сөз кезегі берілді. Тұрғындар көктемгі су тасқынының алдын  алу, қаңғыбас иттерді аулау, қосымша қоғамдық көлік бағыттарын ашу, көше жолдарын жөндеу сынды мәселелерді  көтерді.

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

— Алдағы уақытта қала ішінде жалпы саны 100 көшеде жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде Суық бұлақ кентіндегі  істен шыққан көше шамдары  жөндеуден өткізіліп, Сырлыбаев көшесіне ұзындығы 800 метр, Рехтика көшесіне 900 метр болатын жарықтандырулар орнатылады, істен шыққан шамдар ішінара ауыстырылатын болады.  Қазіргі таңда қала ішіндегі барлық жарық бағаналарына егжей-тегжейлі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Кирпичный кентіндегі көп қабатты үйлердің тұрғындары үйлерін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу туралы өтініштерін айтты.

— Бұдан бұрын өткен кездесуімде де дәл осы мәселе айтылған болатын. Өзім аталған мекенжайға бірнеше рет барғанмын, жағдаймен таныспын. Қазіргі таңда Кирпичныйдағы көп қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін  жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта шешетін боламыз,-деп жауап берді бұл орайда қала әкімі.

Тұрғындар қоқыс шығаратын ұйымның жұмысына шағымданды.

— Бұл  мәселені  басқа да шеткі аудандардың тұрғындарынан естіп жатырмын. Тиісті сала мамандарына тапсырма бердім. Бұдан былай не қоқысты шығармаған мекемеге, немесе ақысын төлемейтін тұрғындарға айыппұл салынатын болады,- деді қала әкімі.

Жиналған халық аталған кенттерде балалардың ойын алаңдары жоқтығын да айтып, алдағы уақытта абаттандыру мәселесі қалай шешілетіндігі жайлы сұрады.

— Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Школьная көшесінің бойында және №21 орта мектептің жанында воркаут тренажер алаңы орнатылады. Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы Кирпичный кентінде футбол алаңы  мен балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Биыл футбол алаңы қолданысқа беріліп, әкімдіктің теңгеріміне қабылданады,- деді Нұрбол Төлегенұлы.

Жиын соңында шаһар басшысы көтерілген мәселелердің барлығы да жауапсыз қалмайтынын, кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілетінін айтты.

Қойылған сұрақтарыңыз өте орынды. Бірақ барлық жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асады. Әкімдік тарапына келіп түскен барлық сұрақтар, ескертулер, ұсыныстар талданады, бірде-бір мәселе қараусыз қалмайды,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, жиын басталмас бұрын қала әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары кент тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, заң аясында кеңес берді.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

15 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС