"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАШИНАҚҰРАСТЫРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

30.09.2014
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

28-ші қыркүйек — машинақұрастырушылар күні. Өткен жұма күні «Семей машина құрастыру зауытында» осыған орай салтанатты жиын өтті. Кездесуге қала басшысы Айбек Кәрімов, өндіріс орнының бас директоры Нұрлан Омаров, «Қазақстан инжиниринг» компаниясының басқарушы директоры Николай  Поспелов пен кәсіп-орынның жұмысшылары қатысты.

Жиын барысында Машина құрастыру зауытының бас директоры Нұрлан Омаров сөз сөйледі. Өндіріс ошағы жұмысшыларын кәсіби мерекелерімен және кәсіпорынның 45 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, ол зауыттың алдағы уақыттағы жұмыс жоспары жайлы айтып өтті.

— Өндірілетін өнімнің түрлерін көбейту көзделіп отыр. Соның ішінде жеңіл және жүк көліктерін жасап шығару ойда бар. Одан бөлек спорт кешенін салуды жоспарлаудамыз. Бұл нысан зауытымыздың жұмысшыларымен қатар, маңайдағы ықшамаудандар тұрғындарының игілігіне қызмет етпек. Сондай-ақ, кәсіпорынымыздың жас мамандарына арналған көпқабатты үй тұрғызу қажеттілігі туындап отыр. Болашақта осы жоспарды жүзеге асырып, жақсы бір ғимаратты сатып алып, машина құрастырушылардың мәдениет үйін ашуды көздеудеміз. Яғни тоқсаныншы жылдары жіберілген олқылықтардың орнын толтырсақ деген ниеттеміз, — деді Нұрлан Срайылұлы. Кәсіпорын басшысының ауқымды жоспарлар жайлы мәлімет берілген сөзі зауыттың мәжіліс залына жиналған жұмысшылар тарапынан қызу қолдау тауып, қошеметке себепші болды.

 

{jcomments on}Содан кейін сөз кезегі қала әкімі Айбек Кәрімовке берілді. Қала басшысы жұмысшылар мен кәсіпорын ұжымын машина құрастырушылар күнімен құттықтап, өндіріс ошағының алдағы жұмысына жеміс тіледі. Сондай-ақ, Айбек Мүталапхан-ұлы зауыт басшылығының болашақта жүзеге асырылуы тиіс жоспарына қатысты пікірін білдірді.

 

— Біз бүгін кәсіпорынның қайта түлеп, екінші тынысының ашылып келе жатқанын сезінудеміз. Бұл тек қағаз жүзіндегі ғана мәліметтер емес. Қаламыздың экономикасын өндіріс саласын өркендету арқылы өрістетсек деп жоспарлап отырмыз, — дей келе, қала басшысы, – Сіздер шын мағынасында батыл жансыздар. Дегенмен өздеріңіз еңбек етіп отырған салада, осы саланың нарығында жеңімпаз атанып, бәсекелестікке қабілетті болу үшін зияткерлік пен білім жағынан озық болуларыңыз керек. Сонда ғана сіздер алдыңғы қатардан көріне аласыздар,- деп сөзін түйіндеді. Сондай-ақ, шаһар басшысы жұмысшыларға облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтауын жеткізіп, өндірісте белсенділігімен танылған машина құрастырушыларды грамоталармен марапаттады.

Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Николай Поспелов те зауыт ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады. Өзінің жылы лебізін жеткізгеннен кейін компания басшысы Болат Смағұловтың құттықтау сөзін оқып беріп, бірқатар жұмысшыларға «Самұрық – қазына» акционерлік қоғамының құрмет грамоталарын табыстады. Жиын соңында зауыт жұмысшыларының назарына кәсіпорынның көркемөнерпаздар ұжымы мен облыстық Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының өнерпаздары әзірлеген мерекелік концерт ұсынылды.

Мирас ҚҰСАЙЫН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

17 минут бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

30 минут бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

41 минута бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

45 минут бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС